Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет247/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   446
194 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
ды т‰сінікті болды деуге әсте болмайды. 
Олар, негізінен, сол салада жұмыс істейтін 
кейбір мамандарға ғана т‰сінікті м‰мкін. Мы-
салы: суперсервер, сопроцессор, корпорация, 
дестребьютор, биржа, телефакс, телетайп, факс, 
дивиденд т.б. Сонымен қатар көптеген шет 
елдерден әкелінетін өнімдердің атаулары сол 
к‰йінде қолданылуда. Бұл сөздердің өзі жар-
нама саласында екі т‰рлі жолмен беріліп ж‰р. 
Кейбіреулері ағылшын әріптерімен, ал кейбі-
реулері кириллица әріптерімен қолданылуда. 
Мысалы: VOLVO – ВОЛЬВО, BMW – БМВ, 
GOLDSTAR – ГОЛД-СТАР, SANYO – САНИО, 
PANASONІC – ПАНАСОНИК, SІNGER – 
ЗИНГЕР, MERSEDES – МЕРСЕДЕС, ORІON – 
ОРИОН,TOYOTA – ТОЙОТА, TOSHІBA -
ТОШИБА. 
II. Енді жарнама саласында қолданыла 
бастаған соны сөз тіркестеріне тоқталайық. 
Алдымен ,,жарнама,, сөзінің өзімен келетін 
тіркестерді әңгіме еткен жөн сияқты. ,,Жар-
нама,, сөзі қазіргідей мән берілмеген кездің 
өзінде де қолданылған. Бірақ ол кезде ,,жар-
нама,, көнерген сөз ретінде т‰сіндірілді де, 
оның орнына ,,хабарландыру,, не ,,реклама,, 
қолданылды.
Б‰гінгі таңда ,,жарнама,, сөзінің өзіне бай-
ланысты көптеген тіркестер пайда болды. Мы-
салы, жарнама агентігі, ,,Киік,, жарнама фир-
масы, жарнама бизнесі, жарнама саласы, жар-
намалық хабар, радиожарнама, тележарнама, 
жарнама ролигі т.б. 
Жарнама саласында қолданылып ж‰рген 
жаңа сөз тіркестерін ‰ш топқа бөлуге болады. 
1. Екі сыңары да қазақтың төл сөздерінен бол-
ған сөз тіркестер. 2. Бір сыңары ғана қазақ 
сөзінен тұратын тіркестер. 3. Екі сыңары да 
өзге тілден енген сөз тіркестері.
Жарнамада екі сыңары да қазақтың төл 
сөздерінен тұратын сөз тіркестері аз емес. 
Соның бір мысалы - қосалқы бөлшектер, бо-
салқы бөлшектер (орысшасы: запчасти). Біз-
діңше, жарнамада бұл екі аударманың екеуін 
жарыстыра қолданғаннан гөрі ,,қосалқы бөл-
шек” деген тіресті әдеби тілге норма ретінде 
қалдырған жөн. Бұрында ,,сауда ‰йі” (тор-
говый дом) деген аракідік қолданылатын. 
Қазір Еңбек сауда ‰йі, Райымбек сауда ‰йі 
деген көбейді және олар жұртшылыққа жақсы 
мәлім. Сондай-ақ “сауда-саттық өкілі” (торго-
вый агент) деген пайда болды. Ол фирмалар 
мән кәсіпорындардың сауда-саттық жұмыста-
рымен айналысатын қызметкері. Соңғы 
кезде ,,сақтандыру қоғамы” (страховое об-
щество) деген атау пайда болды.. Сондай-ақ 
“бірлескен кәсіпорын” (совместное предприя-
тие), яғни бір өнімді шығару ‰шін екі ел кәсіп-
орындарының бірлесуі де соны құбылыс 
2. Жарнама саласында бір сыңары қазақ-
тың төл сөзінен тұратын сөз тіркестері жиі 
кездеседі. Соның бір мысалы: акционерлік 
қоғам (акционерное общество) – кәсіпорын-
дардың, ұйымдардың, жеке адамдарды қар-
жыларын (акция т‰рінде) орталықтандыру 
негізігде құрылған шаруашылық қызметінің 
бір т‰рі. Жарнама агентігі (рекламное агент-
ство) – жарнама жасаумен айналысатын ұйым.
Екі сыңары да бөгде тілден болған, қосым-
шалары ғана қазақша сөз тіркестері: корпо-
рация акционерлері, инвестициялық компа-
ния, брокерлік фирма, акционерлік банкі, 
коммерциялық банкі, акционерлік –коммер-
циялық банкі, холдинг-компаниясы т.б. 
Әрине, алуан т‰рлі жаңалықтардың бар-
лық атаулары сәтті деуге болмайды. Мысалы, 
қазақ тіліне әбден сіңісіп кеткен ,,интерна-
ционализм,, сияқты терминдердің бәріне бір-
дей балама беру дұрыс емес. Өйткені жаңа 
сөздерді қолдан жасау қиын, тіпті кейде 
м‰мкін емес екендігін естен шығармаған жөн. 
Жаңа қолданыстардың барлығы бірдей әдеби 
тіл нормасына айналып отырған жоқ. Көп-
теген сөздер мен сөз тіркестері тәжірибеден 
өтіп, қолданыста сұрыпталуы тиіс.
Жарнама саласында пайда болып отырған 
сан алуан жаңа сөздер мен тіркестерді, жаңа 
мағыналарды туғызып отырған факторлар, ең 
алдымен, жоғарыда айтылғандай, өмірдің өзі 
әкелген жаңалықтар, соларды атау қажеттігі. 
Мұндай жаңалықтар тек жарнама саласында 
ғана емес, өмірдің барлық саласында пайда 
болуда, соның ішінде к‰нделікті өмірде жиі 
көрініс беруде.
Жалпы алғанда, жарнама саласында қол-
данылған тіл - қоғамдық қызметін дамыту 
м‰мкіндігі мол тіл. Жарнаманың жарнамалық 
қадір-қасиеті жарнамаланған затқа (құбылыс-
қа) ғана байланысты емес, жарнаманың тілі 
мен стилінің тартымдылығына да байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет