Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет249/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   446
196 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
екен. 1427 жылы отанына Германияға оралған 
соң, ол тұтқындықта өткізген к‰ндерін си-
паттайтын бір саяхатнама жазған. Бұл еңбегі 
Х‡-Х‡І ғасырларда ‰лкен қызығушылыққа 
ие болып, Германияда бірнеше рет басылып та 
шыққан. Себебі Дж. Шилтбергер өз саяхат-
намасында тек соғыс оқиғаларын сипаттаумен 
шектелмей, болған жерлеріндегі халықтары-
ның әдет-ғұрып, салт-дәст‰рлері туралы да 
мәлімет берген. Сонымен қатар т‰ркі зерт-
теулері тарихында орын алған тұтқындардың 
бірі - Барталамео Георгиевите. Оның 1553 
жылы ‰ш бөлімнен тұратын еңбегі жарық 
көреді. Б. Георгиевитенің берген Т‰ркия мы-
салдары В.Хеффенин және Г.Неметтің еңбек-
терінің зерттеу алаңына да айналады. 1709 
жылы орыстармен Полтава соғысында шай-
қасқан Ф. Старленбергтің (1676-1747) т‰ркі-
танудағы орны ерекше. Сібірге с‰ргінге ай-
далған Ф. Старленберг Сібір халқының тіл-
дерін ‰йреніп, Das Nord-und Ostliche Theil von 
Europa und Asia деген еңбегін жарыққа шы-
ғарды. Бұл еңбек Еуропада ‰лкен қызығушы-
лық танытып, кейін бірқатар басқа тілдерге де 
аударылды [2; 24-27].
Тарихта белгілі, т‰ркітану Батыс ғалым-
дары еңбектері арқылы ж‰йелі бір халге кел-
тірілді, кейін Т‰ркия және басқа Т‰ркі мем-
лекеттерінде де бұл білім саласына қызығу-
шылық арта бастады. Т‰ркі тілі және тарихы 
‰шін ең маңызды қайнар көз болып табы-
латын Орхон жазба ескерткіштерін Батыс 
ғалымдардың тауып оқуы да т‰ркітануға өте 
кеш келгеніміздің дәлелі. Х‡ІІ ғасырдың 
аяғынан бастап Еуропа мемлекеттерінде (әсі-
ресе, Австрия, Франция, Польша және Вен-
грияда) Т‰ркі әлеміне деген қызығушылық 
арта бастайды. Польша патшасы Август Поня-
товскийдің 1766 жылы ұйымдастырған шығыс 
мектебі 1793 жылға дейін өз қызметін ат-
қарды. Осы кезде т‰рк тілі, әдебиті, тарихы 
жөнінде бірқатар еңбектер жазылды. Соның 
ішінде оқыту әдістемелік кітаптары да жарық 
көрді. Бұл кітаптарды христиан дінін наси-
хаттау мақсатында т‰рік тілін ‰йренген мис-
сионерлер жазған болатын. Соның ішінде Дж. 
Холдерменнің «Т‰рк тілі грамматикасы» атты 
еңбегі маңызды орынға ие. ХІХ ғасырда Фран-
циядағы Шығыс тілдері мектебі мен College 
de France т‰рк тілін ‰йретуде ‰лкен рөл ат-
қарды. Е.М. Куатремере (1782-1857) мен Бап-
тисте Де Кортелье (1821-1889) сияқты Фран-
цуз т‰ркітанушылары Османтану алаңынмен 
шектеліп қана қоймай, Франция т‰ркітануы-
ның шекарасын Орта Азия (Шағатай) және 
Шығыс Т‰ркістанға дейін кеңейтті. Әсіресе 
Е.М. Куатремере Батыс Еуропада алғашқы 
болып «Шағатай тіліндегі» еңбектерді зерттей 
бастады. Т‰рк тілінің гармматикасы алаңында 
Амеди Джоберт (1779-1847) Elemens de La 
grammaire turque a’lusage des eleves del’Ecole 
royali et
атты еңбегін жариялады. Сонымен 
қатар Джон Денидің Gramaire de la Langue 
turqueатты еңбегі Т‰рк тілінің фонетикасы 
мен грамматикасын зерттеудегі жаңа дәуірді 
ашты. Ал Луиз Бэзин болса т‰рік тілімен қоса 
т‰ркмен тілін де зерттеген, сонымен қатар 
Көне т‰ркі ескерткішетірінің тілін зерртеумен 
де айналысқан.
Еуропадағы ең алғашқы т‰ркітану курсы 
болса Парижде 1795 жылы ашылған«Ecole des 
Langues Orientalies»те құрылды. Дегенмен 
«Т‰ркітану курсы» болмаса да т‰ркілер ту-
ралы зерттеу жұмыстарын ж‰ргізген бұдан да 
ерте құрылған орталықтар да бар. Осындай 
орталықтардың бірі - 1627 жылы ашылған 
Collegium de Propaganda Fide. Бұдан кейін де 
Париж, Ресей, Италия, Германия және Ұлы-
британияда ұқсас орталықтар мен институттар 
ашылды. Зерттеу жұмыстарын бір жерге жи-
ған алғашқы «Шығыстанушылар» құрылтайы 
болса «Congres International Orientales» аты-
мен 1843 жылы Парижде ұйымдастырылды. 
Т‰ркілерге байланысты зерттеу жұмыста-
рының артуымен және бұл мәселеге қызығу-
шылық танытқандардың санының артуымен 
т‰ркілер туралы зерттеу жұмыстары жандана 
бастады. ХІХ ғасыр Батыста т‰ркітанудың 
шарықтау шегіне жеткен ғасыр болды. Фран-
циялы Антойн Исаак Сихестр ду Саки (1841-
1900), Джозеф де Гинес (1721-1800) және 
Леон Джахун (1841-1900); ұлты неміс орыс 
т‰ркітанушысы Вильгельм Радлов (1837-
1918); Ағылшын Элиас Джон Викинсон Гибб 
(1887-1901), Артур Дэвидс (1811-1832), Да-
ниялық Вильгельм Томсен (1842-1947) және 
Венгриялы Армениус Вамбери (1832-1913) 
бұл уақыттағы ең атақты т‰ркітанушылар 
және т‰ркітану (Turkology) ғылымының құру-
шылары [3; 111-112]. 
Т‰ркітану ғылымының Еуропада білім 
алаңы болып қалыптасуы мен дамуының да 
өзіндік себептері бар. Дегенмен Еуропаны 
жалпы ала отырып ол жердегі т‰ркітануды 
т‰сіндіру де қиынға соғады.Осыларды ескере 
отырып, бірқатар Еуропалық мемлкеттердің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет