Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет248/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   446
С. А. Асанбаева 
Язык и сфера: актуальные проблемы функционирования языка в сфере рекламы 
 
В статье рассматриваются проблемы функционирования государственного языка в сфере рекламы. 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 195 
S. A. Asanbayeva 
Language and the sphere: current problems in the functioning of language in advertisement sphere. 
Article considers the problems of state language functioning in advertisement sphere. 
 
Р. А. Авакова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ф.ғ.д., профессор 
Э. М. Баймухамбетова, 
2-курс магистранты 
ЕУРОПАДАҒЫ Т‡РКІТАНУ ҒЫЛЫМЫ:
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ БАҒЫТТАРЫ 
 
 
Т‰ркітану (Фр. Turkologie, Нем. Turkologie, 
Ағыл. Turkology, Орыс. Тюркология ) – т‰р-
кілерді және т‰ркі тілдерін зерттейтін білім 
тармағына берілген атау. Т‰ркітану тар мағы-
насында т‰ркі тілін және барлық Диалек-
тілерін зерттейтін, ал кең мағынасында т‰р-
кілерді және т‰ркілерге байланысты әр нәр-
сені қамтитын, зерттейтін бір ғылым. Т‰ркі 
тілдері, әдебиеті, тарихы, мәдениеті сияқты 
барлық алаңдар Т‰ркітанудың ішінде. Т‰р-
кітану деп атап ж‰рген білім тармағының 
өткені Еуропада ХІ‡ ғасырларға дейін ба-
рады, дегенмен бұл терминді «Т‰ркілер ту-
ралы білім» деп қарастыратын болсақ, Латын 
және Бизанс жазушыларын т‰ркітанудың 
негізін салушылары дей аламыз.Т‰ркілердің 
жазба тарихының бастамасы болып табы-
латын Орхон жазу ескерткіштеріне дейінгі 
барлық мәліметтер шетелдік еңбектерден 
алынған. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары 
да «Латын-Визанс» еңбектері. Барлық Еуропа 
халықтары т‰ркілер туралы мәліметтерді І‡ 
және ‡І ғасырлар арасында өмір с‰рген 
Прискос, Апоминарис және Джорданес се-
кілді Латын немесе Визанс жазушыларының 
еңбектерінен білді.Одан кейін Константинос 
Порфирогенеостың «De administranto imperio» 
атты еңбегінде т‰ркілер туралы мәлімет 
берілген. Сол сияқты Анна Комнена да Т‰р-
кілер туралы мағлұмат берген екен. Т‰рік-
тердің Анадолыға келіп орналасқан кездерінде
Пиан дел Карпине Папа І‡ Инносентиустың 
елшісі ретінде Азияға саяхат жасаған, 1246
жылы Қарақұмда ұлы Ханмен кездескен.
1275 жылы Венедиктлік саяхатшы Марко 
Поло ұлы Ханның қонағы болған. Бұл саяхат-
шылардың барған жерлеріндегі мемлекеттер
туралы берген мәліметтері Еуропада өте жо-
ғары бағаланды. Олардың еңбектерінде бірқа-
тар т‰ркі сөздер де берілген. ХІ‡ ғасырда 
Еуропада т‰ркі тілінде жарық көрген еңбек -
Кодек Куманикус. Бұл еңбекте құман тіліне 
байланысты мәліметтер берілген. Еңбектің 
басында жыл да көрсетілген [1; 434-436]. Мәс-
кеуде табылған кішкене сөздік Кодекс Ку-
маникустан әлде қайда ерте жазылған. Орыс 
әрептерімен жазылған бірқатар құман сөз-
дерінен құралған бұл сөздікті 1850 жылы
А. Оболенски баспаға шығарды. Кейін В. Банг 
Мәскеу сөздігін Т‰ркітанушы ретінде зерттеген. 
Османлы т‰ріктерімен Еуропалықтар ара-
сындағы соғыстармен бірге Еуропада т‰ркі-
тану зерттеулері де арта т‰сті. Т‰ркілерді зерт-
теуде қызығушылық танытқан соғыс тұтқын-
дары, т‰ркілермен саяси және сауда байла-
ныстарын ж‰ргізу қызметін атқарған және әр 
т‰рлі құрылымдары арқылы Христиан дінін 
насихаттаған миссионерлер де т‰ркілер ту-
ралы мәлімет берген. Осылайша Дж. Шайт-
тбергер, Филипп Джохан вон Страленберг 
және Петро Феррагутоны Еуропадағы т‰ркі-
тану ғылымының көн басшысы деп айта 
аламыз. Соның ішінде соғыс тұтқындарының 
берген мәліметтерінің маңызы зор. Мысалы, І 
д‰ниж‰зілік соғыста тұқтқынға т‰скен орсы 
әскері құрамында болған Игнас Кунош татар 
жырларын зерттеген, ал оның ассистенті Суза 
Какуко оның зерттеу жұмыстарын кейін жа-
риялаған. Осындай тұтқындардың бірі - Дж. 
Шилтбергер (1381-1449). Венгрия патшасы 
Зигмондтың әскерінде т‰рктерге қарсы соғыс-
қан Шилтбергер Ақсақ Темірдің тұтқынына 
т‰скен, Алтын Орда хандығының бір уақыт-
тарда орталығы болған Сарайшықты көрген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет