198 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 3. Орта Азия зерттеулері. ХХ ғасырдың
аяғында жаңа Т‰ркі тәуелсіз мемлекеттерінің
саяси сахнаға шығуы б‰кіл Еуропадағы Т‰ркі-
тануға әсер етіп, жаңа Орта Азия немесе Еу-
разия зерттеулері деп аталатын алаңортаға
шығып, Қыпшақ тобындағы тілдерді оқыту
және/немесе оқыту, Орта Азия антрополо-
гиясы, Орта Азия тарихы сияқты мәселелер
қозғала бастады, Австрия да бұл зерттеулер-
ден шет қалған жоқ.
Осылайша алғашында т‰рік тілін білетін
мамандарды дайындау мақсатымен бастау ал-
ған Австриядағы т‰ркітану кейін әрине тарихи
әсерлердің себебінен Османлы және Т‰ркия
Республикасының тарихын зерттеумен айна-
лысқан. Бұлармен қоса б‰гінгі таңда Т‰рік
тілін (Т‰ркия халқының сөйлейтін тілі) білетін
аудармашылар дайындайтын, Орта Азия зерт-
теу орталықтарын құрған Австрия Еуропада
Т‰ркітану зерттеулерін ж‰ргізіп отырған не-
гізгі орталық болып табылады.
Венгриядағы Т‰ркітану ғылымы.Вен-
гриядағы Т‰ркітану зерттеулер тарихы өз бас-
тауын ертеден алады. Венгр тілінде т‰рікше-
ден енген сөздердің көлемінің айтарлықтай
‰лкен болуы Венгр филологтары арасында
т‰ркі диалекттерін зерттеу қажеттілігін туды-
рады. Венгр халқының Осман Императорлы-
ғының қол астында болуы Венгр т‰ркітану-
шылары арасында т‰ркілерді зерттеу, олардың
тілін зерттеу жұмыстарын арттырды. Әсіресе
Венгрия Т‰ркітануы ‰шін ‰лкен еңбек сіңір-
ген және Венгриядағы т‰ркітанудың құру-
шылары болып табылатын А. Вамбери, Г. Не-
мет, Г. Балинт, Л. Рашоный, Л. Лигети, Л.Фе-
кете секілді ғалымдарды атап өтпеу м‰мкін емес.
Жоғарыда көрсетілгендей, Венгрлердің та-
рихы т‰ркі тайпаларымен және олардың құр-
ған хандықтарымен, империяларымен тығыз
байланыста болғандығы, әрине, өте маңызды.
Бұл қатынастар Венгриядағы т‰ркітанудың
пайда болуы мен дамуына тікелей әсер етті.
Венгриядағы Т‰ркітану зерттеулерін негізгі
‰ш бағытқа бөліп қарастыруға болады:
1. Еуразия далаларында, әсіресе батысын-
да өмір с‰рген Орта ғасыр Т‰ркі халықта- рының тарихын зерттеу; 2. ХІ‡-Х‡ІІ ғғ. Осман Императорлығы- ның тарихын зерттеу. Бұл кезеңдегі Осман
Императорлығының тарихы Венгрия халқы-
ның да тарихының бір бөлігі болуы Венгр
зерттеушілерінің Осман тарихын зерттеуінің
себебін т‰сіндіреді.
3. Т‰ркі-Венгр қатынастары Венгр тілінде
де өз ізін қалдыруы Венгриядағы Т‰ркітану-
дың тіл тарихын зерттеумен басталу себебін
т‰сіндіреді. Бұл зерттеу алаңы басталған
кезінде қаншалықты маңызды болса, б‰гінгі
таңда да Венгриядағы Т‰ркітану зерттеу
алаңдарының негізгі бағыты болып табылады.
Б‰гінгі таңда Венгрияда т‰ркітану зерттеу-
лерін ж‰ргізетін екі бөлім бар. Олар: Буда-
пешт Университетіндегі т‰ркітану бөлімі
және Сегед Университетіндегі алтайтану бө-
лімі. Сонымен қатар б‰гінгі таңдағы Венгрия-
да т‰ркітану алаңында зерттеу жұмыстарын
ж‰ргізіп жатқан және қазіргі т‰ркітану бөлім-
дерінің негізін құрап отырған проф.Dr. Арпад
Берта, проф. Dr. Мариа Иваныч, проф. Dr.
Саму Садески Кардос «Ескі т‰ркіше және
ұйғыр жазба ескерткіштері», «Ескі т‰ркі ха-
лықтарына байланысты Визанс және Латын
еңбектерінің зерттелуі» сияқты тақырыптарда
зерттеу жұмыстарын ж‰ргізетін ғалымдар [5;
46-48].