Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет253/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   446
200 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
заманда Германиядағы Т‰ркітану Институт-
тары өз жұмысын жалғастыруда. 
Франциядағы Т‰ркітану ғылымы. ХІХ 
ғасырда Франциядағы Шығыс тілдері мектебі 
т‰рік тілін ‰йретуде маңызды рөл атқарды. 
Франция т‰ркітанушылары Османтану ала-
ңында зерттеулер ж‰ргізіп қана қоймай, Орта 
Азия (Шағатай) және Шығыс Т‰ркістанда жа-
зылған еңбектерді де зерттеп, Франциядағы 
Т‰ркітанудың зерттеу кеіңістігін кеңейтті. 
Франция т‰ркітанушылары Батыс Еуропада 
алғашқы болып шағатай тілінде жазылған ең-
бектерді зерттей бастады. Шағатай тіліндегі 
еңбектің алғашқы сөздігін Француз ғалым-
дары басып шығарды, олардың қатарына
Т. Зенкердің жариялаған сөздігін айтуға бо-
лады. Сонымен қатар т‰ркі сөздіктері сала-
сында Киеффер және Бианчинің сөздігінің 
орны ерекше. Амеди Джоберттің (1774-1847) 
т‰рік тілінің грамматикасын зерттегенін атап 
өту қажет. Дж. Дени болса т‰рік тілінің фоне-
тикасы мен грамматикасына арналған бірқа-
тар еңбек жариялады. Әрине, бұл еңбектер 
Франциядағы Т‰ркітанудың қажеттіліктері 
мен мақсаттарын анықтайды. Осылайша Фран-
циядағы т‰ркітанудың негізгі бағыты анықта-
лып отыр. Тіл зерттеулері, соның ішінде сөз-
діктер, грамматика және фонетика мәселеле-
ріне тоқталған [2; 35-37]. 
Б‰гінгі таңда Францияда Т‰ркітану бөлім-
дері ‰ш қалада: Париж, Страсбург және Аукс 
ен Провенсте дамыған. Бұл Университеттерде
Т‰ркітану зерттеу институттары да құрылған. 
Т‰ркітану мәселелерін зерттейтін Франция 
ғалымдары Т‰ркітану зерттеулерін жетілдіру
‰шін Fr. Association ұйымын құрған. Бұл ас-
социация көптеген жылдар бойы Turcica жур-
налын шығарып келеді [8; 115-119].
Осы берілген қысқаша мәліметтерден 
қорыта келе, Еуропадағы Т‰ркітанудың негізгі 
‰ш бағыты анықталды:
1. Практикалық Т‰ркітану (Германия, Фран-
ция, Ұлыбритания, Голландия сияқты мемле-
кеттерде т‰рік тілін білетін аудармашыларға 
қажеттілігінен пайда болған т‰ркітану); 
2. Субъективті Т‰ркітану (Ресей, Иран 
және Қытай мемлекеттерінің ішіндегі Т‰ркі 
халықтарының санымен т‰сіндірілетін бағыт); 
3. «Романтикалық Т‰ркітану» (Венгр және 
Фин халықтарының өз тарихын, өткенін, ті-
ліндегі т‰ркі сөздерінің бар болу себебін зерт-
теу мақсатында қалыптасқан бағыт).
Еуропада Т‰ркітану қандай мақсатта бас-
талса да, қандай себеппен қалыптасса да б‰-
гінгі таңда өз жалғасын тауып келе жатырған 
‰лкен ғылыми сала. Б‰гінгі таңда Еуропадағы 
т‰ркітанудың зерттеу алаңының шекарасы 
кеңейе т‰суде. Әрине, бір мақалада Еуропа-
дағы т‰ркітануды қамту, тақырыпқа байла-
нысты жарияланған еңбектердің тізімін беру 
м‰мкін емес. Дегенмен, кейбір Еуропа мемле-
кеттеріндегі т‰ркітанудың негізгі бағыттары 
мен т‰ркітанушылар есімдері және олардың 
еңбектері қысқаша қамтылды.
____________ 
1. Tьrk Ansiklopedisi. – Ankara: Milli Eğitim Basımevi, 
1983. – S. 434-436 
2. Eren H. Tьrklьk Bilimi Sцzlьğь I. Yabancı Tьrkologlar. 
– Ankara: TDK, 1998 
3. Sadoğlu H. Tьrkiye’de Ulusзuluk ve Dil Politikaları. – 
İstanbul, 2003. – S. 111-112 
4. Palezcek G.R.(аударған Bulut L.) Avusturya’daki 
Tьrkoloji Зalışmaları// Yeni Tьrkiye. – 2002. - №43. – S. 52-56 
5. Zimonyi I. Macaristan’daki Tьrkoloji Зalışmaları// Yeni 
Tьrkiye. – 2002. - №43. – S. 46-48 
6. Цzdemir N. Almanya ve Berlin’deki Tьrkoloji Araştır-
mları Tarihi ve Freie Universitat Berlin-Tьrkoloji Enstitьsь// 
Milli Folklor. – 2005. - №68. – S. 33-34 
7. Pander K. Almanya’da Avrasya Зalışmaları// Yeni 
Tьrkiye. – 2002. - №43. – S. 39-40 
8. Nurlu M. Fransa’da Tьrkзe Цğretimi. –Ankara, 2011. – 
S. 115-119 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет