Алматы №1 (135) 2012


Р.А. Авакова, Ж.М. Зинадил



Pdf көрінісі
бет258/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   446
 
Р.А. Авакова, Ж.М. Зинадил 
Кашкари «Диуани лугат ат-турк» в исследованиях тюркологов Китая 
В данной статье рассматривается энциклопедический словарь Махмуда Кашкари «Дивани лугат-ат турк». 
Анализируются работы Китайских исследователей, посвященной к этой проблеме. 
R.A. Avakova, J.M. Zinadil 
Kashkari "Diuani lugat at-Turk" in Chinese studies turkologists. 
Given article considers the encyclopedic dictionary of Mahmud Kashkari «Divani lugat at-turk». Analyzed the 
works of Chinese researchers devoted to this problem.
 
 
Р. А. Авакова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ф.ғ.д., профессор 
А. А. Сайлауова, 
2-курс магистранты 
Т‡РКІ МИФОЛОГЕМАЛАРЫ:
ХАЛЫҚ САНАСЫНЫҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ ТЕТІГІ 
Мифологемалар – ерте кездегі халықтың 
әдет-ғұрпына, салт-санасына, көне дәуірдің
наным-сенімдерінде пайда болған, тілді жа-
саушы халықтың белгілі дәуірдегі ой-са-
насының, жан-д‰ниесінің көрінісі болып та- 
былатын эмоционалдық және экспрессивтік
мәнге ие тілдік қордың құрамдас бөлігі. «Ха-
лықтың д‰ниетанымын, көңіл-к‰йін, алғысы 
мен қарғысын, көз жасы мен қорқынышын, 
қуанышы мен ренішін, тілегі мен батасын 


204 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
бойына сіңірген, өзіндік ұзақ тарихы бар, қа-
зіргі заманға дейін тілде сақталған тұрақты 
тіркестер әдеби тілдің актив қолданысындағы 
тарихи материалы болып табылады» [ 1; 98]. 
Ежелгі дәуір адамдары әр заттың, нәрсенің 
не жақсы, не жаман иесі бар деп т‰сінген. 
Сондықтан жақсы жақтағыларды құдай, пе-
ріште, пайғамбар, әулие деп атап, жаман жақ-
тағыларды шайтан, албасты, пері (мұның да 
екі т‰рі бар) деп сенген. Алғашқы қоғамдағы 
адам бұларды нақты өмір с‰ретін нәрселер 
деп білген [2; 94]. 
Адам табиғатының дамуы айналадағы қор-
шаған ортаға байланысты екені бесенеден 
белгілі. Оның д‰ниетанымы – болып жатқан 
жағдайларға көзқарасы білімінің қайнар көзі 
болып табылады. Осы орайда т‰ркі халық-
тарының, оның ішінде тілі мен ділі бір қазақ 
және т‰рік тілдеріндегі мифологемалар. Жал-
пы мифологема дегенде, әңгіме миф жөнінде 
болатыны бәрімізге мәлім, сондықтан да ең 
алдымен миф деген сөздің мағынасына кеңі-
нен тоқталып өтейік. 
«Миф» - ол ескі заманнан бері Көне Гре-
циядан бастау алған ұғым, яғни құдайлардың, 
д‰ниенің, тіршіліктің, адамзаттың қалай пайда 
болғанын бейнелейтін аңыздар. Бірақ ол ХІХ 
ғасырдағы ғылым ойлағандай өтірік емес, 
ертегі де емес (қарабайырланып кетіп ертегіге 
айналуы м‰мкін). Ол белгілі бір ұлттың, нә-
сілдің қоршаған д‰ние туралы, өзі туралы, 
өзінің тарихи жолы туралы астарлап айтқан 
шындығы. Мифология ғылымымен айналы-
сып, оның ішінде қазақ мифологиясын зертте- 
ген, көптеген еңбектер қалдырған С. Қонды-
бай мырза былай деп жазады: «Мифология, 
миф – ойдан шығарылған қиял емес, ол – өт-
кен заманның адамының шындығын бойына 
сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол – өткенді 
саналы т‰рде бұрмалаудың, жалғандықтын ес-
керткіші емес, бірнеше мәрте б‰ктетіліп, ора-
лып, ақиқаты мен қатесі қатар өрілген, еріксіз 
шатасудың тозаңының арасында байқалмай 
қалған ақиқаттың өрім қамшысы» [3; 9]. 
Жалпы алғанда, ХХ-ХХІ ғасырдағы гума-
нитарлық ғылымда мифке көзқарас қатты өз-
герді, ұлттың санасын, т‰псанасын да миф 
арқылы зерттеуге болатыны анықталды. Ұлы 
философ, Фридрих Ницше мифті кез келген 
дені сау мәдениеттің көкжиегін қоршап тұра-
тын, сол мәдениетті, сол халықтын санасын 
қорғап тұратын шекара деп білген. Бізге сол 
шекара, әсіресе кәзіргі жаһандану дәуірінде 
қандай керек екені сөзсіз т‰сінікті. 
Ал т‰ркі халықтарында, оның ішінде қазақ 
және т‰рік халықтарында, мәселен, көне грек-
термен салыстыратын болсақ, бірқатар космо-
гониялық, астрономиялық және этиологиялық 
мифтерден басқа д‰ние жоқ сиякты еді. Өйт-
кені біздің мифтер дер кезінде (мыңдаған жыл 
бұрын) қағазға т‰сірілмеген, әбден қара-
байырланып, фольклор денгейіне т‰сіп кет-
кен. Оған қоса, көшпенділердің көптеген миф-
тері мәтін т‰рінде емес, жеке сөз, музыка, ою-
өрнек, киелі архитектурада астарлап берілген, 
дәлірек айтқанда, бізге сол т‰рінде ғана жет-
кен. Сөйте тұра, сол аз мұрамызды зерттеу 
мәселесі отарлық империя тарихынан қолдан 
тежелген.
Алғашқы Адамның д‰ниеде жаралуының 
өзі таңғажайып құбылыс, т‰псіз терең ойлар-
дан өрбіген мифтердің қайнары. «Адамның 
жаралуы» деген мәселе жайлы аңыз – д‰ниеде 
ең алғаш пайда болған бастапқы аңыздардың 
бірі. Барлық халықтардың арасында олардың 
өздері тудырған және соған ойлары ж‰гінген 
хикаялары бар. Бұл аңыздардың бәрі құдірет 
иесі Тәңір адамды топырақтан жаратқан деген 
ұғымды берік ұстанады. Сонау ерте заманнан 
бері барлық ұлттар арасында тарап, жалпы-
лама болса да қалыптасқан. Бұл жайлар көне 
жазбаларда да бар. Қытайдың ерте замандағы 
«Ғұрып-әдет естеліктері» деген көне жазба-
сында осы жайлы былай жазылған: «Д‰ние 
жаралған шақта адам баласы әлі жаратыл-
маған еді. Кова (жаратушы) адамның тұрқын 
сары топырақтан жасаған. Ол жалғыз өзі 
ештеңе тындыра алмайтын болған соң, лайға 
шылаулы тұрған арқанды балшыққа тастай 
салады. Содан соң құдіреттің к‰шімен сол 
арқанға жан бітеді де, адамға айналады». 
Еврейлердің құдайы Яхуйей де, Мысыр аңы-
зындағы Бөрі басты құдай да әуелі бал-
шықтан адамның тұрқын жасап алғаннан 
кейін оған жан бітеді. Жалпы адам баласының 
қалай пайда болғаны жайлы ойлар осылайша 
өрби келе, ақыры әрт‰рлі сенімдердің ақауына 
айналған. Философиялық т‰йсіктердің негізін 
қалаған сол сенімдердің бәрі де адамның 
топырақтан жасалғанына барып тіреледі. Өйт-
кені сол замандағы наным бойынша топырақ-
тың өзі де аса қасиетті, құдіретті Тәңір са-
налған.
Ежелгі т‰ріктердің бір аңызында айты-
луынша, алғаш әлемді қара т‰нек жауып, бұ-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет