Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет266/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   446
212 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
кәсіби іскерлігі мен дағдысын дамытуға итер-
мелейді. Кәсіби іскерлікті қалыптастыру де-
геніміз болашақ маманның іс-әрекетінде кез-
десетін мәселелерді дұрыс шешудің негізі 
болып табылады. Студенттердің кәсіби білім-
дері мен дағдыларын қалыптастыру арқылы 
болашақ еңбек іс-әрекеттерінде шебер қол-
дана білу қабілетін шыңдау болып табылады. 
Кәсіби бағдар бере отырып, оқыту қазақ 
тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен да-
мытудың ең басты факторы. Кәсіби тілде 
оқыту болашақ маманды қалыптастыру ‰шін 
қолайлы жағдай туғызу, тіл ‰йренушілерді ма-
мандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына 
қатысты лексикалық минимумды меңгерту. 
Кәсіби бағытты ескере отырып оқыту-
студенттердің таңдаған мамандықтарына қа-
жетті білімді толық игерген, кәсіби м‰мкіндігі 
мол маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. 
Қазақша кәсіби тілді оқытуда оқыту 
тәжірибелері көрсетіп отырғандай ауызша 
және жазбаша т‰рде ж‰зеге асырылады. Бұл 
екі бағыт тығыз байланыста болса да, тілді 
‰йретудің бастапқы кезеңінде ауызша тілдік 
қатынасқа т‰су жетекші рөл атқарады. Белгілі 
бір мамандыққа бейімдей берілетін лексика-
лық тақырыптың оқытылуына негізделе оты-
рып, сөздік қорды дамыту арқылы жаңа сөз-
дерді ‰йрету, жаңа сөздерді жасайтын форма-
ларды меңгерту, сөз бен сөздің байланысын, 
тіркесін ‰йрету, сөйлем құрастыру сияқты 
мақсаттарға арналады. Әр мамандық саласына 
қарай бейімделе берілетін лексика -грамма-
тикалық тақырып барысында сөзді мағына-
сына қарай дұрыс қолдана білуге негізделеді. 
Сонымен қатар әр топтағы студенттердің 
тақырыпты т‰сіну деңгейі және болашақ 
мамандығы ескерілуі тиіс. Тіл ‰йренушінің 
к‰нделікті сөздік қорын жетілдірумен қатар 
кәсіби бағдарды, негізге алу мақсатын на-
зардан тыс қалдырмау керек. Кәсіби тілге ба-
ғытталған жұмыстар әр сабақ сайын ж‰йелі 
т‰рде ж‰ргізілуі тиіс. Оқытушы мен студент 
арасындағы мамандыққа бағытталған тапсыр-
малар мен жаттығу жұмыстары сөйлеу әрекет-
тері арқылы тілдік қатынас орнатады.
Кәсіби тілді дамытуға берілетін тапсыр-
маларды сөйлесім әрекеттері арқылы мең-
герту студенттердің ауызша тілдік қатынас 
орнатуға, сауатты жаза білуге дағдыланды-
рады. Ол мамандығына қатысты мәтіндерден 
болашақ қызметіне қажетті мәліметтер алып, 
жаңа термин сөздерді меңгереді. Мамандыққа 
қатысты мәтіндер белгілі бір тақырыпқа 
құрылып, қысқа хабар ретінде пәрменді 
лексикасына сай, тілдік құрылымы бай болып 
келеді. Мәтін мамандықтың әр қырын аша-
тын, ресми тілді жеткілікті т‰рде меңгеру дә-
режесіне жеткізетіндей мақсатта іріктеліп 
алынады.
Кәсіби бағытта берілген мәтіндер міндетті 
т‰рде тапсырмалар арқылы бекітіледі. Ол тап-
сырмалар мәтіннің мазмұнын ашуға, мәтіндгі 
ақпаратты шығармашылық ізденістер мен 
толықтыруға, мәтіндегі деректерді адамдар-
мен тілдескенде қолдана білуге арналған 
болуы тиіс.
Студенттің мамандыққа қатысты берілген 
мәтіндерді т‰сіну деңгейі әр т‰рлі болады. 
Оның мәтін мазмұнын толық т‰сінуі, ең басты 
ойды т‰сінуі, бөлшектеп т‰сінуі, яғни өз 
мамандығына байланысты ақпаратты қажетіне 
қарай нақтылап т‰сінуді меңгерген дұрыс.
Лексикалық сөздік қоры бай студент өз 
мамандығының сөз мәдениетін меңгеруге, өз 
кәсібін қадірлей білуге, оған жауапкершілік-
пен қарауға, орынды, әсерлі сөйлеуге ұмты-
лады. 
Мамандыққа қатысты берілген мәтіннің 
өзіннен бірнеше коммуникативті жаттығулар 
жасау арқылы сөйлесім әрекетінің бірнеше 
т‰рін қолдануға болады. Мәтін бойынша бір-
неше жаттығу т‰рлеріне тоқтала кетейік: 
- мәтінді дауыстап оқу; 
- мәтінен тірек сөздерді жазып алу;
- тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрас-
тыру;
- мәтін бойынша пікір алысу;
- мәтіндегі айтылған ойға қарсы пікір 
айту немесе айтылған пікірді қолдау;
- мәтін бойынша алған жаңа мәліметіңізге 
таңданыс білдіру;
- берілген мәліметке толықтыру енгізу 
және т.б. 
Мұндай жаттығулар тіл ‰йренушінің сөй-
леуін дамытады, тілді к‰нделікті өмірде пай-
далана білуіне жәрдем жасайды.
Кәсіби тілді мамандыққа сәйкес қатынас 
құралы ретінде ‰йретуде берілетін тапсыр-
маның қарапайымнан к‰рделіге, жеңілден 
ауырға қарай сатылай өсуі арқылы ж‰ргізі-
летін жұмыстардың ж‰йелілігі мен жалғас-
тығы, алған білімдерін тәжірибеде пайдалана 
алу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынуы 
керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет