Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет260/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   446
206 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
де болғанын анықтап берді. Ғұндар, табғаш-
тар, көкт‰ріктер киелі деп санаған орындарда, 
‰ңгірлерде, қалаңқайларда, өзен-көл жағасын- 
да ата-бабалар рухына арнап құрбан шалған. 
Олар ата-бабалардан қалған т‰рлі киімдерді 
қару-жарақтарды киелі санап, оларды ұрпақ-
тан-ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап, 
жасырып, бірінен біріне жеткізіп отырған. Сол 
сияқты бабалар зираты аса қастарленіп сақ-
талған, к‰тілген. Зиратты б‰лдіру ‰лкен қыл-
мыс саналған. Аттиланың бірінші Балқан жо-
рығының негізгі себебі Маргос эпископының 
ғұн зираттарын бітіріп, ескі қабірлерді бұзып, 
тонауына жауап ретінде басталған. Дәл 
осындай оқиға б.ж.б. 79 ж болды, т‰ркілер 
бабалары қорымын талқандағаны ‰шін мон-
ғолдарға соғыс ашқан. 
Көне т‰ркілердің негізгі діні – Көк Тәңір-
лер саналады. Бұл басқа діндер ықпалына 
т‰спеген ең арғы дәуірлердегі саф таза сенім 
болатын. Көк Тәңірі д‰ниені тұтас басқарып 
отырған бірден-бір ұлы қуат, алып к‰ш 
есептелген. Т‰ркілер оның тұрағы аспанда деп 
санап, Көк Тәңірі деп атаған. Бұл сенім аңшы-
лықпен айналысатын, ‰немі қозғалыста ж‰ре-
тін бағыт-бағдарды к‰н, ай, жұлдыздар арқылы 
белгілейтін көшпелі елдерде ғана туғандығы 
дәлелденген. Осы ата салт, ата дәст‰р көне 
т‰ркілердің тұрмыс-тіршілігінен, қоршаған 
ортамен байланысынан барып тұрған.
Көк Тәңірі сенімінің негіздері туралы де-
ректерді Қытай жазбаларынан, Орхон ес-
керткіштерінен, өзге де шетелдік ғалымдар 
еңбектерінен табуға болады. Б.ж.б. 176ж Қы-
тай императорына жазған хатында ғұн қағаны 
Мөде өз жеңістерінің тікелей жебеушісі әрі 
қолдаушысы Көк Тәңірі деп көрсетеді. Және 
өзін таққа отырғызған да Көк тәңірі санайды. 
Сақталып қалған тас ескерткіш жазба-
ларында Көк Тәңірі т‰ркілердің бірден-бір 
өзіндік құдайы екендігін анық ашып айтқан. 
Т‰ркі халықтарының ұлы қағандықтар құрып, 
ұлан-асыр аймақтарды игеріп, зор мәдениет 
жасауына ықпал жасаған шешуші к‰штердің 
бірі – осы сенім-наным Көк Тәңірлік діні 
болғандығын әрт‰рлі елдердің зерттеушілері 
мақұлдап жазған болатын.
Көне т‰ркілер арасына кейін кірген ша-
мандық сарындар Көк Тәңіріне деген сенімнің 
негізгі қағидаларын, салттарын жоя алмаған. 
Көк Тәңірі сенімінде космогониялық, абстрак-
тылық ойлаудың ғажайып ‰лгілері бар. Мұны 
Орхон ескерткіштерінен аңғаруға болады. 
Әлемнің төрт тарабын анықтау, к‰н, ай, жұл-
дыздар қозғалысындағы заңдылықты білу, 
жыл маусымдарының ауысуын қадағалау, 
көне т‰ркілерге осының бәрін біреу билеп, 
басқарып отыр деген жалғыз құдай – Көк Тә-
ңірі 
идеясына алып келген. Яғни нақты бір 
пұтқа табынбай, әлемдік мәні бар жалғыз 
тәңірді мойындаған. Оның әйелі, баласы деген 
ұғымдар жоқ. Тәңірдің т‰рі, кескіні жоқ. Сон-
дықтан т‰ркілер тәңірге арнап ғибадатхана, 
пұтханалар салмаған. Т‰ркілердің барлық ру-
хани к‰ш иесі Көк Тәңірі деген пікірлерді
А. Габайн, Р. Гирауд, М. Ергин, А. Инан,
К. Ширатори секілді ғалымдар жазған.
Көк тәңірлерінің арасында аса мейірімді 
әйел тәңірлері де бар. Әйел тәңірлерінің асқан 
құдіреттісі – Ұмай ана. Алтай т‰ріктерінің 
аңыздары айтуынша, адам баласын Ата тәңір 
Ерғұн мен Ана тәңір Ұмай жаратқан. Б‰кіл 
адамзат солардың ұрпағы саналады. Әсіресе, 
ұрпақ өсіруде Ұмай ананың қызметі де, құді-
реті де зор. Махмұд Қашғаридің «Т‰рік тіл-
дері сөздігінде» осы нанымды растайтын сөз. 
Көкке табынған т‰рік әйелдерінің «Ұмайға 
сиынсаң – ұл табасың» дейтін мәтелі бар. Сон-
дықтан көне т‰ріктердің нанымында – Көк 
ж‰зі (Аспан) де қасиетті кие. Шаман дініне 
тән нанымдарға назар аударсаңыз, адам бала-
сының к‰ш-қуаты, қауқары, ой болжамы жет-
пейтін құбылыстардың бәрі тәңірдің киесі 
саналады. Содан барып әр құбылыстың өзі тә-
ңірге айналған. 
Т‰ріктердің аңыздары да «Құдай яғни 
Тәңір адамды сағыз балшықтан жасаған» де-
ген нанымға негізделеді. Балшықты езіп, илеу 
‰шін қолданған судың қасиеті ерекше дә-
ріптеледі. Бір бұлақтың көзін ашудың өзі – 
шексіз бақыттқа жеткізетін сауап. Сондықтан 
қазақ ырымында судың тазалығы дәріптеледі. 
Балаларды суға сарып, былғама деп тәрбие-
лейді. Суды ластауды да к‰нә санайды.
Алтай т‰ріктерінің аңыздарындағы құді-
ретті тәңірдердің бірі – Жер тәңірі. Сондық-
тан т‰ріктер: Жер – Отан, жарылқаушы мекен, 
адам баласының қорғанышы деп қастерлеп 
табынған. Қазақ баласы ‰шін де Жердің қадір-
қасиеті өте жоғары. Ата жұрт, ата қоныс деп 
атадан қалған мұра ретінде қастерлейді. Бұл – 
қазақ қанына сіңген ізгі сенім. Соған орай 
жерді аялайды. Жерді албаты қазып б‰лдірген 
әрекет – к‰нә, өйткені Жердің еркінен тыс-
қары істелген іс оның жанын жаралайды. Бұл 
тәңірді к‰йіндіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет