Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет264/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   446
210 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Осындай рейдтердің біріне қатысу арқылы 
құқық қорғау тақырыбында өте маңызды 
репортаж әзірлеуге болады. Бір ай барысында 
қанша жол-көлік фактісі орын алды, оның 
кесірінен кімдердің құқығы аяқасты етілді, 
оқиғаның болуына себеп болған айыптының
қандай жауапкершілікке тартылғанын өзек 
етіп, бірнеше сандық мәліметтерге с‰йене 
отырып, көрерменге ой салатындай сюжет 
жазу ‰шін барынша көп мәліметпен қамту 
керек. Осы ретте сақтық шараларына да назар 
аудару артықтық етпейді. Ол журналистің өз 
қызметін атқаруға кепілдік болмақ. Бұл ретте 
соңғы жылдары құқық саласында қалам тер-
беп ж‰рген заңгер-журналист Кәмшат Тас-
болаттың «Мәтінді жазғанда қандай сақтық 
шаралары керек?» деген ақыл-кеңесін атап 
өту артық болмас. 
Қорлау, жала жабу, ар-намыс, қадір-қасиет 
пен іскерлік беделге нұқсан келтірді дегендей 
айыптардан сақтану ‰шін журналист жазған 
мәтіннің әрбір сөзіне жіті назар аударуы 
керек. Себебі лингвистикалық сараптама ба-
рысында әрбір сөздің астарлы мағынасы ашы-
лары анық. «Мәтіннің торына т‰сіп қалмас 
‰шін не істеу керек? Журналист төмендегідей 
нұсқауларды естен шығармауы тиіс: 
 
Мәтін жазғанда «қауіпті» деп санала-
тын сөйлемдерде нақты тұжырым жасауға 
болмайды. Нақты тұжырымның орнына 
«сияқты», «көрінеді», т.б. сөздерді пайдалан-
ған жөн.
 
Эмоцияға беріліп мәтін жазуға болмайды; 
 
Егерде жазған мәтініңіз к‰дік туғызса, 
оны жарияламаған жөн. Немесе к‰дік туғыз-
ған абзацты алып тастаған жөн.
 
Көпсөзділіктің қажеті жоқ 
 
Тақырыптан ауытқуға болмайды; 
 
Сөйлемдеріңіз нақты ақпараттан тұруы 
керек 
 
Негізсіз, дәйексіз ақпаратты бермеген жөн; 
 
Даулы материал дайындағанда асығыс-
тыққа бой алдырмаңыз. Дәлеліңіз толықтай 
жеткілікті болған жағдайда материалды тағы
тексеріп, мәтіннің «қауіпті» тұстарын тағы да 
с‰згіден өткізіңіз. Бірақ «қауіп» мәтіннің өзге 
тұсынан да табыларын ұмытпаңыз. 
 
Ар-намыс, қадір-қасиетке қатысты заң 
баптарын естен шығармағаныңыз жөн. [3, 
239б.].» 
Сонымен, заңмен байланысты құқық қор-
ғау саласына қатысты мәселелерді жазамын 
деген журналистің жадында сақтауына жоға-
рыда аталған кеңестер артық болмас деп ой-
лаймыз.
Тағы бір айта кететіні журналистің заң 
саласындағы білімі, оны ретейтін еліміздегі 
заңдар мен негізгі халықаралық құжаттарды 
білуі керек. Олардың бәрін жатқа білмесе, қай 
заңды қай тұста дұрыс қолдануы керектігінен 
хабары болғаны жөн.
Қорыта келгенде, журналистика саласы-
ның ажырамас бір бөлігіне айналған құқық 
қорғау тақырыбы қашан да өзекті болып қала 
бермек. Бастысы, мұнда жазатын ақпаратың 
мен дерегіңе тек бір жақты қарамай, оқырман 
мен көрерменге (немесе тыңдарманға) оқиға-
ның нағында қалай өрбігендігін ашып көрсету 
қажет. Құқық қорғау тақырыбында жазатын 
журналистердің басты міндеті – адамдарға 
көмектесу. Ең батыл да таңдаулы тақырып-
тардың бірі саналатын құқық қорғау саласы 
ешқашан өз маңызын жоймайды.
_____________ 
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. – Алматы, 2004. – 
247б. 
2. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен. – Ал-
маты, 2008. – 432б. 
3. Қазақстан Республикасының конституциясы 1995
жылғы 30 тамыз(2007.21.05. берілген өзгерістер мен то-
лықтырулармен) 
4. Тайшыбай З.С. Журналистиканың құқықтық негіз-
дері. – Петропавл, 2008. – 312б. 
 
* * * 
В статье рассматриваются проблемы о правах человека в средствах массовой информации. 
* * * 
The article deals with the problems of human rights in Mass media. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет