Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет265/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   446
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 211 
М. Әмірова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
Мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы 
 
КӘСІБИ ТІЛДІ ‡ЙРЕТУДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТ 
 
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» 
деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қа-
зақ тіліне ерекше көңіл бөлінеді. Мерзімді 
баспасөз беттерінен белгілі болғандай, 60-шы 
жылдар ішінде тіл мәдениеті, баспасөз сауат-
тылығы мәселесін жетілдіре беру ісіне ерекше 
қарқын берілді. 
Мемлекеттік құрылымдардағы мамандар-
дың мемлекеттік тілді білуі коммуникативтік 
біліктілікті қамтиды. Сол ‰шін тіл ‰йрену-
шілердің б‰гінгі таңдағы сұраныстарын қана-
ғаттандыру мен елтануға қатысты мәліметтер 
басшылыққа алынып, деңгейлеп оқыту әдісіне 
негізделгені жөн. Яғни, мұнда тілді сөйлеу 
және жазу, оқу және тыңдау дағдысы бойын-
ша меңгеру баса ескеріледі. 
Тіл ‰йренушіні қазақ тілінде жетік сөй-
леуге дағдыландыру ‰шін ең алдымен сапалы 
білім қажет. Мемлекеттік тілді даиытудың ке-
шенді бағыты тіл ‰йренушінің тілдік тұлғасын 
қалыптастыру арқылы жасалады. Оның бір 
м‰мкіндігі қазіргі заман талабына сай тех-
никалық құралдар, компьютер, электрондық 
оқу құралдары, ноутбук, проектор, мульти-
медия кабинеттерінің м‰мкіндіктері, тест 
тапсырмалары арқылы білімін тексеру, тілді 
жедел меңгертудің бірден-бір жолы болып 
табылады. 
Мемлекеттік құрылымдардағы мамандар-
дың мемлекеттік тілді білуі коммуникативтік 
біліктілікті қамтиды. 
Ғалым Қ.Қадашева «мамандық тілін» оқыту 
барысында негізгі бағыт ретінде бірнеше ұсы-
ныс ұсынады: 
- мамандығы бойынша ақпараттық және 
лексикалық-грамматикалық 
минимумдарды 
баяндау; 
- осы арқылы дағды мен ептілікті қалып-
тастыру: 
- тілдік өрнектерді сараптау; 
- ‰йренушінің өз мамандығына сәйкес, 
тілді коммуникативтік қарым-қатынаста қол-
дана алатындай дәрежеде біліп шығуын қам-
тамасыз ету; 
- сөйлеу әрекетінің негізі қамтылатын мә-
тіндерді беру; 
- елтануға қатысты материалдарды ‰йре-
нушінің өз қажетіне қарай пайдалану; 
- сөйлеу жағдаятын ‰йренушінің маман-
дығына қарай бейімдеу; арнаулы терминдер-
дің берілуін қарастыру: 
- кәсіби тілдік құзіретін қалыптастыру. 
‡йренушілер фундаменталды-теориялық 
біліммен бірге болашақ мамандығы бойынша 
да білім алуы керек. 
Тілді ‰йрету барысында кез-келген сабақ 
грамматикалық, коммуникативтік, фонетика-
лық минимумдары айқындалған белгілі бір 
тақырыпқа, сол тақырыптың мәнін ашатын 
мәтінге негізделеді. Ал мәтіндегі сөздер мен 
сөз тіркестерінің семантикасы мен құрылым-
дық ерекшеліктерін нақтылайтын жұмыс т‰р-
лерінің қандайы болсын шығармашылық си-
патта өрістеуі тиіс. 
Тілді ‰йретудегі басты бағыт – коммуника-
тивтік бағыт қатаң сақталуы тиіс. Сөйлеуге 
бағытталған коммуникативтік тапсырмалар
ж‰йелі т‰рде сұрыпталуы керек. Мысалы 
к‰нделікті өмірге қатысты актив сөздер, жағ-
даяттық сұхбаттар, тақырыпқа қатысты пәр-
менді сөздер, елтанымға қатысты шағын мә-
тіндер т.б. Сондай-ақ синоним, омоним, анто-
ним сөздерді, сөз т‰рлендіруші қосымша-
ларды, тұрақты тіркестерді, шешендік сөздер 
мен мақал-мәтелдерді жеңілден к‰рделіге 
қарай сатылып оқытқан жөн. Ал етістік ми-
нимумына қалып етістерден бастап, етістіктің 
барлық т‰рлерін кіргізуге болады.
Қазақ тілін оқыту – қоғам қажеттілігімен, 
өмір талабынан туып отыр. Қазіргі қоғамның 
алдындағы негізгі мақсаттырдың бірі – биік 
кәсіби іскерлігі адамгершілік қасиетпен ұш-
тасып жататын шығармашыл тұлғаларды 
дайындау. Кәсіби іскерліктерді жетілдіру 
жұмыстары кәсіби қызығудың пайда болуы-
мен байланысты. Ал кәсіби қызығушылық 
дегеніміз -студенттердің болашақ мамандық-
тарына жетелейтін, олардың іс-әрекеттерін 
белсендіретін қызмет. Қызығуды тудыратын 
қажеттілік. Студенттердің бойында маманды-
ғына мақтанышпен қарау, табысқа жеткендігі 
қуаныш сезімі қалыптасады.ол студенттің




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет