Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 209
салу[1,14б.]. Құқық қорғау тақырыбында
қалам тербегенде, осы функцияға с‰йеніп,
заңды бағытта қызмет атқаруға болады.
«Адам құқығы әлемнің кез-келген мемле-
кетінде, оның саяси құрылымына қарамастан
тартыс нысанына айналады. Құқық қорғаушы-
ның билікпен ымыраласа алмайтыны сияқты,
билік органдары да
оны жақсы көре қой-
майды. Өйткені, құқық қорғаушының міндеті
– кемшіліктерді тауып, оларды жария етіп
табу болады», - деп жазады журналистика са-
ласында көпжылдық тәжірибесі бар журна-
лист Вячеслав Абрамов. Оның сөзіне қара-
ғанда, адам құқықтары жөнінде жазатын жур-
налистерді көп жағдайда құқық қорғаушылар
деуге болады. Өйткені, олар зерттеу ж‰ргізеді,
құқығы аяққа тапталған жандармен әңгімеле-
сіп, оларға қолдан келгенше көмектесуге ты-
рысады. Бұл орайда мысалға, к‰нделікті
эфирге шығып жататын республиалық телеар-
налардағы (немесе басылымдардағы) жаңа-
лықтарды көріп
отырсаңыз да кездестіріп
қаласыз. Төртінші билік өкілдеріне де мұң-
мұқтажын шаққан, әділет органдарының та-
балдырығын тоздырып, белгілі дау тудырған
жайттың ақ-қарасын ажырата алмай ж‰рген
жандар жиі шағымданатын көрінеді. Немесе
өз құқығы тапталып, есесі кеткен адамдар
осындай мәселелердің шешімін тауып, басын
ашып
беруге редакцияларға хат жазып, теле-
фон шалып жатады.
Б‰гінде құқық қорғау тақырыбы журна-
листиканың ажырамас бір бөлігіне айналған
десек те болады. Өйткені еліміздің Ата заңы-
ның 1-1 тармағына сәйкес былай делінген:
«Қазақстан Республикасы өзін демократия-
лық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы – адам және адамның өмір,
құқықтары мен бостандықтары.[2,31.].» Ал
мемлекет пен халық билігі ‰шін қызмет
атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарында
аталмыш тақырыпта ой қозғап, т‰сінікті ақпар
беретін хабарлар
мен мақалалар жиі кездесіп
жатады. Мысалы, ұлттық арна – «Қазақ ра-
диосының» тікелей эфирінен аптаның д‰йсен-
бі және сәрсенбі к‰ндері «Заңгер кеңесі»
хабары беріледі. Бағдарламаның тұрақты мей-
маны ретінде заңгер Нұра Тынысқызы қаты-
сады. Журналист Г‰лбану Алпамысқызы ж‰р-
гізетін хабардың арқалайтын міндеті – редак-
ция қоржынына келіп т‰скен (немесе тікелей
эфирге хабарласқан) т‰рлі сауалдарға заң
тұрғысынан арнайы маманның кеңесін беру.
Сол сияқты басылым беттерінде де құқық
қорғау тақырыбындағы мақалалар көптеп кез-
десіп жатады. Бұл орайда республикалық ба-
сылым «Заң» газетінің көтерер ж‰гі ауыр.
Құқық қорғау тақырыбын бірнеше сала-
мен байланыстырып қарастыруға болады.
Журналист Вячеслав Абрамов оны былай деп
бөліп қарастырады:
Сөз бостандығы;
Діни бостандық;
Бас қосу және бірігу бостандығы;
Ақпарат алу құқығы;
Еркін ж‰ріп-тұру құқығы;
Әйелдер құқығы;
Балалар құқығы;
Тұтқындардың құқығы және т.б.
Оның айтуына қарағанда, адам құқығы
туралы мақалаға арқау болар тақырыпты кез-
келген жерден табуға болады. Ол бір топ адам
өзге адамға немесе топқа тәуелді болған жер-
дің бәрінде кездесетін мәселе. Адам құқығы
мәселесі жасырын немесе ашық қақтығыс
туындаған жердің бәрінде бар[2,239б.].
Расында да, к‰нделікті өмірден-ақ осы ай-
тылғандарға мысал келтіруге де болар. Мы-
салы, тұрғындар тарапынан т‰сетін арыздар
бойынша мәселе көтеретін тақырыпта қалам
тербейтін болсаңыз, шағымданушылардың құ-
қығын қорғау мақсатында бірнеше кейіпкер-
лерді қатыстыра отырып,
көлемді материал
әзірлеуге болады. Су құбыры істен шығып,
жергілікті тұрғындарды әуре-сарсаңға салған-
дығы туралы ақпар т‰ссе, бірден оқиға орны-
на барған журналист оның неліктен істен
шыққандығын, неліктен құтқару жұмыстары
ж‰ргізілмеді немесе осы аумаққа қатысты
басшылықтың (әкімшіліктің) не атқарып жат-
қандығы сынды сұрақтарға жауап іздеуінен
басталады. Мәселенің басын ашар сауалдарға
жауап іздеу барысында көптеген жайттардың
мәні өзінен-өзі келесі кейіпкерлермен қалай
әңгіме өрбіту керектігін көрсетеді. Мұнда тек
шағымданушы тарыпан ғана ақпарат алумен
ғана емес, осы
жағдайға кінәлі деп отырған
адамдардың да пікірін білдіру керек. Бір оқи-
ғаға т‰рлі көзқарас алу, біріншіден, берілген
материалды қызықты ете т‰ссе, бастысы, оны
нанымды әрі дәлелді ете т‰спек.
Тағы бір мысал келтіре кетсек, жол-көлік
оқиғаларына байланысты Жол полициясы
басқармасының қызметкерлері ай сайынғы
ж‰ргізілетін рейдтік тексеріске аттанды.