214 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Тың мәселелердің бірі – аталымның жаса-
луындағы сананың, танымның, ойлаудың тіл-
дегі таңбасы б‰гінгі лингвистикада кешенді
зертелуде. Тіл мен ойлау бір-бірімен байла-
нысты, заңды құбылыс .
Тілдегі таным көрінісі – таңбаны ғылыми
тұрғыдан саралау, таңба аталым – атау неден
басталатынын, қандай заңдылықтармен ж‰-
зеге асатынын, оның белгілері қандай, оның
дамуы және қалыптасу ‰рдісін терең зерде-
легенде, талдағанда өз шешімін табады .
Аталым жасауда халықтың танымдық ой-
өрістік денгейінің жан – жақтылығымен бай-
ланыстылығын тіл деректерінің сырына,
құпиясына терең ‰ңілуді қажет етеді. Соның
негізінде тіл бірліктерінің жасалуындағы осы
‰рдістің қатысын зертеу тіл мен ойлау арақа-
тынасын жаңа қырынан тануға жетелейді.
Жалпы топонимдердің семантикасы кез-
келген жағдайда адамның белгілі бір геогра-
фиялық нысандарға тікелей немесе жанама
қатынасын аңғартады, сол нысандардың ішкі
не сырты қасиеттерін, сипатын танытып тұ-
рады. Сөйтіп, лексика-семантикалық класси-
фикация топонимдердің маңызы мен мәнін
аша отырып, адамның табиғат пен қоғамдық
өмірге арақатынасының дәрежесінен молынан
хабардар етеді. Осылай десек, халық өмірінің
әр кезеңдерінде пайда болған мәдени құбы-
лыстар мен өзгерістердің өмірге жаңа топо-
нимдер әкелетінін, сөйтіп топонимдер ж‰йе-
сінің берік қалыптасуы мен қызмет етуімен
ықпал жасап отыратынын бағамдауға болады.
Ежелден қарым-қатынаста болған т‰ркі ха-
лықтары мен қазақ елінің арасындағы әрт‰рлі
байланыстар нәтижесінде қазақ жеріне көп-
теген топонимдердің ұқсас, төркіндес болып
келуі заңдылық.
Топонимикагрексөзі, топос – орын, жер,
ономо – атау. Географиялық жалқы атаулар
(жер-су аттары) топонимдер деп аталады. Гео-
графиялар жалқы атаулар мен жалпы атаулар-
дың арасында айырмашылық бар. География-
лық жалқы атаулар Қызыл (Тыва), Ертіс, Тау- лы-Алтай: Курмач-Байгол, Суранаш, Иткуч, Шукша, Шунарак т.б. осы сияқты нысандар-
дың аттары кірсе, ал географиялық жалпы ат-
тарға өзен, көл, тау, тас, қала, су, құдық сияқ-
тылардың атаулары жатады. Т‰ркі халықтарының топонимдік ж‰йесін-
де төмендегідей лексика-семантикалық топтары: