248 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Алайда, бұл ғылым саласының тарихы одақ
көлемі мен шет елдерде ғана арнайы зертте-
ліп, көлемі теориялық проблемелар мен әдіс-
намалық арналары жайында іргелі талдау-
лар жасалып, көптеген еңбектер жарық көрді.
Олар белгілі орыс ғалымдарының психолог-
тары (Л.С.Выготский, А.А.Леонтьев, А.Р.Лу-
рия, С.Л.Рубенштейн, т.б.) мен лингвистері-
нің (И.А.Бодэн де Куртене, А.А.Потебня,
Л.В.Щерба) еңбектеріндегі алғашқы ойлар-
мен, пікірлермен, тұжырымдармен толығып,
кемелдене т‰сті. Кеңес еліндегі зерттеу жұ-
мыстарының қорытындысы психологиялық
негіздер мен лингвистикалық ойларды тоғыс-
тырды. Мәселен, орыс ғалымдары С.Ф.Занько
мен Л.А.Андрееваның «Лингвистика және
психолингвистика» деген еңбегінде жете қа-
растырылады. Сонымен бірге, А.А.Зальев-
скаяның «Психолингистикаға кіріспе», В.П.Бе-
ляниннің «Көркем мәтіннің психолингвисти-
калық аспектісі», т.б. ғалымдардың еңбектері
жарық көре бастады. Аталған еңбектерде:
- мәтінді қабылдау, сезіну бір деңгейдегі
процесс еместігі анықталады;
- мәтінді қабылдау барысында сезімге
берілген эмоционалды нәзік иірімдер қасиеті,
терең ой-толғамдар көрінісі мен сөйлеу ж‰йе-
сінің элементтері көрініс тапты.
Ғалымдардың ж‰ргізген экспериментальді
зерттеулері нәтижесі Ю. А. Сорокиннің «Пси-
холингвистические аспекты изучения текста»
атты еңбегінде ж‰зеге асты. Онда мәтінді қа-
былдау процесінің белгісі ретінде реципиент-
тің ой-санасында қабылданған, сана арқылы
сараланған мәтіндегі субьектілік көзқарастар-
мен, көбіне автор ойына қайшы келетін көрі-
ністерді сипаттаған. Сондай-ақ мәтінді қа-
былдау процесінде болатын психологиялық,
физиологиялық белгілерді анықтады. Ол бір
ғана мәтінді қабылдау процесінде әр реци-
пиенттің өзіндік ерекшелігін, ойлау дәрежесін
зерттеуге м‰мкіндік береді. [4,198]
Осы зерттеу еңбектерімен қоса, В.П. Беля-
ниннің «Психолингвистическое аспекты худо-
жественного текста» деп аталатын жұмысын-
да мәтіннің құрылымына талдаулар мен қоры-
тындылар ж‰ргізіліп, мәтіннің оқырманға ти-
гізер әсері мен қабылдау әрекетінің ерекше-
ліктері анықталған. Автор көркем шығарма-
лардан ‰зінділер көрете отырып, мәтіндердің
әрқайсысы белгілі бір эмоциялық мағынада
болады. Негізгі мақсат – мәтіннің психолин-
гвистикалық доминант қызметіндегі сипаты
мен оқырманның мәтінге берген өз бағасын,
пікірін, қыбылдауындағы ерекшелігін, таным-
т‰сінігін айқындау екендігін көрсетеді. [5;98]
Мәтіннің өзіндік ерекшеліктерін екшелеу
М.В. Аралов, А.А. Поликарпов, М.А. Мору-
сенко, Ю.А. Тулдаева еңбектерінен көрініс
тапты. Бұл жұмыстарда көркем мәтіннің жаңа
қырлары айқындала т‰сті. Яғни белгілі бір
шығарманы специорикалық тұрғыда анықтау
аздық етті. Оның аса к‰рделі әрі көп қатпарлы
сырларына психологиялық жағынан баға
берілуі жетіспей жатты. Сондықтан да зерт-
теуші ғалымдар көркем мәтіндегі лингвисти-
калық зерттеулердің қатарына тек тілдік
тұрғыда ж‰ргізілген талдаулармен шектелмей,
оған қоса қажетті деңгейде психологиялық
негізде қарастыру, бағалау қажеттілігі туын-
дады. Демек, орыс ғалымдарының зерттеу
нәтижелерінде тек бір психология ғылымы-
ның адамның ішкі және жан д‰ниесіндегі
қалыптасу әрекеті айқындалса, бұл құбылыс
та мәтін табиғатынан көрініс тапты. Яғни
мәтінге ж‰ргізілген лингвистикалық және
психологиялық зерттеулер адамның ойлау
қабілетін дамытты. Қарым-қатынас құралы
бола алды, мәдени қалыптың мән-мағынасын,
тіпті жекелеген дара тұлғаның психологиялық
жай-к‰йін бере алды.
Шығарманың повесть, әңгіме, роман тәріз-
ді т‰рлі жанрлық ерекшеліктері олардың кө-
лемімен тығыз байланысты. Кең көлемді шы-
ғармалардың көркемдік ерекшеліктері де мә-
тіндермен салыстырғанда тақырыбы, идеясы,
образдар ж‰йесі мен эстетикалық құрылымы
к‰рделі. Ал қысқа мазмұнды мәтіндерді т‰-
сіну, қабылдау роман тәрізді көркем шығар-
малармен салыстырғанда өзгеше. Көркем мә-
тінде эмоция басым болса, ғылыми аннота-
циялық мәтіндерде ол аз, жұмсалу аясы тар.
Сондықтан да оқырман т‰рлі мәтіндерді оқып
танысқанда т‰рлі психологиялық өзгерістерге
т‰седі. Ендеше шығарма тілін жете қабыл-
дауда, бағалауда, психолингвистикалық негіз-
де зерделеуде оның жанрлық ерекшелігі де
әсер етеді. Бұл жөнінде ғалым Л.В. Щерба да
көркем мәтіннің көптеген нұсқада жұмсалу
м‰мкіндігін айтқан [6, 145]. Сондықтан да
оның жете бағалау, құрылымның ерекшелігін
кеңінен т‰сінуді шеберліктің биік шыңы деп
бағалаған. Алайда Л.В. Щербаның маңызды
бақылауы мен көркем мәтін тілін қабылдау
әдісі өз кезінде зерттеу аясын таппады. Бірақ
ғалым ұсынған зерттеу әдісі мәтінді теория-