Ж. Т. Исаева, А. Е. Таттибаева
Особенности употребления ряда лексических единиц в языке художественных произведений
В статье рассматриваются особенности употребления ряда лексических единиц с точки зрения того, что «самым
основным факторам обогащения литературного языка является язык художественных произведений».
J.T. Isaeva, A.E. Tattibaeva
Features of using a number of lexical items in the language of art works
This article discusses the use of several features of the lexical unit according to "the most fundamental factors of
enrichment of the literary language are the language of fiction."
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 247
Ж. Көпбаева,
филология ғылымдарының кандидаты
МӘТІННІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
РЕТІНДЕ ЕРЕКШЕЛІГІ
Адам психикасы, оның құпиясы мен мол
табиғаты, естелік және ессіздік сияқты т.б.
психологиялық философия, психология және
әдебиеттану ғалымдарында жан талдау тәсілін
тудырып, адам мәселесін тереңдей зерттеуге
ден қоя бастады.
Көркем мәтіндер әрт‰рлі болуына байла-
нысты оларға бір жақты мінездеме беру – өте
к‰рделі мәселе. Мысалы, ғылыми мәтіндерде
белгілі бір теорияның қорытындысы, т‰йіні
берілсе, көркем мәтіндер т‰йсік пен эмоция-
ның көмегі арқылы адамның сезіміне әсер
етуге бағытталады.
Көркем әдеби шығарманың мазмұны өнер
әлемін танып қоюмен ғана шектелмейді. Со-
нымен бірге, ішкі жан д‰ниенің сарайына,
сезім әлеміне өзгерістер ендіріп, қабылданған
ақпарат ми жадында сарапталады. Жалпы,
адамзат жаратылғаннан бері өзін-өзі тануға
деген талпынысы толастаған емес. Адам бала-
сында болатын табиғи, биологиялық, физика-
лық, психологиялық, сезімдік құбылыстарды
әр ғылым өз саласы бойынша зерттейді. Осы-
лардың ішінде әдебиет «адамтану» ғылымы
деп есептеліп, адамзаттың «с‰ю, к‰ю ‰шін,
азап шегу ‰шін жаралған» жұмбаққа толы
әлемін жан-жақты зерттейтін пән ретінде
танылады [1,192].
Көркем шығарма дәлдігі – адамның ішкі
әлемінің, құпия-қалтарыстарының нақты бей-
нелеуінде. Демек, кейіпкердің ішкі және ру-
хани әлемін, іс-әрекетінің себеп-салдарын
көркемдік тұрғыда зерделей зерттеп, жан-жақ-
ты тілдік талдаулар жасағанда ғана мәтінді
психолингвистикалық тұрғыда бағалауға бо-
лады.
Мәтінді қабылдау арқылы оқырман өзінің
парасаты мен эмоциялық жігерлі қасиеттерін
дамытып, өзіндік эстетикалық, этикалық пози-
цияларын айқындай т‰седі. Ойлауға, сезінуге,
толғануға тән қасиеттерін жетілдіреді. Осыған
байланысты орыс ғалымдары көркем мәтінің
психологиялық жағына баса назар аударып,
ерте кезден бастап зерттеу нысандарына ай-
налдырған. Жалпы, орыс тіл біліміндегі мәтін-
нің көркемдік айшықтарын психолингвистика
тұрғысынан бағалауға көптеген ғалымдар ең-
бек етті. Олар көркем мәтінді лингвистика
және психикалық жақтан ғылыми т‰рде зерт-
теудің қажеттілігін т‰сінді. Демек, психолин-
гвистиканың негізгі қызметі - адамның сөй-
леу механизимінің құрылысы мен әрекетін
белгілі бір мөлшердегі тіл құрылысының көз-
қарасы негізінде қарастыру. Сондай-ақ психо-
лингистикада қабылдаудың рецепторлық ере-
жесіне с‰йене отырып, сөйлеушінің қабыл-
дауымен бірге, ақпараттың миға «құйылуы-
ның» бір жақты процесі ретінде зерделеген.
Орыс ғалымдары рецепторлық теорияға тиі-
сінше сөйлемнің қабылдауын, атап айтқанда,
сөйлеуді қозғайтын сөздің, дыбыстың, буын-
ның міндетін іске асыратын белсенді динами-
калық процесс ретінде анықтаған. Ғылым са-
ласының обьектісі туралы орыс ғалымы
А.А.Леонтьев: «Психолингвистика-тіл құры-
лымы мен тіл қабілетінің арасындағы қаты-
нас, оның тақырыбы болып табылады. Сөйлеу
әрекеті - тұтас сөйлеу механизмін, нақты
психолингвистикалық ‰йлесімділікті, сөйлем
құрамындағы ойды, логиканың қатысуын қа-
растырды», - деп тұжырым жасаса [2,21],
Д.Слобин «Психика тілді игерудің және оны
қолданудың негізінде жататын ойлау проце-
сін зерттеуде психология мен лингвистиканың
рөлі ерекше», - деп көрсетеді [3,87].Олай бол-
са, психолингвистика сөйлемдердің туып, қа-
лыптасып, қабылдауын негізге алады. Демек,
лингвистика мен психологияның ортақ пәні-
тіл ж‰йесі болып табылады. Ал тіл –матема-
тикалық теория, яғни ақпараттың базалық
көзі. Ендеше көру, сезу м‰шесі арқылы қабыл-
даушы алынған ақпартты ми жадында сарап-
тайды. Ол декодтау процесі арқылы ж‰зеге
асады[3,112]. Бұл ‰рдісті А.А.Леонтьев «сөй-
лесім әрекеті» деп атап, қатынас жасау, ойды
сыртқа шығару құралы деп есептеген [2;92].
Психологиялық мәселер жөніндегі ойлар
мен анализдердің м‰мкіндігі ғылыми негізін-
де ж‰ргізілген зерттеу тәжірбиелерінің нәти-
жесі көркем мәтінді қабылдауға, т‰сінуге, се-
зінуге, сонымен қатар, сөйлеу ж‰йесінің тео-
риялық тұрғыда қалыптасқандығын көрсетті.
|