254 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 қолданысы заманымен ‰ндес келетіні сезіліп
тұрған жоқ па?
... ‡йткенше бәрі борыш,
Құтылам ба ақталып?
Пұл әпердім әркімге,
Ерте ойланбай сақтанып, - [2,57] деген
жолдардағы әркімге пұл әперу – кепіл болу
ұғымына келеді. Борыш, қарыз, төлем сөзде-
рінің де қолданылу ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Ғылымның т‰рлі саласынан хабары мол,
білімді де білікті ақын өзге тілден енген
сөздерді қазақ тілінің сингорманизм заңына
бағындарған. Ұстазы Абай тәрізді таңдап, тал-
ғап, қазақыландырып жіберген.
Осындай ‰ндестік заңына бағындырылған
өзге тілден енген сөздерді оқытуда сөздік
жасау, жаңа сөз мағынасына т‰сіндірме ж‰р-
гізу тиімді.
1) Банкрот – кәсіпорындардың төлем қа-
білеті болмауынан еріксіз жойылуы [3,107]
2) Әміркен – бұл жерде мемлекет атауы
«Америка» деген сөздің өзгеріске т‰суі
3) расход – шығын
опайке – фуфайка [к‰пәйке] қалың сырт киім
сукно – мәуіті, шұға (қымбат материал)
[3,410]
папирос – шылым [4,55]
резеңке – резиновый (етік) [4,290]
Сөз мағыналарына талдау жасағаннан кейін
студенттерге әрбір сөзбен сөйлем құрастыру
тапсырылады. Ақын шығармашылығымен те-
рең таныс болу ‰шін осы сөздер айтылатын шу-
мақтарға тілдік тұрғыдан талдау жасалғаны
дұрыс.
Шәкәрімнің ұлтжандылығы мен саясаткер-
лігі өзінше бір төбе. Өйткені ақынның екі
өлеңінің бірінде – қазақ халқы, қазақ қамы,
қазақтың салт-дәст‰рі сипатталады. Тіпті қа-
зақтың тұрмыс-тіршілігіне де араласып:
Осы расходқа еріксіз,
Бізді біреу сұқты ма?
Науқас болып немесе
Қазаққа да жұқты ма?, - [1,56] деуінде сөз
образдарындағы еркіндік пен ерекшелік ‰лкен
сынға, саяси көзқарасқа әкеледі. Өзгеге елік-
теу, өз еліне қарамау қазақты ешқайда апар-
майтынын, керісінше жеке адам бойындағы
қанағатсыздық пен тойымсыздық қоғам дер-
тіне айналатынын көбірек айтып, көпшілікке
т‰сіндіргісі келетінін жастар санасына жеткізу
қажет. Қазақ тілінің ежелден жан-жақтан кел-
ген кірме сөздерге, терминдерге, архаизм, исто-
ризм сөздерге бай екендігі; олардың ақын
поэзиясында кеңінен орын алғандығы туралы
айтып өту орынды. Айтып қана қоймай,
Шәкәрім шығармаларында көп қолданылатын
сол заманның неологизм сөздері мен архаизм
сөздерді салыстыра отырып, өзара сабақтас-
тығына көңіл болу, талқылау, талдау жұмыс-
тарымен ұштастырып отыру керек.
Шәкәрім халықтың тұрмыс-тіршлігін жыр-
ға қосумен қатар, қиындықтан шығу жолын
іздейді. Тұрмыс қаражатқа келіп тірелетінін,
тегін ақша табылмайтынын айтады. Арнайы
экономикалық білімі болмаса да арзан мен
қымбаттың нарқын таразылай білген ақын-
ның ұстанымы болашақ экономистердің кә-
сіби – маман ретінде даярлануына, көзқарас-
тарын қалыптастыруына ықпал ететініні айқын.
Поэзия тілімен сөйлеп тұрған ақын ойы,
парасат-пайымын қара сөзге айналдырып, сөй-
лемнің бірнеше т‰рін құрастыруға болады.
Өлең шумақтарындағы ой желісін өзгертпей
беруді ұсыну керек. Мұнда, әрине, бізге төл
сөз бен төлеу сөз көмекке келеді.
1. Шәкәрім: «Тым қымбатты кимей-ақ
қояйық,» - дейді.
2. Шәкәрім: «Қымбат киіп, қарызға батып
қалмайық,» - дейді.
3. Шәкәрім банкрот болып қалмауды ес-
кертеді.
4. Шәкәрім жұртқа кепілдікке ақша (пұл)
әперіп, борышты болып қалғанын айтады.
Ақын өлеңдеріндегі шығын, қымбат, кепіл,
тегін, борыш, қанағат, ысырап сөздерінің си-
нонимдерін, антонимдік қатарын табуды тап-
сырамыз.
Елтірі мен теріні,
Жақсы қылып илесек.
Әрі берік, әрі жылы,
Жыртылмайды с‰йресек - [2,56] деген жол-
дардағы тері илеу, елтіріні жұмсарту қазақтың
ежелден келе жатқан ата кәсібі екенін ескерту
бар. Ескерту ғана емес, заттың сапасы да анық
беріледі. Студенттер ақынның айтайын деп
отырған ойын сезіп, өзіндік тұжырымын қада-
ғалау ‰шін еңбек пен келетін пайданы сарап-
тай білуі заңды әрі қажеттілік тудыратын
‰рдіс. Ендеше мемлекеттік тілді оқыту бары-
сында тұлғалар тағылымын ‰немі ескеріп,
елеп-екшеп пайдалану – жаңа инновациялық
амал-тәсілдердің бірі.
_____________
1. Жұлдыздар отбасы журналы. Аңыз адам. №5 Та-
мыз. 2001
2. Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары. – Алматы:
Жазушы, 1988. - 560 б