Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 267 Тілдің коммуникативтік құзыреттілігін қа-
лыптастыру ‰шін оқыту ж‰йесінің қай бөлігін,
«лексиканы ‰йретуді ме?, грамматикаға басты
назар аударуды ма?» деген талас заманы өт-
кендігін халықаралық стандарттар дәлелдеді.
Халықаралық стандартқа сай жасалған қазақ
тілінің мемлекеттік стандарты тілді ‰йретудегі
4 бөлікті қатар алып ж‰ргенде ғана нәтижеге
жете алатынымызға, яғни тілдің коммуника-
тивтік құзіреттілігін қалыптастыра алатыны-
мызға әкеледі.
Ендігі кезекте өз тәжірибемізге с‰йеніп,
шетел азаматтарына қазақ тілін ‰йретуде қай
бөліктен бастап бөліктерді қалай байланысты-
ратынымызды айтып көрейік.
Алдымен лексиканы, яғни жеке сөздерді
айтқызамыз. Осы арқылы дұрыс айтуды ‰йре-
теміз. Мысалы: қала, ағаш, бөлме, тақта, оқу-
шы, тыңдаушы, оқытушы, дәрісхана, т.б. сөз-
дерін айтамыз, суретпен көрсетеміз. Оларды
«кім?», «не?» сұрақтарына сай екіге бөліп
жазамыз.
Бұл, мынау сөздерін қолданамыз, көрсете-
міз. Отыр, тұр, жатыр, ж‰р сөздері жайлы
т‰сіндіреміз, қимылмен көрсетеміз. Бұл – тақ- та, мынау - кітап, мынау - қалам. Оқушы отыр. Оқытушы тұр. Келесі кезекте сын есімдерді
өтеміз: ақ, қара, таза, кең, т.б. Қысқа сөйлем-
дер құраймыз: Бөлме - таза, кең. Тақта - қара. Қағаз - ақ. Сұрақ қоямыз: Бөлме қан- дай? Тақта қандай? Жеке сөздерден сөйлеуге жетелейміз. Грам-
матикаға жылжыдық. Енді етістікті сөйлемге
ауысқанда септік жалғаулар жайлы т‰сіндіру-
ге тура келеді. Грамматиканы бұл аудитория-
да т‰сіндіру өте қиын. Себебі, тіл ‰йренуші -
шетелдік, біздің ортақ тіліміз - орыс тілін
т‰сінбейді, біз оның тілінде сөйлей алмаймыз.
Грамматиканы қалай т‰сіндіреміз? Орыс тілді
аудиторияда біз грамматикалық тақырыпты
салыстырмалы т‰рде өтетін едік. Енді олай
өтуге біздің қауқарымыз келмейді. Тек мо-
дельмен беру әдісі тиімді. Мысалы: жіктік
жалғауды т‰сіндіру жолы.