Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет340/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   446
272 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
(ә) тілдің элементі секілді мінез-құлықтың 
кез келген бейвербалды элементі де конвен-
ционалды келісімнің компоненті бола алады 
және мәнмәтіндік мәнге ие, мысалы, қолын 
маңдайына ж‰ргізіп өту, қолын сытырлату, 
қол соғу, орамал бұлғау; 
(б) ым-ишараттар да, тілдік бірліктер се-
кілді, белгілі мөлшерде символдық таңбалар 
болып саналады. Лексикалық бірліктердің та-
биғи тілдің сөздігін құрайтыны секілді, олар 
да дене тілінің лексиконын құрайды. Сөз кө-
мегімен секілді, ишарат көмегімен де ой мен 
сезімді білдіруге, идеялар мен эмоцияларды 
жеткізуге болады. Тура сөз сияқты ым-иша-
раттар да бағытталған болуы, яғни нақты бір 
адамға немесе аудиторияға, нақты біреуге, 
бірнәрсеге бағытталған болуы да м‰мкін: 
инструктивті (мысалы, белгілі бір жерге қалай 
жету керек екенін т‰сіндіріп жатқан адам-
ның ишараты), констативті (келіскенді біл-
діріп басын шұлғу), тыныш және экспрессивті, 
тыныштандыратын және қауіп төндіруші, 
жылы және суық <стилистикалық> бейтарап 
және әсерлі (бұзықтық жасаушының қи-
мылы); 
(в) сөзге немесе тілдің ірі единицаларына 
қарағанда, ым-ишараттар коммуникативтік 
актіде әрт‰рлі мәнмәтінде тұрып, әрқилы рөл 
ойнауға қабілетті. Ым-ишаратты қолданатын 
мәнмәтіндердің қолданылу аясы шексіз емес, 
берік орныққан тәртіпте болуы м‰мкін; 
(г) сөйлеу тіліндегі сияқты, адамдардың 
ишараттары да белгілі бір мезгілде, мәдени 
және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың 
әсерінен өзгеріп отырады. Әр кезеңнің өзіне 
тән ишараты, өз мәнері (иілуде, қолынан ұс-
тауда, шай ішуде, сөйлеуде) болған. Мысалы, 
елуінші жылдарды отызыншы немесе жиыр-
масыншы жылдармен салыстырсақ, айырма-
шылығы айтарлықтай; 
(ғ) дене тілінің көптеген ишараттары сәй-
кесті вербалды тілге, сондай-ақ басқа «шетел-
дік» ым тіліне аударылып отырды. Және оны 
аударуда кездесетін мәселелер кәдімгі табиғи 
бір тілден екінші тілге аударуда кездесетін 
мәселелердей еді. 
Кинеманың вербалды көрінісін атауыш 
деп айтуға болады. Ым-ишараттың атауы то-
лық мағыналы сөз немесе сөз тіркесі болады. 
Тіл ауыстырғанда ым-ишараттың да атауы 
ауысып отырады. Р. Бирдвистел ХХ ғасырдың 
30-40 жылдары Нью-Йорк қаласының мэрі 
Фиорелло Ля Гуардиоға ұзақ уақыт бақылау 
ж‰ргізеді. ‡ш тілде – ағылшын, идиш және 
итальян тілдерінде еркін сөйлеген оның тіл 
ауыстырғанда кинесикалық және паратілдік 
әрекеттері де өзгеріп отырғанын байқаған. 
Тіпті бейвербалды кодтың ауысуы, екінші бір 
вербалды тілге ауысқандай табиғи болғанын 
айтады. Бірқатар зерттеушілер жаңа дене тілін 
игеру процесі жаңа тілді игеруден біршама 
баяу өтетінін аңғарған. Берлин қаласындағы 
Техникалық университеттің семиотика кафе-
драсының бір топ неміс ғалымдары Р. Познер, 
Р. Крюгер, Т. Ноль, М. Серенари неміс тілін 
жаңа неміс дене тіліне қарағанда бұрын 
меңгеріп алған. 
Табиғи тіл мен дене тілінің ортақ ұқсас-
тықтары барына қарамастан, өзіндік функцио-
налдық айырмашылықтары бар. Бұл, әрине, 
оларды бір нәрсе деп қарамауға м‰мкіндік бе-
реді. 
Біріншіден, табиғи тілді тұтынушылар ара-
сында форма, мағына және тілдік единица-
ларды қолдануына қатысты белгілі бір келісім 
бар: тілді меңгерген адам әрбір тіл бірліктері 
туралы, оның мән-мағынасы, мәтінде қолда-
нылуы, жалпы дұрыс қолданылу ережелері 
жайлы айтып бере алады. Табиғи тілдің бар-
лығы тұрақты және дискретті бірліктерден 
тұрады. 
Ал дене тілінде салғастырмалы т‰рде еш-
қандай тұрақтылық пен дискреттілік байқал-
майды: бейвербалды тіл біршама тұрақсыз 
және вариативті болып келеді. Сондай-ақ дене 
тілін тұтынушылар арасында анық бір келісім 
де жоқ, тек ж‰йе орталығы мейлінше айқын, 
перифериясы нашар сипатталған. Мәселен, 
көптеген бейвербалды бірліктерді ым-ишарат 
таңбасы ма, әлде жай таңбалық емес физиоло-
гиялық қозғалыс па, т‰сіну қиын. 
Екіншіден, тілдік бірліктер референция-
сының механизмі ым тілі таңбалары референ-
циясы механизміне қарағанда қалыптасқан 
және басқаша әрекетті білдіреді. Бейвербалды 
коммуникацияда өзінің денотатын білдіретін, 
яғни нысаны қандай, оның формасы, өлшемі 
қандай екенін білдіретін бірқатар таңбалар 
қатысады. Немесе коммуникациялық актіде 
сөйлеудің аналогі бола алатын тұтас жағ-
даятты білдіреді. Салыстырыңыз, мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет