Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 269
Б. Молдакашева, К. Мақышева,
№60 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері (Қазақстан, Астана)
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚАЗАҚ АУДИТОРИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ
ТЫҢ ӘДІСТЕРІ
Еліміздің елдігін, мемлекетіміздің рухани
келбетін айғақтайтын өзектердің бірі мем-
лекеттік тіл екендігі баршамызға белгілі.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәр-
тебесін арттыру бағытында бірқатар іс шара-
лар атқарылуда. Дегенмен, бұл салада істел-
мек жұмыс, атқарылмақ шаруа ұшан-теңіз.
Соның бірі, білім саласында мемлекеттік тіл
проблемасы. Атап айтқанда, қазіргі мектеп
оқушыларының қазақ тілін меңгеруі өз дең-
гейінде емес. Осы орайда, мемлекет тарапы-
нан бұл мәселені шешу бағытында көптеген
істер атқарылуда. Яғни, қазақ тілі сабағына
қосымша сағаттар қосылуы, мектептердің
арнайы материалдық-техникалық жабдықтар-
мен қамтамасыз етілуі, мұғалімдер құрамы-
ның біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми-
практикалық конференциялар мен семинар-
тренингтердің өткізілуі.
Тіл – сөйлеу құралдарының б‰тін ж‰йесі.
Сондықтан да сөйлеу құралдары мен сөйлеу
әрекетін, олардың т‰рлерін жан-жақты игер-
мей тұрып, белгілі бір бөтен тілде ойды жет-
кізу м‰мкін емес.
Сөйлеуді меңгерту дегеніміз – оқушының
айтайын деген ойын ауызша және жазбаша
т‰рде екінші адамға т‰сінікті етіп жеткізуіне
м‰мкіндік жасау.
Сөйлеуді ‰йрету – к‰нделікті өмірде кезде-
сетін жағдайларға байланысты адам өз ойы
мен пікірін тұжырымдау; Сол ойды сөзбен
бейнелеудің, сөйлем арқылы т‰сінікті т‰рде
жеткізудің амалдарын игерту.
Б‰гінгі таңда қазақ тілін мектеп оқушыла-
рының жетік білуіне, ынта-жігерін арттыруға
тілдік ортаның жетіспеуі себеп болып отыр.
Астана қаласының № 60-шы лицей ұстаздары
жоғарыдағы мәселені шешу мақсатында «Қа-
зақ тілін қазақ тілді ортада оқыту» жобасын
жасады. Мұндағы мақсат лицей оқушыларын
шет аймақтардағы қазақ отбасында тұрғызу
арқылы тұрақты тілдік қарым-қатынас орнату.
Нәтижесінде олардың тілге деген қызығушы-
лығын, ынта-жігерін артуын байқау болды.
Айтатын болсақ, бұл жоба ‰ш кезең бойынша
ж‰ргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: