268 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 3. «Біздің отбасымыз» мәтінін оқу (оқы-
лым)
4. Мәтін бойынша сұрақ-жауап (сөйлесім)
5. Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны туралы
мәтінді тыңдап т‰сіну (тыңдалым)
6. Досының немесе туысының отбасы ту-
ралы әңгіме жазу (жазылым)
Бұл тапсырмалардың бәрін ретімен орын-
даған тіл ‰йренуші туыстық атауларды жақсы
есте сақтайды, тәуелдік жалғауы мен ілік
септігін дұрыс т‰сініп қолдана алады, тақы-
рыпты айтып бере алады.
Келесі мәселе - тіл ‰йретуге жақсы нәти-
жеге жету ‰шін оқудың қай т‰рін қолдану
керектігі. Оқып ‰йренудің алғашқы кезеңінде
педагогика тарихында «догматикалық оқу»
деген атпен сынға ұшыраған оқу т‰рін де
пайдалануға болады. Мұндай оқуда ‰йренуші
белгілі бір мәселе бойынша ақпарат қабыл-
дайды, қайталайды, жадында сақтауға тыры-
сады. Мақсаты - фактіні есте сақтау. Оқудың
келесі бір т‰рі - репродуктивті оқу. Оның
мақсаты: жаттығуды, тапсырманы белгілі бір
‰лгіге (модельге) қарап орындау. Оқудың бұл
т‰рін де қарапайым деңгейде қолдануға бо-
лады.
Тіл ‰йренушінің білім сапасын көтеру
‰шін, есте сақтаудан-ойлауға көшу ‰шін, яғни
ойлау мәдениетін қалыптастыру ‰шін, оқы-
туда белгілі бір нәтижеге жету ‰шін ғалымдар
оқу процесін «технологияландыру» мәселесін
көтерді. Осыған орай «оқыту технологиясы»
деген ұғым пайды болды.
Технология шеберлікпен өнім алу, нәти-
жеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту
дегенге саяды.
Оқыту технологиясын дәст‰рлі және инно-
вациялық технология деп бөледі. Ал инно-
вациялық технологияның бірі – модуль арқылы
оқыту (мөлшерлеп) оқыту. Білім алушының
м‰мкіндігіне орай оқу материалының мазмұ-
нын порциямен, дербес тақырыптармен беру.
Модульді оқытудың ерекшеліктері:
• оқыту мақсатының, нәтижесінің айқын-
дылығы;
• оқу материалының бөліктермен берілуі;
• әр бөліктің мазмұны, құрылымдық эле-
менттері болатыны;
• оқытушы кеңесші, бағыт беруші бола-
тындығы;
• тіл ‰йренуші өз м‰мкіндігіне сай, өз бе-
тінше білім алатындығы;
• оқытушы мен оқушы арасындағы қаты-
нас субъект - субъектілік болатындығы;
• модуль мазмұмынын өзгертуге, толық-
тыруға болатындығы;
• маман дайындауға кәсіби бағыттылығы;
• студенттің творчестволық ойлауға қа-
лыптасатындығы;
Модульді оқытуды бес деңгейде қолдану –
ең тиімді нәтижеге жеткізеді.
Адамның белгілі бір шамадағы белсенді-
лігі болмаса, оның қызығушылығын ояту оңай
емес. Ол ‰шін оқытудың актив әдістерін пай-
далану керек.
Тіл ‰йренуші мен ‰йретушінің іс-әрекет-
теріне қарай әдістің саны да, атауы да алуан
т‰рлі. Интерактивті әдістер көбіне өткен ма-
териалды бекіту мақсатында қолданылады.
Қазіргі қолданылып ж‰рген белсенді әдіс-
терге шығармашылық тапсырмалар, шағын
топпен жұмыс істеу, іскерлік ойындар, пікір-
талас т.б. жатады. Біздің ‰немі пайдаланатын
тәсіліміз – сұрақ қою, қарсы сұрақ қою, пі-
кірлесу. Әрбір оқылым және тыңдалым бөлік-
терінде тіл ‰йретуші сұрақ қойып, ‰йрену-
шілер жауап береді, ‰йренушілер бір-біріне
сұрақ қояды, оқытушыға сұрақ қояды. Пікір-
лесу – сабақты аяқтайтын кезде топтың шағын
топтарға жіктеліп алып ж‰ргізетін тәсілі. Бұл
тәсіл ортадан жоғары деңгейде қолдануға лайық.
Қорыта келе, айтарымыз – халықаралық
стандартқа сәйкес стандарт, лексикалық ми-
нимум бар. Оқытуды нәтижелі ету ‰шін осы
қажетті стандартты пайдаланып оқу бағдарла-
масын жасап алып, оқыту әдіс-тәсілдерін із-
деністермен толықтыру қажет.