Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет35/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 27 
құбылыс. Ғалым өз пікірін тарихи жәдігер-
лердің, тіл тарихын зерттеген ғалымдардың 
пікірімен бекітіп отырады. Әр нәрсенің та-
рихы болатыны тәрізді тілдік құбылыстардың 
да дамуы, әр дәуірдегі қоғам дамуының си-
патына орай өзіндік жаңалықтармен толығу 
фактілері кездесіп отырады. Алайда қазіргі 
тілдік зерттеулерде осы жағы көбіне-көп еске-
русіз қалады, сондықтан проф. Т. Сайрамбаев 
зерттеулеріндегі б‰гінгі тілді тарихи даму 
жолымен бірлестікте алып қарастыру ‰рдісі 
кейінгі ғалымдарға ‰лгі етерліктей.
Сан есім және етістіктерден құралған сөз 
тіркестері де тарихи даму тұрғысынан қарас-
тырылған. Автордың ойынша, жалпы санау 
тәсілі адамның практикалық қызметімен ты-
ғыз байланысты. Санауға байланысты ғалым-
ның салыстыруы да көңілге қонады. Айталық, 
алғашқы кезде адамдар тек екіге дейін санап, 
одан арғыларды санау м‰мкін емес, оларды 
тек «көп» деп ұққан тәрізді. Осыны аңғару 
‰шін автор жас баланы мысалға алады. Жас 
бала ең алдымен затты таниды. Көзіне не 
көрінсе, соны ұстауға ұмтылады. Бірақ оны 
санауға талпынбайды. Адам баласы өмір с‰ре 
бастаған алғашқы дәуірде де адамның санау 
қабілеті дәл осы деңгейде еді деген қорытын-
ды жасауы орынды
2, 46-б..
Сын есімді тіркестерді қарастырудағы 
ж‰йе сан есімге қатысты да сақталған. Сан 
есімді етістікті сөз тіркестерінің байланысу 
т‰рлері, синтаксистік қызметі, сан есімнің 
сөйлем м‰шесі ретіндегі жұмсалуы, білдіретін 
мағыналары т.т. мәселелер зерттеледі.
Сөз тіркесінің құрылымын жаңа сипат- 
та танушылардың алдыңғы легінде проф.
Т. Сайрамбаев тұрды. Бұл ең әуелі, сөз тірке-
сіндегі бағыныңқылық қатынасты (басыңқы 
сыңар) қолдау ыңғайында өріс алады. Бағы-
ныңқылық қатынас болғандықтан, сөз тіркесі-
нің бір сыңары басыңқы, екіншісі бағыныңқы 
болып келетіні белгілі. Мұндағы басыңқы 
сыңар сөз тіркесінің грамматикалық болмы-
сын айқындайды. Соның ыңғайына қарай сөз 
тіркесін топтастыру қазақ тіл білімінде бұ-
рыннан бар. Зерттеушілерді қызықтыратыны 
– басыңқы сыңардың құрамы. Т. Сайрамбаев 
есімді, етістікті тіркестермен бірге ортақ ба-
сыңқылы деген ‰шінші топты бөледі 
3, 26-34 
бб.
. Ортақ басыңқы сыңар туралы тілдік де-
ректердің негізінде ғылыми болжамдарын 
айтады. Айта кеткен жөн, сөз тіркесінің ба-
сыңқы сыңарлары ғалым шәкірттері тарапы-
нан кандидаттық диссертация деңгейінде қа-
растырылуда 
4.
Сөз тіркесінің байланысу т‰рлері ғылыми 
әдебиеттерде әбден айқындалып, нақтыланған 
десек те, оның кейбір т‰рінің аталғаны бол-
маса көп мәселелері, жасалу ерекшеліктері т.т. 
жағынан зерттеу нысанына алынбаған. Тіл 
сырын терең ұғатын ғалымның назары бұлар-
ды да жіті аңғарады. Автордың сөз тіркесін-
дегі байланысу т‰рі – жанасу жайындағы жаз-
ғандарын осыған балаймыз
3, 34-42 бб..
Тіліміздегі сөз тіркесі т‰рлерінің құры-
лымдық жағынан толыса т‰сетінін де ескеру 
керек. Әдетте сөз тіркесі ұғымы құрылымдық 
жағынан еркін сөз тіркесі және тұрақты тір-
кестер деп ажыратылады. Сонымен бірге ғы-
лыми әдебиеттерде «сөз тіркесі» және «тір-
кес» ұғымдарын саралай қолданатыны мәлім 
5, 13-б.. Дегенмен сөз тіркесінің құрылым-
дық т‰рлерін жоғарыда аталған екі топпен 
шектеп қоюға тағы болмайды. Әсіресе қазіргі 
тілдің терминдік лексикамен байи т‰суіне 
байланысты терминологиялық сөз тіркестері 
сөз тіркесінің құрылымдық бір т‰рі ретінде 
еркін және тұрақты тіркестермен терезесі тең 
бірлік деп қарастыруға сұранып тұр десе бо-
лады. Осы орайда да біз проф. Т. Сайрамбаев- 
тың кейінгі зерттеушілерге ой тастарлық ғы-
лыми пікірлерінің ұшын көреміз. Ғалым тер-
минологиялық сөз тіркестерін жеке санат ре-
тінде талдамаса да, оны к‰рделі сөз тіркестері-
нің құрамында қарай отырып 
Қараңыз: 6, 21-
б.
, олардың тұрақты тіркестерден төмендегі-
дей айырмашылықтары барын дұрыс көрсет-
кен. Атап айтқанда, олар: 1) құрамындағы сөз-
дер санының бірден емес, келе-келе молаю 
процесі басым; 2) мұнда терминдік мәнінің 
жаңаруына сәйкес қосымша анықтауыш т.б. 
‰немі қосылып отырады 
7, 54-б.. Бұл белгі-
лер сөз болып сөз тіркесі т‰рінің құрылымдық 
табиғатын жаңаша тануға м‰мкіндік береді 
деп санаймыз.
Тіл қатып қалған құбылыс емес, ‰немі 
жаңарып отыратыны белгілі. Тілдегі жаңалық 
қоғамымызда болып жатқан әр алуан құбы-
лыстарға, қоғамдық тәжірибенің, ғылым мен 
техниканың дамып өркендеуіне тікелей қа-
тысты болып келеді. Тілдегі жаңалықтың бір 
саласы жаңа сөз тіркестерінің пайда болуымен 
тығыз байланысты. Осындай жаңадан қалып-
тасып жатқан тіркестер де ғалым назарынан 
тыс қалмаған. Т. Сайрамбаев аталған «Сөз тір-
кесі мен жай сөйлем синтаксисі» атты ең-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет