Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет36/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   446
28 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
бегінің «Кейбір жаңа сөз тіркестері туралы» 
тарауында осындай тілдік жаңа тіркесімдер 
жөнінде сөз қозғайды. Жаңа тіркестер лекси-
камызда бұрыннан бар сөздердің және жаңа-
дан енген сөздердің бір-бірімен тіркесі нәти-
жесінде жасалынады. Ғалымның ойынша, тіл-
дің жаңа сөз тіркесімен баюының көздері 
мынадай: 1) жаңа сөз пайда болады; 2) оның 
тіркесе алатын сөздері болады; 3) жаңа сөз 
тіркестері калька арқылы пайда болады; 4) сөз 
тіркесіне енген сөздер сөз тіркесінің бағы-
ныңқы және басыңқы сыңарында жұмсалады; 
5) жаңа сөз тіркесі құрамындағы сөздер өзара 
меңгеріле, матаса, қабыса байланысады да, 
олардың генетикалық қабаты да әрт‰рлі бо-
лып келеді (екі сыңары да қазақ сөзі, бір сы-
ңары қазақ, екінші сыңары кірме сөз, екі 
сыңары да кірме сөз т.т.)
3, 74-б..
Проф. Т. Сайрамбаевтың сөйлемді құрай-
тын бөліктерге байланысты зерттеулерінің бір 
парасы – қаратпа мен қыстырмаларға арна-
лады. Біздің ойымызша, аталған құрылым-
дарды арнайы қарастырудың теориялық жағы-
нан болсын, практикалық жағынан болсын 
маңызы зор. Сөйлем адам ойын жеткізудегі 
басты коммуникативтік тұлға екендігі белгілі.
Ал осы қарым-қатынасы құралы – сөйлемнің 
құрылысы да к‰рделі. Ол бірыңғай ж‰йелі 
бірліктерден құралмайды. Адам ойының, пікі-
рінің әр алуандығы және қандай жағдаятқа 
байланысты айтылатындығы сөйлем құрамы-
ның да к‰рделене т‰суіне себеп болады. Оқ-
шау сөздер – сөйлемнің негізгі құрамымен 
тікелей грамматикалық байланысқа т‰спейтін, 
онымен тек мағыналық қатынаста болатын сөз 
бөліктері. Бұлар арқылы сөйлемнің құрамы 
к‰рделенеді, сөйлем өзін құрайтын органика-
лық м‰шелерден басқа б‰кіл сөйлемді әрт‰рлі 
мән-мағынамен әрлендіретін сөздермен, ора- 
лымдармен толығады. Бұл оқшау сөздердің 
синтаксистің аясында қаралатын санатқа жа-
татындығы негізгі мағына беретін синтаксис-
тік құрамның шылауында, жетегінде ж‰руі-
нен, сонымен қабаттаса айтылуынан көрі-
неді
2. Міне, осы тәрізді сөйлем құрылымы- 
на қатысты мәселелер Т. Сайрамбаевтың ең-
бектерінде арнайы сөз болған. Бұл жайт син- 
таксистің сөз тіркесі, я болмаса сөйлем син-
таксисі тәрізді дәст‰рлі т‰рінде де, сондай-ақ 
қазіргі тіл біліміндегі функционалды син- 
таксис ‰шін де маңызы ерекше тұрған мәсе-
лелер болып табылады. Ғалым ғылыми мәні 
жоғары осындай бірліктерді көре білген,
оны зерттеудің бағдарын алдын ала болжай 
алған.
Қорыта айтқанда, профессор Т. Сайрамбаев-
тың қазақ тіліндегі сөз тіркесіне қатысты зерт-
теулері синтаксис саласындағы маңызды ғы-
лыми пікірлер болмақ. Ғалым еңбектерінің 
ғылым жолындағы кейінгі ұрпаққа қалдырар 
өнегесі тілдік құрылымды қазбалап зерттеу-
мен, сондай-ақ зерттеу нысанына орай өзекті 
тұстарды айқындаумен құнды.
_____________ 
1. Сайрамбаев Т.С. Глагольные словосочетания с при-
лагательными и числительными в современном казахском 
языке. Автореферат ... канд. филол. наук: Алма-Ата. 1965.
2. Сайрамбаев Т. Синтаксистің кейбір мәселелері. Ал-
маты: Мектеп, 1996.
3. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтак-
сисі. Алматы: Рауан, 1991.
4. Тұрарова А.Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестері-
нің басыңқы сыңарлары. Филол. ғыл. канд. ... авторефе-
раты: Алматы. 1999.
5. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Ал-
маты: Санат, 1998.
6. Сайрамбаев Т. Структурные - семантические типы 
сложных словосочетаний в современном казахском языке. 
Автореферат ... докт. филол. наук: Алма-Ата. 1982.
7. Сайрамбаев Т. Терминдердің сөз тіркесіндегі құ-
рылымдық ерекшеліктері туралы // Қазақ терминология-
сының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1986.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет