Алматы №1 (135) 2012


Ермекова Тыныштык Нурдаулетовна



Pdf көрінісі
бет34/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   446
Ермекова Тыныштык Нурдаулетовна 
ЛИЧНОСТЬ И ИССЛЕДОВАТЕЛЬ ОБЪЕДИНИВШИЙ СИНТАКСИЧЕСКУЮ СИСТЕМУ 
 
Статья посвящена весомому вкладу профессора Т. Сайрамбаева в синтаксису казахского языка. 
Ermekova Tynyshtyk Nurdauletovna 
A PERSON AND RESEARCHER WHO COMBINED SYNTACTIC SYSTEM 
 
The article is devoted to the contribution of Professor T. Sayrambaev to the syntax of the Kazakh language. 
 
 
С. Қ. Әлісжан, 
филология ғылымдарының докторы, 
Назарбаев Университетінің профессоры, Астана қ. 
 
ПРОФЕССОР Т.САЙРАМБАЕВ ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІНІҢ
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Профессор Т. Сайрамбаев қазақ тіл білі-
мінде, оның ішінде қазақ тілінің сөз тіркесі 
синтаксисін, сөйлем синтаксисін зерттеудегі
өзіндік орны бар, өзіндік ‰ні бар айтулы 
ғалым. Ғалым көптеген шәкірттер дайындады, 
олар қазір еліміздің т‰кпір-т‰кпірінде білім 


26 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
беру саласында қызмет етуде. Ғалым шәкірт-
терінің арасында арнайы синтаксис мәселе-
лерімен айналысушылар да, сондай-ақ тіл бі-
лімінің басқа саласында ізденіс ж‰ргізетіндері 
де жетерлік. Жастарды ғылымға баулуда, тәр- 
биелеуде проф. Т. Сайрамбайұлының еңбегі 
ерекше.
Сөз тіркесі – проф. Т. Сайрамбаев б‰кіл 
ғалымдық өмірінде ‰збей айналысқан тілдің 
саласы. Осы мәселеге арналған ғалым еңбек-
терін шолып шыққанның өзінде сөз тіркесінің 
ғылыми жағынан ең жанды деген тұстары 
жетік сөз болғанын аңғарамыз. Сөз болып 
қана қоймай алдағы уақытта зерттеле т‰сетін 
қырларына бағыт-бағдар жасалады, ғылыми 
болжамдар айтылады, ғылымдағы ізбасарла-
рына арқау етеді. Сөз тіркесінің құрылымдық 
ерекшеліктері, тарихи өзгерістерге сай дамуы, 
жаңа тілдік деректермен толысуы, сөздердің 
тіркесімділігі т.т. қадау-қадау жайттар ғалым 
еңбектерінде шынайы көрініс тапқан.
Мынаны ескерген жөн, қазіргі кезде тілші 
ғалымдардың арасынан құрылымдық лин-
гвистика өз межесіне жетті деген пікірлерді 
ауық-ауық естіп қаламыз. Бір қарағанда, жаны 
бар сөз, тілдің қазіргі заманғы зерттеу бары-
сында тиімді нәтиже берер өзге де зерттеу 
аспектілері қажеттілігі сөзсіз. Дегенмен тілдік 
құрылымның қалың қаттауы әлі де толық 
ашылып бітті айтуға болмайды. Бұл сөз 
тіркесімділігіне де, сөздің сөйлем ішіндегі 
қолданысына да, мағынаға да қатысты жайт. 
Осы тұрғыдан келгенде, проф. Т. Сайрамбаев-
тың еңбектері тілдік құрылымды қарастыру 
‰шін көп зерттеулерге әлі талай ‰лгі-өнеге
болары анық. Ғалым тілдік құрылымның зерт-
теушілерге белгісіз тұстарын қыран көз сақ-
шыдай тап басып, дәл анықтайды.
Проф. Т. Сайрамбаев ең әуелі, сөз тапта-
рының тіркесімділігіне назар аударған
1; 2, 3-
44 бб.
. Соның ішінде сын есім мен етістіктен 
құралған сөз тіркестеріне, олардың байланысу 
т‰рі мен ерекшеліктеріне, басқа тілге ауда-
рылу жай-к‰йіне тоқталады. Тек сын есім 
емес, сан есімді етістіктердің тіркесу жайын 
да ғалым назардан тыс қалдырмайды. Аталған 
сөз таптарының бір-бірімен тіркесу ерекше-
ліктері жалаң сөз болмайды, бай тілдік дерек-
терге с‰йене отырып зерттеледі. Құрылым 
мен мағына қатар алынып, бір-бірімен байла-
ныста қаралады. Мәселен, сөз таптарының 
жеке тұрғандағы, сондай-ақ тіркесім ыңғайын-
дағы мағыналары, олардың басқа бір сөзбен 
тіркесу қабілеттілігі, өзара мағына ‰йлесім-
ділігі барынша тәптіштеліп баяндалады. Сын 
есімдердің сапалық және қатыстық сын болып 
бөлінетіні белгілі. Бұл екеуі өздері анықтай-
тын етістік атаулымен жапа-тармағай тіркесе 
бермейді. Ғалым еңбектерінде сапалық сын-
ның өзінің етістіктермен тіркесімділігінің әр 
алуандығы сөз болады. Айталық, сапалық сын 
есімдердің негізгі және туынды болып келуі 
осы тіркесімділікке де өз нақышын салады. 
Т‰бір к‰йіндегі сапалық сындар етістікпен 
мол тіркеседі, ал жұрнақ негізінде жасалған 
туынды сын есімдер оларға қарағанда тіркесу 
жиілігі бәсең болады. Мысал ретінде толық 
(толық жабылды, толық ашылды), берік (бе-
рік тігілді) тәрізді қатыстық сын есімдерден 
сапалыққа ауысқан сындарды атауға болады. 
Әрине, сапалыққа қарағанда қатыстық сын-
дардың етістіктермен тіркесімділігінің аясы 
тар. Дегенмен мұндай тіркестер м‰лде тілдік 
қолданыста кездеспейді деп айтуға тағы 
болмайды. Әсіресе, тіл дамуының қазіргі жағ-
дайында (орыс тілінің ықпалынан да болар) 
стильдік иіннің кейбір т‰рлерінде жиі кездесе 
бастады (Мысалы, жарнама тілінде сенімді 
сақтайды
(депозитке қатысты) тәрізді тір-
кестің қолданылуы).
Ғалым өзінің әр зерттеуінде тілдік деректің 
шығу тегіне, тарихи құбылыс екендігіне тоқ- 
талмай кетпеген. Тарихи шолу ғалым еңбек-
терінде сөз тіркестерінің дамуына қатысты 
әрдайым сөз болып отырады. Осы салада 
жазылған арнайы ғылыми зерттеулерге с‰йене 
отырып, сөз тіркесінің дамуындағы еленбей 
ж‰рген құбылыстарға тоқталып өту ғалымның 
қай еңбегін алып қарасаңыз да орнын тапқан. 
Мына жолдар сөз тіркесі құрамындағы тарихи 
өзгерістерді тап басып, дәл берген деп санай-
мыз: «Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер 
олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни 
байланысу формасынан, байланысу амалдары 
мен құрылымдық т‰рлерінен көрінеді. Сөз 
тіркесінің байланысу формалары мен тәсіл-
деріндегі өзгерістер, шындап келгенде, мор-
фологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында 
кейін пайда болған құбылыстармен тығыз 
байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз 
тіркесіндегі өзгерістер, т‰птеп келгенде, әрбір 
сөз табының тарихи дамуымен тығыз байла-
нысып жатады» 
3, 12-б..
Аталған жайттар сөз таптарының тіркесім-
ділік қабілетінің дамуына да байланысты. Мә-
селен, сын есімдердің етістікпен тіркесі ежелгі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет