Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 287 шіден, кәсіби ғылым тілінің негізін табиғи тіл-
дің құрайтындығы, ал символикалық таңба-
лардың қосалқы ғана қызмет атқаратындығы
белгілі болады. Екіншіден, кәсіби ғылым ті-
лінің стиль болып саналмайтындығы және
онда қолданылатын кәсіби белгілердің сти-
листикалық белгілер болып саналмайтындығы
айқындалады. Демек, әдеби тіл тұрғысынан
жалпылама мәнде айтылатын ғылыми стиль
терминін салалық кәсіби ғылым тіліне қатыс-
ты қолдану жөн болмайды. Салалық ғылым
тілі – стиль емес. ‡шіншіден, терминдердің
ғылымның арнаулы, кәсіби тілінің, яғни мета-
тілінің құрамдас бөлігі ғана болып табыла-
тындығы, ғылыми тілдің терминдерден ғана
құралмайтындығы белгілі болады. Демек,
«салалық метатіл дегенше, салалық термино-
логия деп неге айтпаймыз» деушілік ғылыми
тұрғыдан дұрыс болмайды. Төртіншіден, ғы-
лыми метатіл арқылы жасалатын семантика-
лық талдау нәтижелерінің статистикалық тұр-
ғыдан есептеуге келмейтіндігі белгілі болып
отыр [4, 9-10] – деген қорытындыға келеді.
Бұл туралы ғылым тілін зерттеген Қ.Алтай-
бекованың еңбегінде де кеңінен сөз болады
[5]. Аталған зерттеулер барысында «салалық
ғылым тілі – стиль емес» деген тұжырым жа-
салады.
Жазушы тілі сөздігі арнаулы мақсатпен
кәсіби ғылым тілінде жасалатын жұмыс.
Жоғарыда жазушы тілі сөздігінің ғылыми
сөздік екендігіне, оның мәтінінің ғылыми мә-
тін екеніне көзімізді жеткіздік. Сонымен қа-
тар, жазушы тілі сөздігінің арнаулы мақсат-
пен кәсіби ғылым тілінде жасалатын жұмыс
екендігіне де иландық. Келесі кезекте арнаулы
мақсатпен т‰зіліп отырған осы еңбек ғылым-
ның қай саласының заңдылықтары бойынша
жасалып отыр деген сұрақ қояр болсақ, оған
лексикографияның, оның ішінде жазушы лек-
сикографиясының заңдылықтары бойынша
жасалып отыр деп жауап береміз. Мұсаева
Жанерке Олжатайқызының «Қазақ лексико-
графиясында қолданылатын атаулардың мета-
тілдік табиғаты» атты диссертациялық еңбе-
гінде қазақ лексикографиясының метатілі ту-
ралы жан-жақты сөз болады.
Еңбектің «Қазақ лексикографиясының мета-
тілдік негіздері» деп аталатын бірінші бөлі-
мінде металингвистика, метатіл атаулары
туралы ғылыми тұжырымдар келтіріледі.
Ж.Мұсаеваның жазуы бойынша, металингвис- тика, метатіл атаулары ғылыми айналымға
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап ене
бастаған. «Тіл білімі бойынша ‰лкен энцикло-
педиялық сөздікте [6, 297] және «Тіл білімі
сөздігінде» [7, 219] металингвистикаға «мета-
тілді объект-тілдің сипаттау құралы ретінде
зерттейтін лингвистиканың саласы» т‰ріндегі
т‰сінік беріледі. Металингвистика терминіне
О.С.Ахманова сөздігінде: «1. (психолингвис-
тика, экзолингвистика); 2. «Екінші қатарлы»
тілдер (метатілдер) туралы ғылым» деген
анықтама келтіріледі [1, 230]. Металингвис- тика және метатіл терминдері қазақ тіл бі-
лімінде соңғы кезде жарық көрген Ғ.Қа-
лиевтің «Тіл білімі терминдерінің т‰сіндірме
сөздігі» атты еңбегінде де қамтылады [8].
Аталмыш еңбекте металингвистикаға «тілді
қолданушы адамдардың санасымен, қоғамдық
өмірімен байланысты тілдің ішкі мағыналық
ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімінің са-
ласы» ретінде т‰сінік беріледі. Сөздікте тер-
миннің екінші мағынасы да (табиғи адамзат тілін нысан етіп зерттейтін «екінші қатар- дағы» тіл туралы ғылым) келтірілген. Осы
сөздік мақалада метатіл терминіне сілтеме
жасалады. Метатілге байланысты сөздік мақа-
лада оның адамзаттың табиғи тілін объект
(«объект-тіл») етіп зерттейтін «екінші қатар-
дағы» тіл, методологиялық тіл екендігі көр-
сетіледі [8, 213]. Бұл жердегі екінші қатар- дағы тіл, методологиялық тіл деген т‰сінік-
темеде аса құнды тұжырым жасалып отыр-
ғандығын айту қажет. Бұл біздің зерттеуіміз-
дің тұжырымдарымен ‰ндеседі. Одан әрі
автор: «Тіл біліміндегі метатіл көбінесе объект
тілдегідей тіл бірліктері негізінде жасалады.
Сөйтіп, ол табиғи тілді сипаттай отырып, әрі
өзі де табиғи тілдің бір бөлігі ретінде көрінеді.
Тіл біліміндегі метатіл к‰рделі құбылыс, оның
негізінде, бір жағынан, терминаралық ж‰йелі
қатынастар, екінші жағынан, тілді зерттеуде
қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен
тұратын жалпы ғылыми лексика жатыр» деген
тұжырым жасайды. Ғалым, біріншіден, мета-
тілдің терминаралық ж‰йелі қатынастарға қатысын өте дәл байқаса, екіншіден, метатіл
негізінде ғылыми лексиканың жатқандығын
да айқын білдіреді. Автор «ғылыми қатынас
құралы ретінде терминнің метасөйлеуде нақ-
ты байқалатынын, олардың қатынасының лек-
сикографиялық құралдарды жасауда, белгілі
бір терминдерді т‰сіндіруде көрінетінін» жа-
зады. Осы жерде терминнің мазмұны метатіл
ж‰йесіндегі тіл бірлігі ретінде ашылатындығы