Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет360/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   446
286 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
тілдің тарихы мен сөз шеберінің өзіндік жеке 
стилін зерттеуге м‰мкіндік беретін бірегей 
дереккөз, ақпарат көзі болып табылады. Мұн-
дай еңбектерге деген қызығушылық сөз қаді-
рін т‰сіне білетін оқырманның өз шебер-
лігімен халықтың тіл қазынасын байытатын
прозаик, ақын, драматургтар шығармашылы-
ғының бастау көзін терең т‰сінуге деген ұм-
тылысын танытады.
Елімізде жазушы тілі сөздігін жасаудың 
тәжірибесі бірқатар мәселелерді алға қойып 
отыр. Бұл сөздіктер белгілі бір жазушы өмір 
с‰ріп, еңбек еткен дәуірдің тілдік жағдайын
қаншалықты шынайы бейнелей алды? Олар 
жазушы тілінің стильдік ерекшеліктерін қа-
лай тіркейді? Сөздікке лексиканы іріктеп алу 
өлшемдері қандай? Іріктелген материал қалай 
өңделеді? Осындай сұраулар жазушы лек-
сикографиясының жалпы теориялық мәселе-
лерін қарастыруға алып келеді. 
Жазушы тілінің сөздігі - әдеби шығарма-
дағы мәтіндерді саралап, жекелеген лексика-
лық бірліктердің, фразалық немесе атаулық 
тіркестердің мәнмәтіндік мағынасын анықтай-
тын, статистикалық қолданым жиілігін бел-
гілейтін, сол арқылы ғылыми зерттеменің ал-
ғашқы сатысын қамтамасыз ететін жұмыстар-
дың бірі. Сөздік жасалды делік. Сонда осы 
дайын өнім қалай жасалды? Ол қалай болса 
солай жасала салды ма, әлде оны жасауда бел-
гілі бір ғылыми ж‰йе мен құрылым сақталды 
ма? Ғылыми әдіс-тәсілдер қолданылды ма, 
әлде жоқ па? Әрине, онда өзіндік ж‰йе де, 
құрылым да бар. Оны т‰зуде өзгеден ерекше 
әдіс-тәсілдер де қолданылады. Демек, бұл жұ-
мыс та арнаулы мақсат бойынша, осы мақ-
сатқа сай арнайы әдістеме, әдістер негізінде 
жасалып отыр. 
Халықтық тілдің ерекше бір т‰рі ретіндегі 
арнайы мақсатта қолданылатын тілдер ту-
ралы зерттемелер бар. Арнаулы мақсатты тіл-
дердің жалпыхалықтық тіл мен оның т‰рле-
ріне негізделген жартылай автономды, ке-
шенді семиотикалық ж‰йелер ретінде білімнің 
бір саласында немесе туыстас білім салала-
рында жұмыс жасайтын мамандар арасында 
болатын тілдік қатынаспен шектелген, ар-
наулы білімді қажет ететін тілдер болып та-
былатындығы белгілі [1, 26]. Шындығында, 
ұғымдардың нақты салаларда қалыптасқан 
ж‰йесін ашып көрсету ‰шін қолданылатын 
тілдік құралдардың жиынтығын арнайы мақ-
сатта қолданылатын тіл деп те, кәсіби тіл деп 
те атауға болады.
С.Е.Никитина арнайы мақсатта қолданы-
латын тіл бойынша жасалатын талдаудың төрт 
типін атайды: философиялық, стилистикалық, 
терминологиялық және статистикалық. «Фи-
лософиялық талдау тұрғысынан ол тілдің 
ғылыми идеяларды бейнелеуге жарамдылығы 
мәселесін қарастырғанда, кәсіби ойды беруде 
негізгі қызметті табиғи тілдің атқаратыны 
белгілі болған. Кәсіби тілдің құрамдас бөлігі 
ретіндегі жасанды символикалық тілдердің 
бұған жарамсыздығы, олардың табиғи тілдің 
орнын баса алмайтындығы, табиғи тілді толық 
ауыстыра алмайтындығы анықталған. Сти-
листикалық талдау жасаған кезде ғылыми 
тілге тән «дәлдік», «объективтілік», «экспрес-
сияның болмауы» тәрізді белгілердің сти-
листикалық белгілер болып саналмайтын-
дығы, олардың нақты мәтінге жасалған тал-
даудың нәтижесі болмай, керісінше, жалпы 
ғылыми ойлауға тән белгілер екендігі анық-
талған. Терминологиялық талдаудың нәтиже-
лері кәсіби тілге өте қажетті, пайдалы бол-
ғанымен, бұл жерде ескерілуге тиісті жағдай: 
кәсіби тіл ұғымыменен терминология ұғымы 
бірдей емес, терминология кәсіби тілдің 
лексикалық деңгейіне кіретін құрамдас бөлік 
қана. Статистикалық талдау кәсіби тілдің не-
гізгі деңгейлерінің көпшілігін қамтиды, алай-
да, семантикада қолданылмайды. Кәсіби тілге 
жасалатын толық кешенді зерттеу талдаудың 
аталған төрт типін сабақтастыра қолданған 
кезде ғана м‰мкін болмақ» [2].
Қазақ лексикографиясында осы мәселені 
зерттеген М.М.Малбақов метатіл ұғымының 
лексикографияда екі т‰рлі мағынада қолданы-
латынын айтады: «Бірінші‚ жалпы‚ кең мағы-
надағы бірінші қатардағы метатіл - белгілі бір 
ұғымға берілетін сипаттаманың тілі. Лексико-
графияның тіліне көшіргенде бұл сөздік бір-
ліктерге берілетін сипаттаманың тілі‚ яғни 
сөздіктің метатілі болып шығады. Екінші 
метатіл - тіл білімінің жекелеген салалық 
терминдерін зерттеуде қолданылатын метатіл. 
Лексикографияның тіліне көшіргенде бұл лек-
сикографияның жалпы салалық атауларының 
тілі‚ яғни лексикографияның метатілі болып 
шығады [3, 82-83]. 
Ғылыми метатіл мәселесін зерттеуші 
Ж.Мұсаева ғылымның кәсіби тілі туралы 
төмендегідей қорытынды жасайды: «бірін- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет