294 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 қолдаушың мен қорғаушың қандай болады? Жарығы тұтас елге т‰скен қасиетті шырақ қандай болады? Жел жетпес ж‰йрік, асыл текті пырақ қандай болады?» деп көпшілік
алдында қойған сұрағына саспастан:
«Д‰ниеде азбайтын бйлық біреу, Ол – ақыл. Д‰ниеде тозбайтын байлық біреу, Ол – ақыл. Д‰ниеде қайтпайтын қолдаушың біреу, Ол – ақыл. Д‰ниеде таймайтын адал қорғаушың біреу, Ол – ақыл. Д‰ниеде жарығы тұтас елге т‰сетін қа- сиетті шырақ біреу, Ол – ақыл. Д‰ниеде ердің басына қонатын бақ біреу, Ол – ақыл. Д‰ниеде елдің басына қоятын тақ та біреу, Ол – ақыл. Ақылсыз басқа қонса, бақ баянсыз, Нақылсыз насқа қонса, тақ баянсыз. Құдай ақылсыз бас болғаннан сақтасын». Сондай-ақ, сөздің де адам санасының жемісі
екендігін атай кете, былайша т‰йін жасаған:
«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөден ащы нәрсе жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе жоқ. Сөзді тіліңе билетпе, ақылыңа би- лет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл». Шешендік сөздер тек қана адамның ақыл-
ой, санасына байланысты емес, әлеуметтік-
қоғамның кез келген мәселесіне қатысты ай-
тылған. Ең бастысы, олардың мазмұны. Сол
сияқты Ақтамберді жырауда:
Мінезді болса алғаның, Одан артық жан бар ма, Екі жаман қосылса, К‰нде жанжал, к‰нде шу. Ұяларлық ар бар ма?) Шал ақында:
Келін жақсы болса – ‡йіңе көп кісі келеді. Келін жаман болса – Келген кісі кеткісі келеді. Ас құй десең төккісі келеді, Төкпей құй десең сөккісі келеді- деген мол
тәжірибе мен білімнің шешендік толғауы ар-
қылы қорытылып берілуі бар.
Шешендіктің асыл ‰лгісін, интеллектінің
бұлжымас белгісін мына тарихи оқиғадан да
байқауға болады:
«Жиренше шешен жолаушылап ж‰ргенде әйелі Қарашаш кенеттен д‰ние салады. Са- пардағы шешенге бұл қайғылы хабарды қалай естіртуді білмей, ел қиналысады. Сонда қой соңында ж‰рген бір тазша бала: «Мені апа- рыңдар, мен естіртемін», - депті. 13 жасар тазша баланы алып, ауылдың ақсақалдары Жиренше жатқан ауылға келеді. Биік төбенің басында, д‰йім жұрттың ор- тасында Жиренше шешен отыр екен. Тазша бала Жиреншеге келіп: - Ассалаумағалейк‰м, ақылы елден асқан Жиренше аға! Сізді аузымен құс тістеген, ақ- қан өзенді тоқтатқан шешен дейді. ‡ш сұрақ- қа мұрсат беріңіз, - депті. Жас баланың батылдығына риза болған шешен мойын бұрып: – Айта ғой, - депті ықыласы т‰сіп. – Бауырың өлсе недейміз? – депті Тазша бала. – Бауырың к‰йіп т‰сті десейші. – Балаң өлсе не дейміз? – Қос б‰йрегіңді тірідей суырып алды десейші. – «Қатын өлсе, қамшының сабы сынды» дейміз ғой онда, аға? – депті Тазша бала. – Жоқ, қарағым. Жарың өлсе ошағыңның к‰лі шашылып, 32 қабырғаңды сөгіп алдым десейші! – Ал, аға, б‰кіл қабырғаңызға қалқан боламыз деп қалың ел-жұртың келіп тұр, - дегенде Жиренше секем ала: – Әй, көбейгір, балаларымның анасы, ‰йімнің жарық панасы, көзімнің қарасы, Қарашашым арманда кеткен екен-ау д‰ние- ден, - деп ботадай боздағанда сақалынан алты тарам жас ағыпты деседі. Демек, шешендік адамның жасына да, жы-
нысына да, әлеуметтік ортасына да, қоғамдық
беделіне де қарамай қалыптасып, дамитын
қабілет. Жалпы, шешендікің туындыларын тек
қазақ халқының фольклорлық шығармалар
жинағынан мыңдап қарауға болады. Кез кел-
гені терең ой, астарлы интеллектуалдық сырға
толы. «Шешен» концептісі, сонымен қатар,
«ораторлық», «сұлулық», «конструктивтік сөз
(ой)», «мәдениет», «этика», «дайындық», «ба-
тылдық», «логика», «дикция», сынды қызметі
мен танымдық тұрғыдан бір-біріне жуық ұғым-
дармен жуық.
Сонымен, «шешен» базалық конептісі бір-
неше микроконцептілерден тұратындығын және
олардың әрқайсысы шешендікті анықтауда
қажетті ұғымдар екендігін анықтадық. Хал-