арасындағы - әл ‰стінде, ажал алдында, қыл
‰стінде; бағзыдан бақилыққа -өмір бойы,
өмірдің соңына дейін; жанын шабақтады - ‰рейлену; базары бір к‰ндік, азары мың к‰ндік – қуанышы бір-ақ к‰нге созылса,
азабы көп к‰нге созылар; запа шекті – қорлық көрді, азып-тозды; сырты т‰к, іші тезек – сыртынан жақсы да, ішінен жаман; ат құйрығын кесісе -; дәрмен кетіп – шамасы,
к‰ш-қуаты қалмау; қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқтырмайтын-ды – қиянат
жасатпайды, қорғаштайды, зәбір көрсетпейді;
ай дейтін әжесіз – емін-еркін, бассыздық,
көзсіз; дәрмені де жоқ-тын – шама-шарқы жоқ.
Сондай-ақ, жазушының бір сөйлем бойын-
да бірнеше жалпы халықтық тіркестерді және
авторлық қолданыстағы тіркестер мен жалпы
халықтық фразеологизмдерді қолданғанын
көруге болады. Мысалы: Бірақ мұндай теке тірес сойқан тек бұғыларға ғана тән қасиет
емес, аса ақылдымыз деп сезінетін Адамдар
арасында бағзыдан бақилыққа ұласар бітіс-
пес тартыс барын т‰йсінген жоқ (9-бет). Иә,
иландырар дәлел сұрамайтын сырты т‰к, іші тезек хайуан болған соң, өз тілектерінің құр- бандығына шалдыда: «Д‰ниедегінің бәрі де
қауіпті, бірақ бәрі де қасиетті», - деп ақыл
айтты (14-бет). Өз м‰йізі өзіне сор әкелген
бұғы тауы шағылып, тас бауыр әлемнен ат құйрығын кесісе т‰ңілді де (12-бет). Мау-
сымның дәл ортасында арадай анталайтын
адамдар да, к‰йек басталса, алды-артын орап,
ырбаң қағатын маралдар да, кеше ғана алып
таудың қасат қарын бұған бұздырып, өздері
соңынан еретін дос-жаран бұғылар да зым-зия
қолдан қуат, бойдан дәрмен кетіп, бақ тайған
соң жалт берісті (15-бет).
Бұдан жазушының тұрақты тіркестерді өте
шебер қолдана алатындығымен қатар, оқыр-
манға т‰сінікті, әрі әсерлі болуы ‰шін де пай-
даланған десе да болады.
Қорытындылай келе, Оралхан Бөкей бей-
нелі тұрақты тіркестерді өз ойын, көзқарасы
мен д‰ниетанымын, жағдайларды көркем т‰р-
де суреттеуде, шығармаға экспрессивті, эмо-
ционалды реңк беру мақсатында молынан пай-
даланды. Ақынның фразеологизмдерді көр-
кем суреттеудің бір құралы ретінде ұтымды,
айшықты т‰рде пайдаланған. Олар төмендегі-
дей тәсілдер:
1. Жалпы халықтық қолданыстағы образ-
ды тұрақты тіркестер тұлғасын еш өзгертпей,
сол қалпында молынан пайдаланған (теке
тірес, келмеске кеткен, дәрмені кетіп, құрбан-
дығына шалу, бел байлаған, тар жол, тайғақ
кешу, қолтығынан демер, бір жұтым, жұбын
жазбау, тәуекелге бел буу, иі қану, иін тірес-
кен, наз қыла алмау, дес берді, оразасыш ашу,
жапа шегу, көзді ашып-жұмғанша, тас бауыр,
жан ұшырды, аспан айналып жерге т‰скендей
болды).
2. Суреттелетін оқиғаны қоюлату ‰шін
жалпыхалықтық қолданыстағы тұрақты тір-
кестер тұлғалық құрылымын трансформация-
лап, оларды жаңғыртып жаңартқан;
3. Бейнелі тұрақты тіркестер жасап, өзінің
қаламынан соны тіркестер тудырған. Сөйтіп,
халқымыздың сөздік қорын байытқан.
4. Тың тұрақты тіркестер жасауда Оралхан
Бөкей нақты зат пен дерексіз ұғымды тір-
кестірген.