Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет106/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 85 
5. Оралхан Бөкей тілдік құрамды пайда-
ланудың тамаша ‰лгісін көрсетеді. 
Тілді байыту, көркемдеу тәсілі жалғас-
тығын тауып отырғандығын Оралхан Бөкей 
шығармашылығындағы тұрақты тіркестер қол-
данысынан аңғаруға болады. Жазушы халқы-
мыздың бай қорын жан-жақты игере отырып,
халық тіліндегі сөз қолданыстарын өз мақсат-
м‰ддесіне орай дамытып, д‰ниетанымдық 
лексика көркемдік құрал ретінде алынып
айшықтандыра, жетілдіре қолданады. Б‰гінгі 
ұрпаққа ‰лгі-өнеге қалдыру мақсатында ұсы-
нады. Шығармаларының тілдік қолданысы 
арқылы жалпы ұлттық тілді қолданушы ре- 
тіндегі ақынның стильдік даралығы, ақын- 
ның шеберлігі, ақынның тұлғасы сомдала т‰с-
кен. 
______________ 
1. Сыздықова Р. Сөз құдіреті.-Алматы, 2003. 5-бет. 
2. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әде-
биетте қолданылуы. –Алматы: Мектеп, 1972. -79 б. 
 
М. Т. Есматова 
ФРАЗЕОЛОГИЗМЫ В ПОВЕСТЯХ О. БОКЕЙ 
В статье рассматривается использование фразеологизмов в повестях О. Бокей. 
M. T. Esmatova 
IDIOMS IN THE NOVELS OF O. BOKEY
 
The article considers the use of phraseological units in O. Bokey’s novels. 
С. А. Оданова 
ҚазМемҚызПУ доценті, ф.ғ.к., sagi68@mail.ru 
 
КІРМЕ Т‡БІР СӨЗДЕРДІҢ ‡НЕМДЕЛУІ 
 
 
Қазақ тілі өзінің даму тарихында т‰рлі ке-
зеңдерді басынан кешіріп, тілдегі графиканың 
бірнеше рет ауысқандығы баршаға белгілі. 
Қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, Еуропа 
тілдерінен енген халықаралық сөздерді қол-
дану ‰рдісі белең алды. Алайда б‰гінгі тілдік 
ортада ұлттық тіліміздің қайнар бұлағына 
қайта оралу байқалады. Сан т‰рлі себептер-
мен тілдік құрамымызға араб, парсы, моңғол, 
қытай, орыс т.б. тілдерінен енген кірме сөз-
дердің әбден сіңіскені соншалықты - қазақтың 
төл сөздері секілді болып кеткен. Мысалы: 
дос, бақыт деген сөздерді арабтың сөзі де-
генге тілші болмаса, өзге тіл қолданушылар 
сене қоймас. Себебі араб-парсы сөздерінің 
тілімізге енгеніне бірнеше ғасыр өтті. Ал орыс 
тілінен, орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген 
сөздерді тануға м‰мкіндік бар. Мысалы, теле-
ком, компьютер, парта, балкон, код деген 
сөздердің кірме сөз екені айтқан сәттен бас-
тап ұғынықты болады. 
Т‰ркі тілдеріне көне дәуірлерде соғды, 
қытай тілдерінен де сөздердің енгендігі ту-
ралы Ғ.Айдаров «Көне т‰ркі жазба ескерт-
кіштерінің тілі» атты еңбегінде айтып өткен
болатын [1, 128 б.]. Қай кезеңде де аймақтық 
жағынан қатар отырған, қарым-қатынаста, 
байланыста болған елдердің бір-бірімен сөз 
алмасулары жиі орын алады. ‡ІІІ-ХІІ ғасыр-
ларда т‰ркі (қазақ) тілдеріне араб-парсы кірме 
сөздері еніп, діннің келуімен мықтап орнық-
ты. ХІІ-ХІ‡ ғасырлардағы моңғол шапқын-
шылығына байланысты ата тілімізге моңғол 
тілінен сөздер ене бастады. Салты мен өмір 
с‰ру жағдайы, шаруашылықтарының ұқсас-
тығы бұл сөздерді де жатсынбай қабылдауға 
негіз болды. Ал орыс халқымен тізе қосып
бірігуі әсерінен осы тіл арқылы б‰гінге дейін 
қазақ тілінің сөздік құрамы толығып келеді. 
Бұдан әр кезеңдердегі саяси оқиғалардың 
тілге тигізген әсері мол болды деген қоры-
тынды шығаруға болады. Тілдің ұзақ уақыт 
ж‰ріп өткен жолын кесте арқылы төмендегіше 
көрсетуге болады:
Қазақ тілінің сөздік құрамын толықтырып, 
байытып отырған кірме сөздердің ішінде ең 
көрнекті орын алатыны араб және парсы 
сөздері болып табылады. Тілімізге енген араб
парсы сөздерін екі топқа бөліп қарастырған 
жөн:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет