Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет103/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   446
қыла алмады – еркелемеді, қылық көрсетті; 
алакеуім (көлеңке) – бозамықты к‰ңгірт шақ; 
теке тірес – қатты ерегіскенде айтылады; дес 
беру – ырық берді, айтқанға көнді, бой-
ұсынды, сөзге құлақ асты; келмеске кеткен – 
д‰ниеден қайтты, өлді, қаза тапты; оразасын 
ашты – таңертеңгі асын ішті, нәр татты; жапа 
шекті – қорлық көрді, азып-тозды; дәрмен 
жоқ – шама, к‰ш-қуат жоқ деген мағына-
ларды береді.
Бұл тұрақты сөз тіркестері етістік тобына 
және есім тобына жататын фразеологизмдер. 
Мұндағы иін тірескен, наз қыла алмады, дес 
беру, жапа шекті, оразасын ашты, душар 
болу, келмеске кеткен атау тұлғалы зат 
есімдердің етістікпен тіркесу арқылы келетін 
етістік тобына жататын фразеологизмдер. 
Алакеуім, дәрмен жоқ, теке тірес есім то-
бына жататын фразеологизмдер. 
Тұрақты тіркестер - образ, характер жасау-
да, қоғам құбылыстарын, табиғат көріністерін 
бейнелі, көркем суреттеуде, адамның психоло-
гиялық жағдайын көрсетуде, ішкі сезімін 
суреттуде бірден-бір дайын құрал. «Фрпазео-
логизмдер шығарма тіліне айрықша көрік, 
ұтымды мазмұн, ұлттық калорит береді. Ха-
лық тілінің бұл қат-қабатты қазынасына бар-
лау жасап, көзін табу, қажетіне жарату «адам 
жанының инженері» - жазушының шеберлігі-
не байланысты» - дейді Х. Қожахметова. 
Сондықтан да тұрақты тіркестерді қолдану 
қаламгер шеберлігіне тікелей байланысты. 
Жалпы қаламгер тіліндегі тұрақты тіркестерді 
зерттеу барысында әр қаламгердің фразеоло-
гизмдер саласындағы байырғы қазынаны қан-
шалықты тергендігін және қаншалықты жаңа 
т‰рлерін ұсынғандығын сол арқылы әдеби 
тілге қосқан өзіндік ‰лесін айқындауға бо-
лады. 
Оралхан Бөкейде жаңа тіркестер жасап, 
ж‰йелі жолдарын көрсеткен. Өлеңдерін көр-
кем суреттеу ‰шін, айтпақ ойын экспрессивті-
эмоционалды мәнде бейнелеу мақсатында 
әдеби тілге жаңа тіркестер әкеледі.
Осыған орай осы әңгіме бойынша автор-
лық қолданыстағы фразеологизмдерге де тоқ-
тала кететін болсақ, мысалы: 
1. Өзегін өкініш өрті жандырып тұрса 
да, дәт шіркіннің мынау буы бұрқырап, сылқ-
сылқ к‰ле ағып жатқан аяқ астындағы суға 
жетпеуі қалай? (6-б.) 
2. Сондығы ма, таңертең соқталы шай-
қасқа т‰спей-ақ, барлық табында өзімсіне ала 
жөнеліп еді, нәпсі сақал сипатпайды екен, 
жастау бұғылар өжіректеп бастырмады ғой. 
(8-б.) 
3. Өлім мен өмірдің арасындағы к‰йекке 
алғашқы болып т‰су ‰шін ж‰ріп жатқан 
майдан - саф ерліктің, шын еркектің асқаралы 
‰лгісіндей еді, қолдан м‰сіндегендей қаздиған 
бастар оқтай атылып т‰йіскенде, алтын кебісті 
бір-біріне ұрғандай әсем, әрі аянышты (8-бет).
4. Бірақ мұндай теке тірес сойқан тек 
бұғыларға ғана тән қасиет емес, аса ақыл-
дымыз деп сезінетін Адамдар арасында бағ-
зыдан бақилыққа ұласар бітіспес тартыс 
барын т‰йсінген жоқ (9-бет). 
5. Жер тарпып айбат шеккен оспадар ‰н 
шықпаса, осы қалпында шөке т‰сіп, өліп-ақ 
кеткісі бар-тын, Кербұғының әбден жеріне 
жете әлсірегенін сезе тұра, б‰йірден бір нұқып 
құлатпай, заңды жекпе-жекке шақырып тұр-
ған жас талапкердің ұятты қылығы жебеді ме, 
әлде ата-бабасынан бермен қарай т‰йін-шек, 
‰зіліссіз жалғасқан өр кеуде жігер оты қайта 
тұтанып, кер баққан шаршасты т‰ре қуып, 
жанын шабақтады ма, иіле берген басын қаз-
даңдатып, аспандата көтеріп алды (9-бет). 
6. Уылжыған көкерімге ынтызар қызыл-
шыл кәрі көңіл ақыр аяғы өзін мерт етерін 
білді ме, білсе, шамасына қарай шаппай несі 
бар еді, қайран қарттық-ай, жас иістің базары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет