Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет123/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   446
98 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
есімшелі оралымға қатысты қарастыруды жөн 
көрдік. Өйткені бәрібір сол көмекші етістік 
алдындағы сөздердің барлығын сөз табына, 
сұрауына қарамастанөзіне шоғырландырып 
күрделі анықтауыш жасауға негіз болып отыр. 
Мұндай тұлғалы көсемше етістік кейде толық 
мағыналы етістікті сөйлемде де күрделі анық-
тауыш жасауға қатыса алады. 
Еліктеуіш сөздер мағынасы жағынан айна-
ладағы әр түрлі дыбысқа және қимылға, іс-
әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты ды-
быстық еліктеуіш сөздер болып екіге бөліне-
тіні белгілі. 
Айналадағы табиғат құбылыстарының алуан 
түрлі дыбыстарына еліктеуден пайда болған 
дыбыстық еліктеуіш сөздер есімшелермен тір-
кесіп есімшелі оралым жасауға қатысады. 
Дыбыстық еліктеуіш сөздердің -ған,-ген,-
қан,-кен тұлғалы есімшелермен тіркесіп келуі 
арқылы:Құлаққа жағымды қоңыр үндердің 
арасында тыңқ-тыңқ шертілген домбыра даусы 
естіледі. (Қ.Жұмаділов). Тырс еткен дыбыс жаң-
ғырып бүкіл жатақхананы басына көтерді 
(М.Қаназов). 
Дыбыстық еліктеуіш сөздердің –атын, -
етін, -йтын,-итін есімшелермен тіркесіп келуі 
арқылы тынымсыз тырс-тырс тиетін қамшы 
да кенет бір сәтке жансыз күйге түсіп тыйыл-
ған (М.Сүндетов). Сыбдыр қағатын әрбір ағаш 
жапырағы балалар арасында сезік тудыра бас-
тады (М.Байғұтов). 
Дыбыстық еліктеуіш сөздердің –ар,-ер,-р 
тұлғалы есімшелермен тіркесіп келуі: Елеңдеп 
жатқан соң сырт етер дыбыстан оянады (Т.Мә-
месейітов). Көңілін әлдеқандай сабыр тауып, 
суып басылған кезде “үп” етер лептен үркек-
теп тұрары бар (М.Қаназов). 
Табиғатта кездесетін білгілі емес құбылыс-
тардың адамның көзбен көру қабілетінен туа-
тын бейнелеуші еліктеуіш сөздер де есімше-
нің барлық тұлғаларымен тіркесіп оралым жа-
сайды. 
Бейнелеуіш еліктеуіш сөздердің –ған,-ген,-
қан,-кен тұлғалы есімшелермен тіркесіп келуі 
арқылы: Елбіреп барып дір еткен канат лебін-
дей (М.Әуезов). Ә, анау жалғыз үй жатқан 
қылт еткен аттылыны көрген екен ғой (С.Жү-
нісов). Класта шұрқ-шұрқ тесілген парталар 
көп екен(М. Байғұтов). 
Бейнелеуіш еліктеуіш сөздердің –атын.-
етін,-йтын,-итін тұлғалы есімшелермен тірке-
сіп келуі арқылы: Жылт-жылт көрінетін керо-
синка төрт бұрыш терезенің алдынан орын 
теуіпті. (М.Сүндетов). 
Бейнелеуіш еліктеуіш сөздердің –ар,-ер,-р 
тұлғалы есімшелермен тіркесіп келуі: Басында 
жылт етер үрейдің әсерімен қаша жөнелгісі келіп 
тұрады да, қашпай тұрап қалады (Қ. Жұмаділов). 
Жәнібектің жан сала қимылдауы ұнап қалса 
керек, Дудардың бағжаң етер көзінде бұған 
деген бір жылылық бар (Қ.Жұмаділов). 
Демек, тіліміздің қарыштап өркендеуіне 
байланысты қазақ тілінің синтаксистік жүйесі 
де жетіліп, өз заңдылықтары қалыптаса баста-
ғанын көреміз. 
______________ 
1. Аманжолов С.Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің 
қысқаша курсы,-Алматы,1940 
2. Әміров Р.Жай сөйлем синтаксисі.-Алматы,1983 
3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,1992 
4. Cайрамбаева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз 
тіркестері.-Алматы,1981


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет