94 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 жұмсалады, бөлек жазылғанымен, сөйлемнің
бір ғана м‰шесі болады. Мысалы, суық тор-
ғай, кәрі жілік, қара ала, он бес, екі ж‰з, қыз-
мет қыл, сабыр ет.
Тіркестіру арқылы сөз жасау сөз таптары-
ның бәрінде де бар құбылыс. Екі (кейде ‰ш)
компоненттен құралуы, құрамындағы сөздер-
дің сабақтаса байланысуы, номинативтік си-
паттағы сөздердің де жасалуы жағынан бұлар
біріккен сөздер сияқты. Тіркесті сөздер бірік-
кен сөздерден қандай ерекшеліктерімен ажы-
ратылады? Біріншіден, тіркесті сөздер компо-
ненттерінің лексикалық және грамматикалық
мағына дербестігі сақталады (мал дәрігері, тіс
дәрігері) Біріккен сөздердің компоненттері
лексикалық дербестігінен айрылып қалады.
Екіншіден, тіркесті сөздердің синтаксистік
қатынасы сақталады, дегенмен, сөз тіркесін-
дегідей емес, айқындауыштық сипатта. Ал
біріккен сөздердің арасындағы синтаксистік
қатынас тұтасып, лексикалану сипаты басым
болады (желтоқсан, қайнаға). Осындай қа-
сиеттері негізге алынып, алғашқылары бөлек
жазылса, кейінгілері бірге жазылады.
Тіркестіру арқылы сөз жасау сөз таптары-
ның бәрінде де бар құбылыс деп көрсетіледі.
Бұлардың барлық сөз таптарындағы дәрежесі
бірдей емес: сан есімдер мен етістіктерде же-
текші тәсіл болса, есімдіктерге бұл құбылыс
тән емес десе де болады [2:98]. Сондай-ақ
к‰рделі етістіктер деп аталып ж‰рген етістік-
тердің барлығы бірдей сөзжасам объектісіне
енбейтіндігін, бұларды атауда бірізділіктің
жоқтығын айту керек. Етістіктерге қатысты
еңбектерде к‰рделі етістіктер тобына жатқы-
зылып ж‰рген етістік т‰рлерін бөлу де, олар-
ды атау да біркелкі емес:
1. Жарқ ету, айқай салу, жәрдем ет, адам бол, қызмет қыл, табыс ет, т.б. осындай етіс-
тіктерді Ы.Маманов тіркесті т‰бір етістіктер
десе [3:27], А. Қалыбаева мен Н.Оралбаева құ-
ранды етістіктер [2:254], А. Ысқақов к‰рделі
құрама етістіктер [4:238] деп атаған.
2. Келіп кет, бара кел, алып кел, әкеп қой:
Ы.Маманов – к‰рделі етістік [3:6], А.Ысқақов
жай к‰рделі етістік немесе құрама к‰рделі
етістік [4:239], А.Қалыбаева мен Н. Оралбаева
к‰рделі етістік [2: 292].
3. Келе жатыр, кетіп қал, айта сал, қарай көр: Ы.Маманов алдыңғы етістіктермен бірге
к‰рделі етістіктер деп қараса [2:27], А. Ысқақов
аналитикалық етістіктер [4:253], А.Қалыбаева
мен Н. Оралбаева аналитикалық етістік деп
атайды [2:292].
4. Ж‰рек жұтқан, көзі ашылды, ж‰рек жал- ғау, таяқ жеді, т.б. тұрақты тіркестерді А.Қа-
лыбаева мен Н. Оралбаева [2:320], А.Ысқақов
тұрақты тіркестер деген атпен к‰рделі етіс-
тіктердің құрамында қараған [4:240].
5. Барып едім, келетін еді, келмек еді, т.б. «е» көмекші етістігі арқылы келген етістік-
терді А.Ысқақов жеке-дара алып, суреттеме етістіктер деп атаса [4:249], Ы.Маманов
к‰рделі етістіктердің [3:55], А.Қалыбаева мен
Н. Оралбаева аналитикалық форманттардың
құрамында қарайды [2:292].
А.Ысқақов бірінші топтағы (тіркесті т‰бір
етістік, құранды етістік) етістіктерді ғана сөз-
жасам нысаны ретінде қарастырады, өзге зерт-
теушілер бірінші, екінші және төртінші топ-
тағы етістіктерді осы қатарға қояды. Ы.Ма-
манов екінші топтағы етістіктерді граммати-
калық мағына ‰стейтін аналитикалық фор-
манттармен бірдей етіп көрсетеді. Сонда тір-
кесу арқылы жасалып тұрған етістіктер грам-
матикалық мағына беретін морфологияның
зерттеу нысаны ме, әлде жаңа мағыналы сөз
ретінде сөзжасамның зерттеу нысаны ма? Осы
мәселеге келгенде, жоғарыда аталған етістік
т‰рлерін бөлуде, жіктеуде белгілі бір ұста-
нымның жоқтығын байқаймыз.
Бұл мәселеде профессор С.М. Исаев өзінің
айқын көзқарасын танытып, былай дейді:
«К‰рделі етістік деген ұғым к‰рделі зат есім,
к‰рделі сын есім, к‰рделі сан есім, к‰рделі
‰стеу т.б. сияқты ұғымдардан грамматикалық
сипаты жағынан м‰лде бөлек, я кез келген екі
я одан да көп т‰бірден (сөзден) құралған етіс-
тіктің бәрі бірдей к‰рделі етістік бола бер-
мейді, тек негізгі етістік пен көмекші етістік-
тің белгілі тәсіл арқылы тіркесіп барып, бір
сөздің (етістіктің) мәнінде жұмсалып, етістік-
тің белгілі грамматикалық категориясын жа- сайтын т‰рі ғана к‰рделі етістік бола алады.
Атап айтқанда, негізгі етістік көсемше (-а, -е, - й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі,) есімше
(-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, - йтін, -ар, -ер, -р, -с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, - пақ, -пек), шартты рай (-са, -се) тұлғаларына
көмекші етістіктер және негізгі етістік т‰бірге
-ғы, -гі, -қы, -кі қосымшаларының тәуелденген
тұлғасына кел көмекші етістіктің тіркесінен
жасалып, бір ғана етістіктің орнына жұмсала-
тын (көмекші етістік грамматикалық қана мән
‰степ, белгілі бір категорияның көрсеткіші бо-