Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет120/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 95 
латын, яғни грамматикалық тұлға – қосымша 
мәнінде қолданылатын) етістіктің т‰рі к‰рделі 
етістік болып табылады. Яғни екі я одан да 
көп сөзден (т‰бірден) құралған етістіктердің 
бәрі бірдей к‰рделі етістік бола бермейді» 
[5:185]. Ал есім мен көмекші етістіктің, елік-
теу сөз бен көмекші етістіктің тіркесінен жа-
салған етістіктерді тіркесті т‰бір етістіктер 
деп атап, грамматиканың шеңберінен шығып 
қалатын, сөзжасам қызметін атқаратын сөз-
дер деп таниды.
Етістікті арнaйы зерттеген ғалымдардың 
к‰рделі етістіктерді т‰сінуі біркелкі емес. 
Ы.Маманов жоғарыда көрсетілген есім (елік-
теуіш) мен көмекші етістіктің тіркесінен құ-
ралғандарды тіркесті т‰бір етістікке жат-
қызады, ал еді көмекші етістігі тіркескен к‰р-
делі формаларды к‰рделі етістікке жатқыз-
байды. «...еді көмекші етістігі есім сөздермен 
де, етістік формаларымен де тіркесіп, к‰рделі 
өткен шақ формасын жасайды, яғни тіркескен 
сөздеріне өткен шақтық мағына ‰стейді, ... 
етістіктің басқа формаларымен өзгермейді. Ал 
к‰рделі етістік етістіктің барлық формалары-
мен т‰рленеді және оның құрамындағы кө-
мекші етістіктер әр т‰рлі грамматикалық 
мағына білдіреді. К‰рделі етістік көсемше 
формалары мен көмекші етістіктердің тіркесуі 
арқылы жасалады. К‰рделі етістіктің құра-
мындағы алдыңғы көсемше т‰ріндегі сыңары 
лексикалық мағынаға ие болады да, соңғы 
сыңары көмекші етістік оған грамматикалық 
мағына ‰стейді және етістіктің басқа форма-
ларымен т‰рленетін конструктивтік қызмет 
атқарады» [3. 55]. 
Бұл мәселеге қатысты А.Ысқақов былай 
дейді: «Егер тіркестегі компоненттердің бі-
реуі ғана негізгі мағынасын сақтап, өзгелері
өз лексикалық мағыналарын я солғындатып,
я жоғалтып, тек көмекші болып, граммати-
калық қызмет атқарса, ол сараламалы (ана-
литикалық) етістік деп немесе к‰рделі етіс-
тіктің сараламалы т‰рі деп танылады (ай-
тып жібер, келе қой); егер етістікті тіркестің 
бірінші жетекші компоненті есім, есімше, кө-
семше, рай формалы сөздердің бірі болып, 
оған көмекші етістік (еді, екен, формалары) 
дәнекер болса, ондай тіркестер суреттемелі 
етістік я к‰рделі етістіктің суреттемелі
т‰рі саналады (бала едім, жас екен, берсе игі 
еді)» [4:239]. 
Демек, к‰рделі етістік ұғымын етістіктің 
грамматикалық мағыналы тұлғаларына қатыс-
ты қолдануға болады. Ал „егер тіркестегі ком-
поненттер мағына жағынан бір-бірімен пара- 
пар бола тұра (тең т‰скенімен), бір-бірінен
жекеленбей, біртұтас лексикалық мағына 
(тұлға) құраса, ондай тіркес жай к‰рделі тір-
кес деп саналады (алып бар, алып қайт, кіріп 
шық, оқып бер, алып кет т.б.)» [4.238]. Осы 
секілді, есім сөз бен көмекші етістік, еліктеу 
сөз бен көмекші етістік тіркесінен жасалып
жаңа туынды етістік мағынасын беретін тір-
кестерді құранды немесе тіркесті етістіктер 
деп атаған жөн. 
Сөйтіп, к‰рделі етістік деген ұғымға не-
гізгі етістік пен көмекші (лексикалық мағына-
сынан айрылған) етістіктің тіркесі және етіс-
тіктің белгілі грамматикалық категориясының 
көрсеткіші бола алатын т‰рі ғана жатады деп 
білеміз. Негізгі етістік көбіне көсемше, есімше 
және рай (шартты, қалау) тұлғаларында бо-
лып, көмекші етістік етістіктің таза граммати-
калық категориясының бірінде (рай, шақ) тұ-
рып қолданылады да, негізгі етістікке әр т‰рлі 
грамматикалық мағына ‰стейді. Аналитика-
лық етістіктер де құрамы жағынан к‰рделі 
етістіктер тобына кіреді.
Ал есім (еліктеу) мен көмекші етістік
негізгі мен негізгі етістік тіркесінен жасалып, 
жаңа лексикалық бірлік ретінде қолданыла-
тын, құранды етістік, құрама етістік, тіркесті 
т‰бір етістік тәрізді т‰рліше аталып келген 
етістіктерді бір ғана атаумен, атаған жөн 
секілді. Олардың ең басты белгісі, тіркесу ар-
қылы жасалып тұрғандықтан, тіркесті етістік-
тер десек, басқа к‰рделі тұлғалардан (кіріккен, 
қосарланған етістіктерден) айырмашылығы 
көрініп тұрады.
Демек, к‰рделі етістіктерді топтастыруда, 
құрамы мен тұлғасына қарай жіктеуде жаңа 
мағыналы сөз жасау мен сөздің грамматика-
лық тұлғасын жасау сипатын ескеріп, атау-
ларын қалыптастырып, ж‰йелеу қажет.
_____________ 
1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Ал-
маты, 1972. 
2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам ж‰йесі. Алматы: 
«Ғылым»,1989. 
3. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. Алматы, 1966. 
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Ал-
маты: «Ана тілі»,1991.
5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің граммати-
калық сипаты. Алматы: «Рауан».1998. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет