100 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 жеңілісі мол болуы, сол көшке ілесуі де
әрқилы болатыны заңды.
Кез келген қаламгердің шығармашылық
жолындағы өмірлік тәжірибесі оның жазу-
шылық шығармашылығына өз әсерін тигізбей
қоймайды. Жазушының жеке өміріндегі қым-
қуыт оқиға, тартысты өмір, сан қилы толқулар
мен өмірлік арбасулар оның шығармасының
желісіне айналуы м‰мкін. Сондықтан да болар
жазушы Ғ. М‰сіреповтің де әңгімелерінің
тақырып аясы кең, ішкі мазмұны терең, айтар
ойы анық. Қандай әңгімесін алсаңыз да өзі
өмір с‰рген кездегі қоғамның тыныс-тіршілігі,
заман ағымының аяқ алысы, ондағы адам-
дардың өмір с‰ру салты – шығарманың негізгі
арқауы.
Жазушының алғашқы әдеби көркем шы-
ғармасы «Тулаған толқында» деп аталады.
Бұл шығарма жиырмасыншы ғасырдың жиыр-
масыншы жылдарының аяғында жазылған.
Қазіргі кезде бұл шығарма повесть ретінде
қарастырылғанмен, шығарманың алғашқы
нұсқасы ұзақ әңгіме болған.
Мұнан кейін жазушы қаламынан «Қос
Шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла», «Жеңіл-
ген Есрафил», «Ер Қаптағай», «Қыран жыры»,
«Өмір жорығы», «Тарғыл қауын», «Сөз жоқ,
соның іздері» сияқты әр тақырыптағы әңгі-
мелері мен әйел-ана тақырыбына арналып
жазылған шоғыр (цикл) әңгімелері туды. Бұл
әңгімелерінде жазушы қоғамнан жырақ кет-
пей, сол кездегі негізгі жайларды суреттеген,
сондықтан да тақырып тұрғысынан қарастыр-
сақ, сан алуан.
Ғалым М. Бекбергенов жазушы шығарма-
шылығын зерттеушілердің бірі ретінде, жазу-
шы әңгімелерінің тақырыбын шартты т‰рде
былай деп саралайды:
«1. Қазақстандағы революциялық к‰рес
дәуірінің, тап тартысының, сол кезең қайшы-
лықтарының бейнесін әр қырынан суреттей-
тін шығармалар;
2. Социалистік замандағы жаңарған ауыл,
өзгерген ел бейнесін әр қырынан суреттейтін
шығармалар». (4. 15.)
Сөз жоқ, жазушының кейбір шығармалары
Кеңес Одағы кезіндегі социалистік қоғам-
ның «кейбір жаңалықтарын» тым марапаттап,
асыра сілтеңкіреп жібереді. Әрине, таным-
дық, әдеби-теориялық тұрғыдан алғанда бұл
шығармаларға тың талдау, жаңаша көзқарас,
өркениет талабы тұрғысынан т‰сіндіру және
т‰сіну аса қажет. Бұл ретте жазушының өмір
с‰рген дәуірі мен сол кезеңдегі қоғамдық
саясатты, т‰сінікті, тәртіпті, талапты, қоғам-
ның тыныс-тіршілігін ескеру керек-ақ.
Жазушы Ғ. М‰сірепов шығармашылығы
1980 жылдарға дейінгі қазақ әдебиетінің ал-
тын қорынан «тақырып байлығымен, көркем-
дік жаңалығымен, езу тартқызар ерекше
юморымен» ғана емес, сөз қолдану шеберлі-
гімен, стильдік әдемі өрнектерімен де ерекше
орын алады.
Қазақ
әдебиеті
классиктерінің
бірі
С. Мұқанов кезінде Ғ. М‰сірепов шығарма-
шылығының әдебиет әлемінде танылуына,
өсіп-дамуына ерекше назар аударып, тіпті көп
ретте тікелей ықпал еткені де тарих парақ-
тарынан белгілі. С. Мұқанов қазақ әдебиетін-
де қатар келе жатқан замандас қаламгердің
шынайы шеберлігі мен әдемі өрнектерінің
«кілтін» былай деп атап өтеді: «Ғабиттің жазу-
шылығының тұтас алғанда өзіне тән өзге-
шелігі бар. Біріншіден, Ғабит бойына сіңбеген
тақырыпқа жармаспайды; екіншіден, бойына
сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асық-
пайды, сондықтан да шығармаларының шикісі
аз болады; ‰шіншіден, жазатын тақырыбына
к‰й таңдайды, к‰йі жетпесе, игерген тақыры-
бын да жаза қоймайды; төртіншіден, шығар-
масына өте ұқыпты, сондықтан қал-қадерінше
олпы-солпысыз шығарады; бесіншіден, тілге
‰немшіл, сипаттап, суреттеп отырған оқиға-
сына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтын-
шыдан, жарқылдақ сөзді көп қолданып, ше-
шен сөйлеуге тырысады; жетіншіден, адам
портретін жасауға қазақ жазушыларының ең
шеберінің бірі». ( 5. 552.)
Жазушы шығармашылығының басты же-
тістіктерін тізбелеп атап өткен С. Мұқанов сөз
өнерінің құдіретін терең т‰сіну арқылы, қа-
ламгердің шығармашылығына жоғары баға
береді.
Қазақ әдебиеті тарихындағы жарық тұл-
ғалардың бірі З. Қабдолов та жазушының ше-
берлігі мен тілі туралы мынадай салмақты
пікір қалдырған. «Қазақтың сөз өнерінде
«Ғабиттің тілі» деген тіл бар. Ол қандай тіл?
Ол – сымға тартқан к‰містей сұлу тіл. Ол –
нақты тіл, затты тіл. Ол сөз ғана емес, сөзбен
салынған сурет. Ол – биік парасат, терең фи-
лософия. Ол – сыр, сезім... Ғабит тілі – сырлы
да сиқырлы тіл». (6.)
«... Қағаз бетіне т‰скен қолының дір еткен
тұсы болмаған, әрқашан еркін, батыл, бай-
салды қозғалған; әр сөз орнында шебер құры-