Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет134/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 107 
басыңқыдан бұрын тұруы. Бірақ бұл ереже 
абсолютті емес. Мақал-мәтелдерде кейбір 
коммуникативтік жағдайларға сәйкес, айтыл-
мақ ойдың белгілі бір бөлігіне екпін т‰сіру, 
сөзді мәнерлеу, модальдық реңк беру, ырғақ 
пен ұйқастың талаптарына сәйкес көп, жағ-
дайда сөйлем м‰шелерінің орын тәртібі бұ-
зылады. Бұларда инверсия тұрақты сипатта 
болады да, классикалық тәртіпті «қалпына 
келтіруге» рұқсат етілмейді. Және бір қызығы 
– бұл «бұзылмас» әдетке мақал-мәтелдің 
бойына біткен табиғи қасиеттің бірі болады. 
Бұл мақал-мәтелдердің ғасырлар бойы өзге-
ріссіз қолданылып, тұрақтылық қасиетке ие 
болуымен байланысты болуы м‰мкін.
Құрылымы, құрамына енген сөздердің 
орналасу тәртібі жағынан алғанда, мақал мен 
мәтелді поэзия мен проза аралығындағы ара-
лық категория деуге болады. Өйткені мақал-
мәтелдің құрылысында поэзияға тән кейбір 
қасиеттер де, прозаға ұқсас қасиеттер де бар. 
Инверсия жасау ‰шін белгілі бір мотивтер керек. 
Оның ‰стіне, инверсияның өзі кездесу жиілігі-
не, қолданылған орнына қарай бірдей емес. 
Инверсияның бір т‰рі жалпы ырғаққа, ұйқасқа 
орай оңай келтірілетін, сондықтан да жиі 
ұшырайтын болып келсе, енді бір т‰рлі белгілі 
бір мотивті көздеп әдейі қолданылған болады.
Мақал-мәтел құрамындағы сөйлем м‰ше-
лерінің белгілі орын тәртібін өзгертіп, инвер-
сия жасайтынына келейік: поэзиялық мақал-
мәтел, негізінде, екі жай сөйлемнен немесе екі 
жолды өлең құрылысынан тұрады да, олардың 
әрбір қанаты өзара ‰йлес, ұйқас, ырғақ ар-
қылы келіп отырады. Бұлардың құрамындағы 
сөйлем м‰шелерінің орын тәтібін өзгертуіне 
байланысты жасалатын сияқты.
Баяндауыштың орын ауыстыруына байла-
нысты қалған сөйлем м‰шелерінің бәрі де 
өздерінің орын тәртібін өзгертіп отырады. 
Мақал-мәтелді баяндауыш сөздердің орын 
ауыстыруы, көбіне ұйқас пен ырғаққа бай-
ланысты жасалады. Мақал-мәтел құрамын-
дағы сөздердің инверсия жасауы баяндауыш-
тардың орын ауыстыруына байланысты жа-
салғанын айта келіп, А.Н.Кононов былай 
дейді: «Перемещение сказуемого встречается 
особенно особенно в поэзии, пословицах, 
поговорках, где стандартного порядка объяс-
няется /если это не эмоционально окрашенная 
речь и т.д./ требованиями размера рифмы, 
ритма и т.д.» [1, 396] 
Поэзиялық мақал-мәтел құрамындағы сөй-
лем м‰шелерінің инверсия жасауы мынадай 
жолмен жасалады: 
а) Баяндауыш тобындағы сөздер бастауыш 
тобындағы сөздерден бұрын орналасады. 
Сонымен бірге баяндауыш сөйлемнің басында 
да, ортасында да келіп, инверсия жасалуы 
м‰мкін.
1) Айырылма, жұртым, ‰йіріңнен,
Айырылсаң, жұртым, ‰йіріңнен,
Екі қолың кетпес б‰йіріңнен, 
2) Сөйлей білмесең, басыңа тиер тал таяқ. 
3) Қарсы келсе кәрілік, қара нарды шөктірер- 
дегендер құрылысы жағынан прозаға ұқсас 
келгенімен, бұлардағы баяндауыштың орын 
ауыстыруы ой екпініне байланысты емес, ыр-
ғаққа (интонациялық мағына білдіруге) байла-
нысты жасалып тұрғаны байқалады.
Адыра қалды бақ, дәулет, еңбек енді шын 
дәулет 
Балықшы айтпайды расын, т‰спей қоймас 
бір асым – деген мысалдардағы баяндауыш-
тың инверсия жасауы ұйқастың талабына бай-
ланысты болып тұр. Өйткені соңғы сөйлемнің 
екінші қанатындағы «бір асым» деген сөздің 
баяндауыштан кейін орналасуы алдыңғы сөй-
лемдегі «расын» дегенмен ұйқасу ‰шін жаса-
лып отыр. 
Мақал-мәтелдерде тұрлаусыз м‰шелер өз-
дері қатысты сөзден алшақтап, екі араға басқа 
м‰шелерді қатыстырып қолданыла береді.
Етікшіден құлаш қаш: 
Бізі тиер көзіңе,
Сөзі тиер өзіңе. 
Ат қадірін білмесең,
Жаяушылық берсін сазаңды.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршылық берсін сазаңды. 
Бұл сөйлемдердегі тармақтар соңына шық-
қан толықтауыштар ұйқас талабын орындап 
тұр. Пысықтауыштар өзі пысықтайтын сөзі-
мен орын алмастырады.
Сіз тұрыпсыз тікейіп,
Біз тұрыппыз тікейіп,
Жерге т‰скен қамшыны 
Кім алады еңкейіп.
Өзен ұзақ ағады,
Бұлағы болса басында. 
Инверсияның бұл т‰рінде орнынан ауыс-
қан пысықтауыш сөйлемнің соңында келген. 
Бұған, бір жағынан, осы инверсияның ұйқас 
талабынан туғандығы себепкер болса, екінші-
ден, ең соңғы сөзге көп ретте белгілі бір екпін 
т‰сірілетін сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет