Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 109
Ғ. Қ. Иманалиева,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к.
ЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚЫЗМЕТІ
Қазіргі қазақ тіліндегі эмоционалды сөз-
дердің ‰лкен бір бөлігін еліктеуіш негізді
сөздер құрайды.
Қазақ тіл білімінде болсын,
басқа тілдерге қатысты зерттеулерде болсын
еліктеуіштер мен одағайлар эмоцияға қа-
тысты, эмоцияның әсерінен пайда болған сөз-
дер деген пікір айтылады. Осы ерекшелігіне
байланысты одағайлар мен еліктеуіш сөздер
бірге
қарастырылып, 1950 жылдарға дейін
еліктеуіш сөздер одағайларға жатқызылып
келген болатын. 1948 жылы А. Ысқақов
«Еліктеу сөздер туралы» деген мақаласында
еліктеуіш сөздерді
жеке сөз табы деп дәлел-
деп, оны одағайлардың қатарынан бөліп шы-
ғаруды ұсынды [1, 50-56]. 1950 жылдардан
бастап А. Ысқақов еліктеуіш сөздерді оқулық-
тарға дербес сөз табы деп кіргізді. 1954 жылы
еліктеуіш сөздер алғаш рет грамматикаға да
жеке сөз табы ретінде енгізілді. Қазіргі кезде
еліктеуіш сөздер орта мектепке,
жоғары оқу
орындарына арналған оқулықтарда жеке сөз
табы ретінде қарастырылады. Қазіргі қазақ
тілінде еліктеуіш сөздер дыбыстық еліктеуіш-
тер және бейнелеуіш сөздер деп бөлінетіні
белгілі. Еліктеуіш сөздер 2001 жылы жарық
көрген «Қазақ грамматикасында»
еліктеуіш
сөздер және бейнелеуіш сөздер деп бөлініп,
еліктеуіштерге төмендегідей анықтама бері-
леді: «Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшыра-
сатын сан алуан құбылыстар мен заттардың
бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туа-
тын дыбыстарды,
сондай-ақ, жан-жануарлар-
дың дыбысталу м‰шелерінен шығатын әр
т‰рлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы
белгілі-белгілі т‰сініктер ретінде қабылдау-
дан болған және сол т‰сініктердің
атаулары
ретінде қалыптасқан сөздерді айтамыз» [2,
550]. Біз өз тарапымыздан еліктеуіш сөздер-
дің адам эмоциясын білдіру, бейнелеу бағы-
тындағы қызметінің өзіндік ерекшеліктеріне
тоқталмақпыз.
Еліктеуіш сөздер адам эмоциясының т‰рлі
қырын
адамның қимылы, дауысы, көзқарасы,
ж‰рісі т.б арқылы да білдіре алады. Бұл тұр-
ғыда қарастырғанда еліктеуіш сөздің мағы-
насы ешбір сөз табына ұқсамайды деуге бо-
лады. Мысалы,
Ноян
Достарыңызбен бөлісу: