180 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 бірі. Сондай-ақ, ұлттық терминжасам негізі –
ұлттық психология. Ұлт пен тілдің бірлігі
жөніндегі қағиданың тіл білімінде әлдеқашан
айтылып, бұл к‰нде орнығу дәрежесіне дейін
жететін уақтысы болған сияқты. Бұл тұды-
рымды кезінде әйшілі тілші В.фон Гумбольд-
тың дәлелдеп кеткені тілші ғалымдар ‰шін
жаңалық емес. Ол өз сөзінде: «Тіл – сөйлеу
арқылы ойды жеткізу ‰шін тұрақты қайта-
ланып отыратын рухтың к‰ші». Демек, әрбір
ұлт өз тілінің шеңберімен қоршалған.
Осы қағиданы белгілі қазақ тілшісі, ака-
демик Ә. Қайдаров та нақтылай т‰сіп, тілдің
ұлттық ерекшеліктерге сай қалыптасатын қыз-
метінің арқасында ұлт туралы толық мағлұмат
алуға болатындығын айтып өткен еді. Тілдің
ұлтқа қызмет етуі, ұлтпен тығыз бірлікте
кумулятивтік қызметін ашып көрсетуі де
маңызды. Өйткені, тілдің негізгі қызметтері-
нің бірі ретінде мәдени құндылықтарды
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Тілдің бұл қызметі
терминологиялық тұрғыдан да ‰лкен қажет-
тілікке ие
5, 176.
Терминдерді ұғымдар ж‰йесінің өзіндік
ерекшелігін, әр ұғымның айрықша белгісін
жақсы білетін салалық мамандар жасайды.
Бірақ әр маман өзінше термин жасап, өз тер-
минін қолдануға тиісті емес екендігі бар-
шамызға т‰сінікті жайт. Солай бола тұрса да
термин жасауда осындай әрекетке жол беріліп
отырғандығын жасырудың орны жоқ.
Соңғы жылдары ғылым мен техниканың
белгілі бір салалары бойынша жарық көрген
терминологиялық сөздіктерді, оқулықтарды
салыстыру арқылы оған анық көз жеткізуге
болады. Бір ғана термин т‰рліше аударылып,
әр сөздікте, әр т‰рлі деңгейдегі оқулықтар
мен ғылыми еңбектерде т‰рліше қолданылып
ж‰р. Мәселен, мына төмендегі терминдер
сондай бірізділіктің жоқтығын дәлелдейді:
консенсус-бәтуә, мәміле, келісім, жалпы пі- кір; баланс-дәргей, теңгерім; скидка – шеге- рім, шегерме, кеміту, жеңілдік, спонсор –де- меуші, мияткер, қолдаушы; вклад – салымшы, аманат ақша; вкладчик – салымшы, аманат- шы, аманат ақша иесі, доход – кіріс, табыс; ценная бумага – құнды қағаз,бағалы қағаз,; приоритет – артықшылық, басымдылық, ба- сым; компетенция - құзыр, құзырет; ам- нистия – рақым, рақымшылдық т.б. Мұндай жарыспалықты арнаулы салалар-
дың кез келгенінен дерлік кездестіруге бо-
лады. Олардың ішінде терминкомның ресми
бекіткеніне қарамастан бірізді қолданылмай
ж‰ргендері де бар. Мәселен, демеуші, г‰лша- нақ, отбасы сияқты терминдер сол қатарға
кіреді.
Сондай-ақ көптеген терминдердің тер-
минология комиссиясы бекіткен қазақша ба-
ламалары бола тұра тұрақты қолданылмай
немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұс-
қалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы,
әлеует (потенциал), мәртебе (статус), көлік (транспорт), мәтін (текст) мұрат (идеал), өтем (компенсация), сынып (класс) тәрізді
терминдерді осы топқа жатқызуға болады.
Термин жасау, жасалған терминдерді қа-
лыптастыру – ‰немі қадағалап, реттеп отыру-
ды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай
болмаған жағдайда терминологиядағы ж‰йелі-
ліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз, термино-
логиямыздағы бірізділіктің сақталмай әр ав-
тордың өзінше термин жасап немесе қалаған
терминін қолдануы оны ‰йлестіру жұмысы-
ның әлсіздігінен, өкілетті орындарын өз қыз-
метін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан
деп білген жөн
5, 176.
Терминнің жасандылығын мойындамау –
ол тілдің қызметін дұрыс т‰сінбеу, басқаша
айтқанда, тіліміздегі сөзжасам тәсілдерінің іске
қосылуына кедергі жасай отырып, сол арқылы
ұлттық тілдің жетілуіне, дамуына тосқауыл
болу деген сөз. Керісінше, тілдің сөзжасам
(терминжасам) тәсілдерінің ашылмаған м‰м-
кіндіктерін тауып, ұлттық тілдің баюына ‰лес
қосу – тілші ғалымдардың төл міндеттерінің
бірі болуға тиіс деп ойлаймыз. Бірақ жасан-
дылықты ‰стірт т‰сінуге де болмайды. Бұл
жөнінде терминолог ғалым В.А. Татаринов-
тың – «... специальная лексика искусственно с
точки зрения своего происхождения», – деген
пікірі орынды айтылған
6, 133.
Төл сөздеріміздің негізінде жасалған тер-
миндердің мағынасы тар, олар терминделуші
ұғымды дәл бере алмайды дегенге кедер
болсақ, бұл пікірдің де көп жағдайда ‰стірт
айтылып ж‰ргендігін олар атауды қажет етіп
жататындығы белгілі. Жалпы тілде бәрінің де
бұрыннан өз атауы бар. Сондықтан жаңа
ұғымдарға ат қою кезінде тілде бұрыннан бар
атаулар пайдаланылады. Яғни, терминделуші
ұғымға ат қою қашанда екінші атаулау (но-
минация) процесінің нітижесі болып табы-
лады. Термин саналы т‰рде жасалатын жа-
санды сөз болғандықтан, оның жасалуына
негіз болған тілде бұрыннан бар сөздің мағы-