Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 183 т‰рлері сияқты , кіріккен сөздер де, біріккен
сөздер де белгілі грамматикалық сөз тапта-
рына телулі болады.
Бұл туралы ғалым К.Аханов былай дейді:
«Алғашында екі т‰бірдің бірігуінен жасалып,
тілдің даму барысында сыңарлары дыбыстық
және мағыналық өзгерістерге ұшырап, соның
нәтижесінде ол сыңарлардың бір-біріне әбден
кірігіп сіңісуінен жасалған сөздер бір екпінге
бағынады да, құрамындағы дауысты дыбыс-
тар сингармонизм заңы бойынша не біркелкі
жуан, не біркелкі жіңішке болып, барлық жа-
ғынан жалаң сөздерге тән қасиеттерге ие
болады. Мәселенің осы жағын ескере келіп,
Н.А.Лукьянова орыс тіліндегі осылар тәріз-
дес сөздерді негізі сіңіскен сөздердің қата-
рына жатқызады. Этимологиялық анализ жа-
самайынша, сіңіскен т‰бірлер морфемалар-
ға (алғашқы т‰бірлерге) ажыратылмайды»
[2;312]. Қазіргі қазақ тілінде де дыбыстық өз-
герістерге ұшырап барып өзара бірігіп кеткен
сөз тіркестері көптеп кездеседі. Жай сөз тір-
кесінің құрамындағы компоненттер дыбыс-
тық жағынан алшақтап, бірімен–бірі ‰ндесіп,
ықшамдалып, жаңа мазмұнға ие болып мағы-
налары тепе-тең морфологиялық вариант қа-
тарларын құрайды.
Мәселен: Алдыңг‰ні//алдыңғы к‰ні. Ап- таның алда өтіп кеткен к‰ні . Ол кісіні алдыңг‰ні ғана көргендер бар.
(«Жетісу»). Алдыңғы к‰ні ауылға келіп қайт-
қан.( Ауызекі сөйлеу тілі.)
Ана жақта// анаяқта// аннан.Сілтеу ар- қылы мекенді білдіру. Ауыл д‰кені ана жақта. Ол кісі анаяқта отыр (Ауызекі сөйлеу тілі). Сенің ауырғаның-
ды аннан естіп келдім («Диалектологиялық
сөздік») [3].
Болған соң//болғасын. Істің аяқталғанын білдіру. Жазып болған соң маған айт. («Социалис-
тік Қазақстан»). Сөзі орынды болғасын уәж
айта алмады. (А.Хангелдин).