Алматы №1 (135) 2012


Коммуникативтік біліктілік



Pdf көрінісі
бет274/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   446
Коммуникативтік біліктілік – шетел тіл-
дері құралдары арқылы оқушылар және қоғам 
‰шін маңызды тұрмыстық, оқу, өндірістік 
және мәдени өмірден алынған қарым-қатынас 
міндеттерін шешу қабілеті. 
Еуропа біліктілігінде (Еуропа Кеңесі 
басып шығарған кітап) лингвистикалық, әлеу-
меттік лингвистикалық, прагматикалық білік-
тілікке назар аударылады. Мұнда сөйлеу бі-
ліктілігі туралы айтпай кету де м‰мкін емес. 
Лингвистикалық біліктілік, ол тілдік бі-
ліктілікте – оқып-‰йренілетін тіл туралы мәлі-
меттер ж‰йесі болып табылады. Лингвистика-
лық біліктілік құрамында лексикалық (фразео-
логизмдер мен тұрақты сөз тіркестерін қос-
қанда сөздік құрамды білу), семанитикалық 
(белгілі бір ұғымдарды жеткізу әдістерін, мы-
салы, синонимдерді / антонимдерді, сөздердің 
мағыналарын және т.б. білу), орфографиялық 
және фонетикалық біліктіліктерді айқындайды. 
Әлеуметтік лингвистикалық біліктілік – 
тілді әлеуметтік контексте тиімді пайдалану 
‰шін қажетті білімдер мен дағдыларды мең-
геру. Мысалы, сәлемдесу, сөйлеу т‰рі мен 
пішінін (мысалы, бізде оқытушыға «оқыту-
шы!», ал әйел кісіге «ханым» деп сөйлеу қа-


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 217 
былданбаған), сыпайылық ережелерін және 
т.б. білу және дұрыс таңдау қажет. Бұған қа-
рым-қатынас, мысалы салтанатты, ритуалдық 
(Құрметті мырзалар!) және жолдастық, ауыз-
екі (мысалы, қалайсың?) регистрлері де кіреді. 
Сонымен бірге бұған сыпайылық ережелері, 
фольклорлық сөз байлығын – мақалдарды, 
идиомаларды, қанатты сөздерді білу, оларды 
сөзде жиі қолдана білу де жатады. 
Прагматикалық біліктілік – дискурс (ай-
тылатын сөзді дұрыс құра білу) біліктілігі, 
функционалдық біліктілік (әрт‰рлі коммуни-
кативтік міндеттерді орындау ‰шін сөздерді 
қолдана білу); сөзді схематикалық тұрғыдан 
құра білу біліктілігі (сөзді өзара қарым-қа-
тынасқа сәйкес кезегімен құра білу: мысалы, 
болған оқиғаларды, жағдаяттарды қалай айта 
білу, көпшілік алдында сөйлеген кезде дә-
лелдемелерді қалай құра білу, жазбаша мәтін 
байланысын қалай құра білу). 
Коммуникативтік біліктіліктің маңызды 
компоненттерінің бірі – сөздік біліктілік бо-
лып табылады. Тілдік біліктілік деп тілдің 
көмегімен ойды құрастыру және жеткізе білу 
және сөзді қабылдау және тудыру ‰дерісінде 
осындай әдістерді қолдана білу дағдысы 
т‰сіндіріледі. Сөздік біліктіліктің сандық 
және сапалық құрамы туралы айта кету керек. 
Ол ‰лкен немесе кіші болуы м‰мкін. Бірақ 
сөздік біліктілік әншейін жәй мақсат емес, 
коммунимкативтік біліктілік жолындағы ара-
лық бөлік қана болып табылады. Ол оқып-
‰йретілетін тілдің нормаларына сәйкес қарым-
қатынас ‰дерісінде өзара қарым-қатынаста 
болу міндеттерін шешу ‰шін қажетті және 
жеткілікті ауқымда меңгерілуі тиіс. 
Сонымен бірге елтанушылық, пәндік, кәсі-
би, экзистенционалдық және басқа да білікті-
лік т‰рлері бар, бірақ жалпы алғанда стандарт-
тар жасау кезінде жоғарыда айтылған білік-
тіліктерді ескерсе жетіп жатыр. 
Стандарттар елімізде тестілеудің ж‰йесі 
жасалмай тұрып-ақ, қазақ тілін шетел тілі 
ретінде оқытуды ұйымдастыруда (негізінен 
тіл ‰йрету курстарында) маңызды орын алған. 
Мемлекеттік білім беру стандарты білім алу-
шылардың басым т‰рде тілдік біліктіліктерін 
жеткілікті т‰рде жалпы сипаттау болып та-
былады. Оқытудың бастауыш және орта 
кезеңдерінде бірыңғай Мемлекеттік стандарт 
болды. 
Қазіргі кезде оқытушыларға, оқулықтар, 
оқу бағдарламалары авторларына арналған
білім алушыларға бағытталған оқыту мақсат-
тарының көп білікті бағдарламалық сипатта-
малары жасалып жатыр. Білім беру стандарт-
тары қайта қаралуда және қайта басылып 
шығуда, енді оларды талаптар деп атасақ та 
болады. Талаптарды жасау ерекше маңызды 
болып отыр. Талаптардың болуы оқыту және 
бақылау жасауды жетілдірудің маңызды шарт-
тары ретінде қарастырылады. 
Бұл орайда, Стандарт (Талаптар) оқыту-
дың әрбір нақты деңгейдегі мазмұны мен мақ-
саттарына қойылатын міндетті ең төменгі та-
лаптардың диагностикалық сипаттамалары 
ретінде т‰сіндіреді, сол себепті Стандарттар-
дың ажырағысыз сипаты оны ж‰зеге асыру 
‰шін қажетті жеткілікті, дәл және нақты 
болуы. 
Қазақ тілін меңгерудің барлық деңгейіне 
арналған білім беру стандарттары бірыңғай 
құрылымға ие болуы тиіс, ол қазақ тілін шет-
ел тілі ретінде меңгеру ж‰йесіне сәйкес ке-
леді. Стандарттың 3 бөлікке бөлінуі, бұл осы-
нау нормативтік құжатты пайдаланушылар-
дың жұмысын жеңілдетеді. 
Стандарттардың бірінші бөлімінде қазақ 
тілін шетел тілі ретінде жалпы меңгерудің осы 
деңгейіне қойылатын талаптар сипатталады. 
Бірінші бөлігінде шетелдік білім алушылар-
дың сөздік біліктілігінің мазмұны сипатта-
лады: шетел тілін (немесе жай тілді) оқып-
‰йренуші әрт‰рлі коммуникативтік міндеттер-
ді шешу барысында вербалды т‰рде ж‰зеге 
асыруға тиісті интенциялар санамалап көрсе-
тілуі, қарым-қатынас жасау жағдайлары си-
патталуы, осы деңгейге арналған маңызды 
тақырып келтірілуі тиіс. 
Бірінші бөлімнің елеулі бөлігі сөздік қыз-
меттің негізгі т‰рлеріндегі тілдік дағдыларға 
қойылатын талаптарды жеткізуге арналады. 
Білім алушылар осы деңгейде оқып және жет-
кізе білуге қабілетті мәтіндердің сипаттамала-
рына ерекше назар аударады. Мәтін қарым-
қатынастың белгілі бір саласына арналған 
тақырыпқа сәйкес сөздің функционалдық-
мағыналық т‰рі ретінде сипатталады, оның 
қажетті мөлшердегі бейтаныс сөздер санына 
қарай көлемі (пайызбен), ауызша сөз қызметі 
т‰ріне арналған – айтылу жылдамдығы айқын-
далады. 
Бірінші бөлімнің екінші бөлігі тілдік (не-
месе лингвистикалық) біліктіліктің мазмұны-
на сипаттама беруге арналған. Бұл жерде осы 
дейгейге сәйкес сертификат алуға ‰міткерлер-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет