Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет275/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   446
218 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
ге қойылатын фонетикалық, лексикалық, сөз 
құрау және грамматикалық дағдыларға қойы-
латын талаптар қысқаша және көрнекі т‰рде 
баяндалады. 
Тестілеу ж‰йесін құрудың бастапқы ке-
зеңінде барлық стандарттарда, сонымен бірге 
қазақ тілін арнайы мақсаттарда меңгеру дең-
гейіне, яғни шетелдік білім алушының кәсіби 
бағытын ескере отырып қойылатын талап-
тар да болу керек. Қазіргі кезде Ресейде мұн-
дай стандарттарды өз алдына бөлек басып 
шығаруға шешім қабылданды, өйткені орыс 
тілін оқып-‰йреніп ж‰рген шетелдіктер бар-
лық жағдайда оны өздерінің кәсіби қызмет-
терінің мақсатында қолдана бермейді. Оған 
қоса бұрын есептеліп ж‰ргендей, орыс тілін 
оқып-‰йренушілер Ресей жоғары оқу орында-
рының шетелдік студенттері емес, орыс тілін 
к‰нделікті қарым-қатынас құралы ретінде 
меңгеруге ұмтылатын шетелдіктер болып 
шыққан. Біз де дәл осы жағдайды ескеруіміз 
керек.
Қазіргі кезде кәсіби модульдер белсенді 
т‰рде жасалып жатыр. Таяу арада, ҚазТЕСТ 
орталығында тек қана тілдік материалдар ғана 
емес, бес деңгейге арналған лексикалық мини-
мумдар жинағы жарық көрді.
Тестілеу талаптарының мазмұнын жақсы-
рақ ұғына т‰су ‰шін қарапайым деңгейге ар-
налған міндеттерді келтірейік: 
Қазақ тілін екінші тіл ретінде жалпы 
меңгерудің қарапайым деңгейіне қойыла-
тын талаптар: 
1. Коммуникативтік-сөйлеу біліктілігі-
нің мазмұны 
1.1. Интенциялар. Жағдайлар мен қарым-
қатынас тақырыптары. 
1.1.1. Әрт‰рлі коммуникативтік міндеттер-
ді шешу кезінде шетелдік білім алушылар мы-
надай типтік сөз интенцияларын
вербалды 
т‰рде ж‰зеге асыра алуы тиіс: 
- коммуникацияға т‰суі, белгілі бір тұл-
ғамен танысуы, өзін-өзі таныстыруы немесе 
басқа адамды таныстыруы қажет, сәлемдесуі, 
қоштасуы, біреумен сөйлесуі, алғыс айтуы, 
кешірім сұрауы, басқа біреудің алғысына 
және кешірім сұрауына жауап беруі, қайталап 
айтуын өтінуі тиіс; 
- белгілі бір дерек, тұлға, зат туралы, бел-
гілі бір заттың немесе тұлғаның бар екені 
немесе жоқ екені туралы, заттың сапасы, кімге 
тиесілі екені туралы, оқиға, іс-қимыл, уақыт 
және болған орны, м‰мкіндігі, қажеттілігі, 
оның себебі туралы сұрақ қоюы және ха-
барлауы қажет; 
- тілек, өтінім, өтініш, ұсыныс, шақыру, 
келісім немесе келіспеу, қарсылық білдіруге 
тиіс; 
- өзінің қатысын білдіруі: тұлғаға, пәнге, 
дерекке, оқиғаға, іс-әрекетке баға беруі керек. 
1.1.2. Тілді оқып-‰йренуші шетелдік аза-
мат мынадай ситуациялық сөйлесу кезінде 
қарапайым коммуникативтік ынта-ықыласын 
ж‰зеге асыра білуге тиіс: 
- сабақтарда; 
- кітапханада; 
- қала көшелерінде, көлікте; 
- д‰кенде, д‰ңгіршекте, кассада; 
- емханада, дәрігерде, дәріханада; 
- банкте, валюта айырбастау пунктінде; 
- мейрамханада, буфетте, кафеде, асханада. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет