Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет328/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 263 
сөздің ішкі формасы жайлы ойларын еске 
салатындығын айтады. В.В. Колесов концепт 
ұғымын қазіргі зерттеу жұмыстарында кезде-
сетін мәдени концепт ұғымымен байланыс-
тыра келіп, концепт-сөздің мағыналық толы-
ғуының негізгі н‰ктесі, әрі мағыналық даму-
дың ең соңғы шегі, яғни, мәдениеттегі маз-
мұндық қатары молайған ұғым концепт бола 
алады, деген анықтама береді [1,68]. 
Аталған терминнің ғылымға беку кезеңі 
осы қолданудағы ерітілікпен, мағынасы мен 
формасы бойынша жақын терминдермен ұқ-
састықтарына байланысты болды. Осыған 
байланысты концепт терминіне берілген анық-
таманы нақтылау туралы мәселе пайда болады. 
‡лкен энциклопедиялық сөздікте концептіге 
мынадай анықтама береді: «концепт латын 
тілінен ой, т‰сінік атауының мағынаның мәні, 
яғни ұғымның мазмұны, осы атаудағы зат 
мысалы, ай атауының мағыналық мәні жердің 
табиғи серігі». «‡лкен ағылшын-орыс сөзді-
гінде» концепт сөзі «ұғым, идея» сонымен 
қатар, «жалпы т‰сінік» деген ұғым екендігі 
айтылады [2, 670]. 
В.С. Кубрякованың «Когнитивтік атаулар 
сөздігінде» берілген анықтамаға с‰йенер бол-
сақ, «концепт лингвокогнитивтік құбылыс ре-
тінде біздің санамыздың менталды және пси-
хикалық ресурстарының және адамның білімі 
мен тәжірибесінің көрсеткіші болып табыла-
тын ақпараттық құрылымның единицасы; адам-
ның санасында, психикалық ж‰йесінде қалып-
тасқан д‰ние бейнесінің мазмұндық бірлігі» 
[3,6].
Тіл біліміндегі тың да, өзекті мәселелері-
нің бірі концепт туралы ғалымдардың тұжы-
рымдарынан олардың әрқайсысының кон-
цептке қатысты белгіні, ерекшелікті анық-
тағаны, кейбірінің ой т‰йінің сабақтастығы, ал 
жалпы тұтастай алғанда, концепт табиғаты-
ның сәл де болса айқындалғанын байқаймыз.
Концептілік ж‰йе тіл арқылы берілетін 
белгілі бір кезеңдегі д‰ниетаным нәтижелерін 
тіркейтін, жеке тұлға тарапынан емес, б‰кіл 
ұжым тарапынан жасалатын құрылым. Лин-
гвистикалық талдау жасалған концептілік ж‰йе 
яғни, концептілер жиынтығы бірте теориялық 
құрылым, бірте д‰ниетанымдағы субъективтік 
тәжірибенің нәтижесі ретінде беріледі. Объек-
тінің концептілік моделі оның белгілер жиын-
тығын көрсетуімен шектеліп қана қоймай, 
сонымен қатар, қосымша жағдайлар уақыт, 
идеология, мәдениет т.б. дамуымен бірге қа-
растырылады. 
Концептілік зерттеу белгілі бір этностың 
лексикасы мен фразеологизмдерінде сақтал-
ған д‰ниенің мәдени ұлттық бейнесін «сом-
дауға» м‰мкіндік береді. Әрбір этнос қорша-
ған әлемді өзінше таниды, яғни өзіндік «д‰-
ниенің тілдік бейнесін» жасайды.
Ғалым Н.Д. Арутюнованың ойынша, мә-
дени концепт философиялық, этикалық тұр-
ғыдан өзара ұқсас терминдер. Бұл сөдер таң-
балайтын ұғымдарды философиялық, этика-
лық ғылыми зерттеулер қарастырады. Деген-
мен, ол сөздер кез келген тілдің жиі қолда-
ныстағы бірліктер қорына кіреді, яғни, сол тіл 
өкілінің әрқайсысына т‰сінікті мағынада қол-
данылады [4, 89].
Бұл мәселе жөнінде, В.А. Маслова мәдени 
ақпарат тілдің номинативті бірліктері арқылы 
төрт тәсілмен: «мәдени семалар», «мәдени 
ая», «мәдени концептілір», «мәдени коннота-
циясымен» берілетіндігін және мәдени кон-
цептінің негізі тек жеке тілідк тұлға емес, 
сонымен қатар, лингвомәдени таным тұрғы-
сынан жалпы қоғамдағы әлем бейнесінің өзегі 
болып табылатын тұрмыстық мағыналы тілдік 
бірліктер екендігін айтады [5, 205]. 
Т‰с табиғаты универсалды, барлық адам-
затқа ортақ бояу реңкті т‰рлі халықтардың 
көріп, қабылдауы бірдей. Т‰с ең алдымен 
көру арқылы алынатын ақпарат. Алынған кез 
келген білім тілдік рәсімдеуді қажет етеді. Тек 
тіл ғана біздің интеллектіміздің қызмет етуін 
қамтамассыз ететін таңбалық ж‰йе. 
Т‰р-т‰с тілдік таңбаға ие болғанда әр 
халықта әр т‰рлі де, бірдей, не ұқсас та болуы 
м‰мкін. Оның әр т‰рлі атауға ие болу сол 
этникалық топтың өзіндік ерекшелігіне, 
д‰ниені танудағы тілдің ұйымдастырушылық 
қабілетіне байланысты. Бұған өмір с‰ру 
ортасы құбылыстары, сол ортада адам танымы 
мен тілдің өзінің т‰рлі ішкі, сыртқы фактор-
лар негізінде диалектикалық дамуы әсер етеді. 
Басқа жағынан алғанда, көзге бірдей көрінетін 
объетивтілік құбылыс т‰с, жарық субъектив-
тілік, этникалық қабылдауда ерекшелікке ие 
болуы м‰мкін. Қабылдаудағы айырмашылық 
пен әр тілде тілдік құралдар арқылы әлемді 
концептуалдау тұжырымдау, тіпті өзара туыс 
этникалық топ арасында салыстырмалы т‰рде 
әр деңгейде болуы да ғажап емес. 
Ал т‰р-т‰стің әр т‰рлі халықтар тілінде 
таңбалануының бірдейлігі, жақындығы мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет