Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет329/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   446
264 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
ұқсастығы олардың логикалық құрылымда-
рындағы мазмұн ұқсастығынан хабар етеді. 
Мұндай жағдайда типтік элементтерді салыс-
тырудың, оның ортақ немесе ішінара ортақ 
уәждемесін табудың когнитивтік зерттеу ‰шін 
маңызы зор. Т‰р-т‰с ұғымының әр халықтағы 
айырмашылықтарын негіздеу субъектінің эт-
ностың менталды қасиеттерін, ұлттық сипа-
тын саралауға, индивидуалды болмысын та-
нытуға септігін тигізсе, ұқсастықтары мен 
теңдігін табу жалпы тілдерге ортақ тілдік 
универсалийлерді, т‰стік архетиптерді табуға 
көмектеседі.
Концепт этностың рухани өмірінің ұжым-
дық қазынасы және ол әрқашан мәдени реңк-
те болады, сондықтан да ол ұлттық ерекше 
д‰ниетанымды т‰сінуде басты компонент бо-
лып саналады. Концепт этномәдени санада 
сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақпан ұрпақ-
қа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шын-
дық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары 
жөніндегі сан ғасырлық т‰сінігн білдіретін 
құрылым. Мәдениетті, атап айтқанда, рухани 
мәдениетті жан-жақты әрі терең зерттеу тіл-
дегі сөздің ауқымды тобын концептіге жік-
теуге м‰мкіндік береді.
Қазақ тіл білімінде «концепт» теориясы 
лингвистикалық сипатта нақты, жан-жақты 
бір тілдің материалдары негізінде де, туыс 
немесе туыстығы жоқ әр т‰рлі тілдер мате-
риалдары негізінде салыстыра салғастыра 
зерттеле бастады. Оның кейбір белгілері мен 
ойт‰рткі болар нышандары: Н. Уәлиев, С. Сә-
тенова, Ғ. Смағұлова, Қ. Жаманбаева, С. Жа-
пақов, Ж. Ұматова сияқты ғылыми зерттеу 
еңбектерінде байқалады. 
А. Ислам өз зерттеуінде мәдени концепті-
лердің ұлттық ‰лгілеріне тән ортақ және 
ерекше белгілердің ішкі лингвомәдени мәнін 
ашу ‰шін олардың тілдік көрінісін, белгілі бір 
ұғымды білдіретін сөздің этимологиясын, тір-
кесу жақтарын айқындау қажеттігіне ерекше 
көңіл бөлген. Автордың пікірінше, осындай 
кешенді сараптама ғана өмірлік мәні бар д‰-
ниетанымдық концептілерді шынайы мәнін 
ашуға м‰мкіндік береді [6,25]. 
Қазақ тіліндегі т‰р-т‰с лексикасы «табыс», 
«тағдыр» концептілерімен тікелей байланыста 
алынып қазақ д‰ниетанымдағы ақ, т‰с арқылы 
өмірдегі сәтті сәтсіз тұстарды дейнелей алады: 
ақ жол, аққа құдай жақ, ақ өлім, т.б.
«Ақ» қараға қарама - қарсы т‰с. Бұл осы 
сөздің т‰стік, реңктік мағынасы. Мысалы: «Ақ 
серке қой бастайды, ақын жігіт той бастайды» 
деген мақалдағы, сондай ақ «ақ жаулығы 
ананың, ақ көрпесі баланың» деген мақалдағы 
ақ атауы өзінің негізгі т‰стік мағынасын 
аңғартып тұр. Бірақ бұдан барлық жағдайда ақ 
атауы тек ақ т‰сті ғана білдіруге тиіс деген 
ұғым тұрмау керек. Ақ атауының ақ т‰ске 
қатысы бола тұрса да, оған алшақтап кеткен, 
тіпті логика - семантикалақ байланысын, қа-
тыстығын м‰лдем ‰зген ауыс мағыналары мен 
символикалық мәндегі қолданыстары жиі 
кездеседі.
Қазақ тіліндегі «ақ» т‰стің ұлттық д‰ние-
танымдағы алатын орны, оның символдық 
мәні ерекше. Қазақ халқында ақ пәктік пен 
адалдықтың нышаны, қуаныш пен жақсы-
лықтың белгісі, махаббат, ‰міт, қайырымды-
лық деген ізгі сезімдердің символы. 
«Ақ» т‰стің қазақ тіліндегі ізгі тілек, жақ-
сылық, бақыт мағынасы. Қазақ халқы ізгі 
ниет, жақсы тілек, пәк сезім, адал көңіл тәріз-
дес жан д‰ние құбылыстарына ақ көңіл, ақ 
тілеу, ақ пейіл, ақ жарқын деп ат қойып, бұ-
ларды «ақ» т‰сінің көмегімен ардақтап аялап 
келген. Қазақ д‰ниетанымының осы логика-
лық пішіні, қазақ көркем ойлауының осы 
эстетикалық талғамы, тілде көрініс тапқан 
осы лингвистикалық заңдылық қазақ тілінің 
қатпарларының бәрінен кеңінен орын алған. 
Қазақ тілінде тазалық, пәктік, к‰нәсіздік, мөл-
дірлік, шынайылық, жақсылық, мейірімділік 
секілді дерексіз ұғымдар «ақ» т‰стен ассоция-
ланып, қазақ д‰ниетанымның ұлттық ерешелі-
гін көрсетеді. Өйткені, ақ т‰с қазақ ‰шін ең 
қаситті т‰с. 
Қазақ д‰ниетанымында «ақ» т‰с жақсы-
лықтың, өмірдің нышанын аңғартып, қазақ 
халқының ұлттық тілдік қолданысында жа-
ғымды ұғым т‰сінік қалыптастырылған. Жал-
пы ақ т‰стің қазақтар ‰шін символы ақ тілеу-
ді, жақсылықты, ақ ниетті, тазалықты, пәк-
тілікті білдірген. Мысалы: ақ бесік, ақ бөпе, ақ 
босаға, ақ отау, ақ орда, ақ неке: Жеті айлық 
бала, біреу тәйт десе де т‰се қалады. Қазір 
нағыз шепік кезе... ақ ауыз шағы ғой. ақ- ақ 
ж‰рек, ақ ауыз, ақ көз, ақ саусақ, ақ сақал, ақ 
табан, ақ бас, ақ тамақ, ақ білек, ақ дидар, ақ 
ж‰з, ақ иық, ақ көкiрек [7,30]; 
Әрине, әр халықтың д‰ние танымында, 
символдық ж‰йесінде ақ тазалық пен пәктікті 
білдіреді. Бұған дәлел ағылшын тілінің фра-
зеологиялық тіркесін қарастырсақ: «white lie» 
яғни сөзбе сөз аударсақ, ақ өтірік, біреудің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет