Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет332/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 267 
Тілдің коммуникативтік құзыреттілігін қа-
лыптастыру ‰шін оқыту ж‰йесінің қай бөлігін,
«лексиканы ‰йретуді ме?, грамматикаға басты 
назар аударуды ма?» деген талас заманы өт-
кендігін халықаралық стандарттар дәлелдеді. 
Халықаралық стандартқа сай жасалған қазақ 
тілінің мемлекеттік стандарты тілді ‰йретудегі 
4 бөлікті қатар алып ж‰ргенде ғана нәтижеге 
жете алатынымызға, яғни тілдің коммуника-
тивтік құзіреттілігін қалыптастыра алатыны-
мызға әкеледі.
Ендігі кезекте өз тәжірибемізге с‰йеніп, 
шетел азаматтарына қазақ тілін ‰йретуде қай 
бөліктен бастап бөліктерді қалай байланысты-
ратынымызды айтып көрейік.
Алдымен лексиканы, яғни жеке сөздерді 
айтқызамыз. Осы арқылы дұрыс айтуды ‰йре-
теміз. Мысалы: қала, ағаш, бөлме, тақта, оқу-
шы, тыңдаушы, оқытушы, дәрісхана, т.б. сөз-
дерін айтамыз, суретпен көрсетеміз. Оларды 
«кім?», «не?» сұрақтарына сай екіге бөліп 
жазамыз.
Бұл, мынау сөздерін қолданамыз, көрсете-
міз. Отыр, тұр, жатыр, ж‰р сөздері жайлы 
т‰сіндіреміз, қимылмен көрсетеміз. Бұл – тақ-
та, мынау - кітап, мынау - қалам. Оқушы отыр. 
Оқытушы тұр. Келесі кезекте сын есімдерді 
өтеміз: ақ, қара, таза, кең, т.б. Қысқа сөйлем-
дер құраймыз: Бөлме - таза, кең. Тақта - 
қара. Қағаз - ақ. Сұрақ қоямыз: Бөлме қан-
дай? Тақта қандай? 
Жеке сөздерден сөйлеуге жетелейміз. Грам-
матикаға жылжыдық. Енді етістікті сөйлемге 
ауысқанда септік жалғаулар жайлы т‰сіндіру-
ге тура келеді. Грамматиканы бұл аудитория-
да т‰сіндіру өте қиын. Себебі, тіл ‰йренуші - 
шетелдік, біздің ортақ тіліміз - орыс тілін 
т‰сінбейді, біз оның тілінде сөйлей алмаймыз. 
Грамматиканы қалай т‰сіндіреміз? Орыс тілді 
аудиторияда біз грамматикалық тақырыпты 
салыстырмалы т‰рде өтетін едік. Енді олай 
өтуге біздің қауқарымыз келмейді. Тек мо-
дельмен беру әдісі тиімді. Мысалы: жіктік 
жалғауды т‰сіндіру жолы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет