290 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Мамандыққа тиімді оқытудағы негізгі мә-
селенің бірі болып табылатын термин таныту
жұмысындағы бағыт-бағдар деп білеміз. Мұ-
ның ғылыми жағынан негізгі әр ж‰йелі болуы
маман-химиктермен бірге отырып жұмыс жа-
сағанда ғана ж‰зеге асатыны анық. Қазақ
тілінен сабақ беретін оқытушының да аянбай
еңбек етіп, әр пәннен сөздіктерін, термин-
дерін жасауды өзінің борышы деп санағаны
дұрыс.
Ал екінші жағынан тіл ‰йрету әрекетінің
мынадай ‰лгілерін ұсынар едік. Ол оқу ‰рді-
сінің болашақ қызмет аясында жиі кездесетін
жағдаяттар ойын арқылы кірістіріледі. Осы
орайда рөлдік ұйымдастырылған ойындар
оқытуда жедел оқыту әдістеріне тән шарттар
барынша толық ж‰зеге асады.
1. Студенттердің оқу әрекетінің әр т‰р-
лілігі, жұмыс т‰рлерінің ‰демелі дамуда өз-
геріп, кезекпен ауысып тұруы.
2. Оқу ‰рдісінің элементтері студенттер-
дің өзара әрекеттері барысында іске асып,
оқу әрекетінің тұлға аралық тілдік қатынаста
ашылуы.
3. Оқу барысында қазақ тілін ‰йренуші-
лердің алдында жеке тұлғаға қатысты маңыз-
ды міндеттердің қойылуы.
Ойынның ерекше қасиеттерінің бірі – ол
оқудың эмоциялық мәнін жоғарылатады тіл
‰йренушіге қажетті барлық жағдай туады.
Студенттердің сабаққа қызығушылығын арт-
тырады. Әрине сабақта рөлдік ойындар мен
тапсырмалар дәст‰рлі әдіспен оқытуда да
қолданылатыны белгілі.
Сабақтың рөлдік ұйымдастырылуы тілдік
материалды шығармашылықпен қолдану ке-
зеңінде ғана емес, жаңа грамматиканы кіріс-
тіру кезеңінде де қажет.
Оқытушы игерілетін грамматикалық фор-
маны қатысымдылық тапсырмалар арқылы
ұсынылады. Осыны студент ойын т‰рде қа-
былдап, берілген тапсырмаларды орындау
барысында өзіне байқаусыз жаңа лексика /тер-
мин сөздерді/ мен грамматикалық материалды
да меңгереді.
Оқытушы мұқият ойланып тапсырмаларды
өзгертіп, ауыстырып отырады. Осыған байла-
нысты студент белгілі бір көлемдегі лексика
мен грамматикалық материалдарды бірнеше
рет қайталайды. Осы сабақтың берген жақсы
нәтижесі білім деңгейлеріне қарай рөлдік
этюд, ролдік ойын, дискуссия т‰рінде ұсы-
нады. Ойын т‰ріндегі қатысымдық бағыттағы
тапсырмалар ‰йренушілерді әрт‰рлі әлеумет-
тік және кәсіптік рөлдермен беттестіреді.
Сабақтағы ойындардың бірінде ойнай отырып
мемелекеттік тілді білу көпұлтты ұжымдағы
басшы беделін көтеретінін, кәсіптік – іскерлік
қатынастарды кеңейту сияқты мәселелерді
шешетініне көз жеткізеді. Қазақ тілінің қо-
ғамдағы маңызын т‰сінеді. Осылайша қазақ
тілінде кәсіптік іскерлік тілдесімге ‰йрене
отырып студент белсенді әлеуметтік тұлға
ретінде қалыптасады.
Оқу ‰рдісінің рөлдік ұйымдастырылуы
студенттер арасындағы өзара жауапкершілік
қатынас сезімін туғызады.
Студенттер шағын топпен жұмыс істейді.
Табысқа жету ‰шін ұжымдағы әрбір м‰шенің
тілдік қатынасқа құрылған ойын тапсырма-
ларын дұрыс орындалуына және ұжымның
жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне
байланысты. Сондықтан студенттер ойындағы
сыңарын с‰ріндірмеуге тырысады. Тіл ‰йре-
нушілер өзіне барынша сынай қарап, өзгеден
‰йренеді. Жоғары оқу орында оқитын сту-
денттерді мамандыққа бейімделу ‰шін қол-
данылып ж‰рген рөлдік ойынның қысқаша
сценарийін ұсынамыз. Рөлдік ойынның та-
қырыбы:
«Химия зерттеуші». Рөлдік ойында өткізу-
дің мақсаты: кәсіптік қатынас саласында өзін-
дік жұмыс дағдысын, сөйлеу дағдысы мен
біліктілігін қалыптастыру мен дамыту әр т‰р-
лі ақпарат көздерінен өз бетінше білім жинау-
ға оларды ой елегінен өткізіп, кәсіптік сала-
сында шығармашылықпен қолдана білуге,
топпен жұмыс істеуге дағдыландыру химия
саласынан зерттеуші мамандықты игерген
маман тәрбиелеу.