Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 291
құра білуге, орынды қолдануға ‰йреніп, сөздік
қорын кәсіби лексикамен толықтырады. Осы
рөлдік ойынның мақсаты – студенттің маман-
дыққа қатысты
лексиканы меңгеруге деген
ынтызарлығын ояту, тілдік қатынас жасауға
талабын ашу. Тиімділігі – ойындар ойнау ке-
зінде тілдік қатынастар ерекше маңызға ие
болады.
Нәтижесі – тіл ‰йренушілердің өз бетінше
тілді ‰йренуге септігін тигізеді, тілін дамытады.
____________
1. «Ұлағат» журналы. №5, 2005 ж
2. «Қазақ тілі және әдебиеті» журналы. №2, №4, №6,
№8, №102005 ж
3. «Казахский язык в русской школе» №5 2005 ж
Г. Нуржигитова
Эффективные методы обучения языка связанные со специальностью
В данной статье рассматриваeтся методика обучения связанная со специальностью
G. Nurzhigitova
Effective methods of teaching the language associated with the profession
This article discusses the technique of training related to the
specialty
А. М. Рахимова,
Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институты.
Алматы қаласы, rakhimova-86@mail.ru
АДАМНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ СИПАТЫ: ШЕШЕНДІК СӨЗ ӨНЕРІ
Лингвистикалық тұрғыдан алғанда
интел-
лект адам сипатын білдіретін семантикалық
өрістің жаһандық мәселелерінің құрамдас
бөлігі ретінде қарастырылады. Адам интел-
лектісін тексеру немесе интеллектуалдық си-
патының деңгейін анықтау (адамның интел-
лектісі ойлау қабілеті, білімі, әрекетіне бай-
ланысты төмен және жоғары болуы м‰мкін)
бірден бір жолы – сөйлеу әрекетін бақылау.
Адамның мәдениеті, әлеуметтік мінез-құлқы
және ойлау ж‰йесі тілден және сөйлеуден тыс
болуы м‰мкін емес. Осыған байланысты пси-
хологтар арасында
ойлау мен сөйлеу әрекет-
тері бір мағына беретін, бірдей қызмет атқа-
ратын құбылыс па деген сұрақ туындаған. Біз
Дж. Уотсонның: «менің ойымша, ойлау ‰де-
рістері тек қана сөзді дыбыс арқылы шыға-
рудың моторлық дағдылары болып табылады»
деген ойымен келісеміз. Оның айтуынша,
«ойлау – бұл жасырын сөйлеу» [1, 22]. Осы
мәселеге қатысты орыс психологтарының
сәбидің психологиясына ж‰ргізілген
зерттеу-
лерін назарға алуға болады. Мысалы, И.М.Се-
ченов бала әрқашан ойлап тұрған нәрсесін
айтып тұрады, бес жастағы баланың ойы сөз
арқылы немесе ерін мен тілдің қозғалуымен
сыбыр арқылы беріледі деген пікір келтірген
[2, 103]. Расында да солай, кейбір кезде ересек
адамдардың да ойлауы мен сөйлеуінің қатар
келуі байқалып қалады. Осылайша, ойлау мен
сөйлеудің
тығыз байланысты екені, олардың
балалық шақта айқын байқалып, адам есей-
геннен соң санасының артуына байланысты
ойлау кезінде анық сөйлеу реакциясы бол-
майды, жасырын қалыпқа т‰седі.
Тілдік қатынастың
адам санасымен бай-
ланысы туралы психолог ғалымдардың пікір-
лері көп. «Тек жақсылық (мейірімділік) ‰шін
ғана емес, сондай-ақ жамандық (зұлымдық)
‰шін де тіл бізді адам жасады. Тілсіз болсақ,
біз тура иттер мен маймылдар сияқты болатын
едік. Тіліміз барда біз адамбыз, бірде бір жа-
нуар қол жеткізе алмас қылмысқа да, қаһар-
мандыққа да, интеллектуалдық жетістікке бір-
дей қабілетті, дей тұрғанмен көбінесе санасыз
хауанның т‰сіне де енбеген ақымақтыққа бара
алатын еркек пен әйелміз» деп Олдос Хаксли
Д.Слобин мен Дж.Гриннің «Психолонгвис-
тика» кітабының алғы сөзінде жазған.
Бұл жерде біз адам ж‰йелі, сапалы сөйлей
білсе
ғана ойлы, интеллектуалдық қабілеті
жоғары болып саналады деген пікірді айтпақ
емеспіз, тек
сөйлеу (тұжырымды сөйлеу) –
Достарыңызбен бөлісу: