292 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
шендік өнері адамның ақыл-ой ж‰йесінің
даму деңгейін,
сөйлеу мәнерінің ерекшелігін,
ойын астарлап жеткізе білуін – жалпы ж‰йелі,
тартымды әрі көңілге қонымды сөз саптауын
ой-сана елегінен өткізіп айтатындығын көр-
сетеді. Шешендік өнердің даму тарихына
ғалым Г.Қосымова: «Шешендік өнерді зерт-
теген ғалымдар шешендік өнерді билер сөзі-
мен
байланыстырып, шешен-билердің ұтым-
ды, тапқыр сөздерін көркем сөз ретінде қа-
растырып келді... Халқымыздың ғұмырнама-
лық тарихында билер халықтың мұңын мұң-
дап, жоғын жоқтаушы,
ұлтты ұйыстырушы,
елінің еркіндігін қамтамасыз ететін мемле-
кеттік мәмілегер, ру-тайпалардың басын қо-
сып біріктіруші, халқының салт-дәст‰рін бе-
рік ұстанушы, бабалардың кемеңгерлік саяса-
тын
алға апарушы, кемел ойдың, ұлы дана-
лықтың қайнар көзі, ұрпақ тәрбиесін ұлы мұ-
рат еткен парасатты тәрбиеші, саңлақ өнерпаз
қызметін атқарып отырды» деп, шешендіктің
тарихын баяндау арқылы оны адамның
жо-
ғарғы санасымен байланыстыра айтады [3,
98] да шешендік сөздің 4 сапалық
белгісін
көрсетеді, олар:
шешендік сөздің мазмұнды-
лығы, сөздің дәлдігі және ойдың айқынды-
лығы, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі. Осын-
дай бөліністерді көрсете отыра, зерттеуші
«шешендік сөз ақыл-парасатқа негізделсе,
мазмұнды болады. «Ақыл», «парасат», «ес»
сөздері белгілі дәрежеде «мән», «мағына»
сөздерімен төркіндес.
Шешендік сөздің маз-
мұндылығы сөйлеушінің ақыл-ой дәрежесіне,
жан-жақты білімділігіне байланысты» [3, 98]
деген орынды тұжырым жасайды. Демек,
мәні, мағынасы құнарлы, ойға қонымды, көп-
шілік көрерменге, тыңдарманға немесе оқыр-
манға жетік әрі тоқтамды, шындыққа жана-
сымды сөз сөйлеу ‰шін
адамның интеллек-
тісінің ең бірінші қызметте екендігі дау ту-
дырмайды.
Жоғарыда атап өткендей, адам интеллек-
тісі көрсеткіштерінің бір тармағы – шешендік-
тің концептуалдануына мән берген жөн.
Концептілердің жеке-жеке жасалмайтындығы
белгілі. Б‰гінгі таңда лингвистикада концепті-
лердің арақатынасы, олардың өзара әсері өзек-
тілік танытып отыр. Осылайша, «интеллект»
концептісін зерттеу
адамды сипаттайтын се-
мантикалық өрісті көрсету сияқты мәселе-
нің құрамдас бөлігі болып отыр. Сондықтан
адамның интеллектісінің белгілеріне толық
тоқталу ‰шін алдымен жеке-жеке қарас-
тыру мақсатында адамның шешендігіне ке-
лейік.
Негізінен «шешен» ұғымын «интеллект»
макроконцептісінің
құрамына енетін базалық
концепт ретінде қарастыруға толық негіз бар.
Себебі, «шешен» сөзі, біріншіден, тілмар, тап-
қыр, екіншіден, ресми жиындарда шығып сөй-
леуші адам (оратор) деген мағынаны береді
[ҚТТС, 915] және адамның интеллектуалдық
сипатын танытатын жан-жақты т‰сініктерді
қамтиды. Мәселен, базалық концепт «шешен»
сөзі деп алсақ, тіліміздің мол сөздік қорының
арқасында оның микроконцептілерін таратып
көрсетуге м‰мкіндік бар. Оны ж‰йелі кесте
арқылы көрсетсек:
Достарыңызбен бөлісу: