30 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 сат етіп қояды. Осы бағыттағы ғалымның із-
деністері соңғы кезеңде қарқынды дамып келе
жатқан коммуникативтік синтаксис мәселеле-
рін қамтитындығын көрсетеді.
Ғалым зерттеулерінде сөйлем м‰шелерінің
теориялық мәселелері де сөз болады. Қазақ
тіл біліміндегі сөйлем м‰шелерінің зерт-
телу тарихы, тұрлаулы, тұрлаусыз м‰шелердің
жасалу жолдары, грамматикалық табиғаты,
сөйлем м‰шелерінің құрылымдық типтері
Т.Сайрамбаев еңбектері негізінде зерттелген.
Ғалым Т.Сайрамбаев «Сөйлемнің тұрлау-
лы м‰шелері» атты еңбегінде: «Баяндауышсыз
жалпы (атаулы сөйлем болмаса) сөйлем құрал-
маса керек. Баяндауыш – қай сөз табынан бол-
масын бәрібір сөйлемді тиянақтау жағынан, оны
сөйлем дәрежесіне жеткізу жағынан қандай тұл-
ғада, қай орында келуіне қарамастан басты
тұлға. Дегенмен сөйлемді тиянақтау жағынан
баяндауыш м‰ше басқа сөйлем м‰шелерінен
жеке дараланады», – деп, маңыздылығын баса
көрсетеді және баяндауыштың төмендегідей
негізгі қасиеттерін санамалап береді:
1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты
сөйлем м‰шесі екендігі;
2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақ-
тайтындығы;
3. Баяндауыш бастауыштың әр т‰рлі қа-
сиетін көрсететірдігі;
4. Баяндауыштың бастауышпен жақ, көп-
ше, жекеше т‰рде ‰йлесуі;
5. Предикативтілікті білдіруі;
6. Сөйлемнің бас м‰шесі екендігі [1:93].
Ал ғалымның тұрлаусыз м‰шелердің тео-
риялық мәселеріне арналған зерттеулерінде
сөйлемнің тұрлаусыз м‰шелерінің сипаты,
олардың жасалу жолдары тармақталады [2;3].
Т.Сайрамбаев еңбектерінде жай сөйлемнің
құрылымдық т‰рлері, олардың жасалу тәсіл-
дері, интонациялық, грамматикалық белгілері
анықталып, сол негізде қазақ тілі білімінде
жай сөйлемдердің грамматикалық бірізділігі
сақталды. Мысалы, қазақ тілінің синтаксисіне
арналған оқулығында ғалым бір ғана толым-
сыз сөйлемдердің табиғатын тану ‰шін мы-
надай анықтама береді: «Ойға қатысты м‰ше-
лері т‰гел айтылмаған олқы сөйлемдер толым-
сыз болады» [4:226-227]. Бұндай ойға қажетті
сөйлем м‰шелерінің бірі жоқ болатын сөйлем-
дер, яғни толымсыз сөйлемдер туралы т‰рлі
ыңғайдағы көзқарастар бар. Толымсыз сөй-
лемнiң «өмiр с‰руiн» контекспен және жағ-
даятпен байланыстырып, олардан тыс алғанда
сөйлемнiң мағыналық құрылымындағы то-
лымсыздықты сол контекстегi бар сөзбен то-
лықтыру арқылы немесе жағдаяттық ыңғайда
т‰сiнуге болады дейтiн пiкiрлер де кездеседi
[5:16]. Бұл қысқаша шолу қазақ тіл білімін-
де толымсыз сөйлемдердің тілдік табиғатын
тануға бағытталған сан қырлы зерттеулердің
бар екендігін көрсетеді.
Ғалым зерттеулерінде тілдегі ықшамдау,
‰немдеу заңдылықтары да сөз болады. Қазақ
тіліндегі сөйлем құрылысының ықшамдалуы-
на қатысты Т. Сайрамбаев: «… синтаксистік
экономияда да, негізінде, біріншіден, толық
сөйлемнен толымсыз сөйлемге ауысу процесі
пайда болады, екіншіден, белгілі бір сөйлем
м‰шесі қызметіндегі сөздер т‰сіп қалуы –
басты фактор, ‰шіншіден, т‰сіп қалған сөздің
қызметін басқа сөздер уақытша атқаруға тиіс
болады, төртіншіден, соңғы қызмет атқару-
шы сөздің семантикасы бұрынғыға қарағанда
қалай да молая т‰седі, бесіншіден, т‰сіп қал-
ған сөз көбіне сөйлем мағынасынан белгілі
болып тұрады, алтыншыдан, ондай экономия-
ға т‰сетін сөз таптары көбіне зат есімдер, ал
зат есім орнына жұмсалатын сөз таптарының
көбіне бұрын анықтауыш қызметінде жұмса-
луға тиісті сын есімдер, сан есімдер, есімше
және кейде кейбір көмекші сөздер т‰йдекті
тіркестер құрамында ғана жұмсалады…», -
деп көрсеткен [6:135-136]. Сөйлемнің нақты коммуникативтік бірлік
(айтылым) ретінде қолданылуы сөйлемнің қо-
ғамдағы негізгі қызметтерінің бірін құрайды.
Ол синтаксистік ж‰йеде екі жағынан, сөйлем
және айтылым арасынан көрінеді. Сөйлемді
қатысымдық құрылым (коммуникативтік ас-
пект) тұрғысынан зерттеу дегеніміз, сөйлемді
адамдардың пікір алмасуы кезінде пайдала-
нылатын құрал ретінде қолданғанда болатын
логикалық байланыстар ыңғайында зерттеу
болып шығады. Сөйлемнің шегі мен айтылым-
ның шекарасы бір-біріне тура келмеуі м‰мкін.
Біртұтас грамматикалық құрылым хабарлау-
дың бөлек қатары болып бөлшектенуі м‰мкін,
бұндай көрініс лингвистикада «парцелляция»
деп аталады. Парцелляция – стильдік-экспрес-
сивтік мақсатта сөйлемді ерекше интонация
арқылы әдейі жеке бөлшектерге, фразаларға
бөліп айту [7:247]. Орыс тіл білімінде жеке-
леген зерттеулерде бұл құбылысқа қатысты
жалпылама т‰сінік берілгенімен, арнайы зерт-
теу нысаны болмағаны белгілі. Қазақ тіл білі-
мінде «парцелляция» құбылысының табиғаты-