Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 31 на Т.Сайрамбаев зерттеулерінде кеңінен т‰сі-
нік берілген. Парцелляция жеке сөзді, сөз тір-
кесті, сөйлемді болып, өзі қатысты сөйлемнің,
біріншіден, айрылмас бір бөлшегі іспеттес,
екіншіден, мағыналық жағынан тиянақтаушы,
‰шіншіден, сөйлемнің өн бойына, не жеке бір
м‰шесіне қатыстылығы, төртіншіден, өзіне
қатысты сөздермен әдеттегі айқындауыштар
сияқты тұлғалық жағынан кейде ұқсас, кейде
ұқсас еместігімен де ерекшеленеді. Бұған
қарағанда, ондай синтаксистік топтар қалайда
өзі қатысты сөйлемнің ажырамас бір бөлігі,
айқындауышы тәрізді, олар өз алдына жеке
қолданылмайды, алдыңғы сөйлемнен бөліне
алмайтын синтаксистік қосалқы топтар. Олар-
дың ‰ш т‰рлі тұлғада жұмсалатынын тілдік
деректер дәлелдейді. Сондықтан парцелляция
сөз тіркесі, сөйлем м‰шесі және сөйлемдік
жағынан топтастырылады. Қазіргі әдеби тілі-
міздің материалдарына қарағанда, парцел-
ляция мәселесі тілімізге толық енді деп айта
аламыз [8:229-230].
Профессор Т.Сайрамбаевтың зерттеулері
қазақ тіл білімінің б‰гінгі дамуы мен оның
өзекті мәселелерін шешуде ғылыми-теория-
лық құндылығын жоймайды. Біз жоғарыда
ғалым зерттеулеріне арқау болған қазақ тілі
синтаксисінің кейбір мәселелеріне ғана тоқ-
талдық. Әрине, бір мақала деңгейінде ғалым
зерттеулерінің нәтижелері туралы толық-
қанды талдау жасау м‰мкін емес. Ғалымның
еңбектері қазақ тілі синтаксисінің теориялық
бағыт-бағдарын анықтауда бағдарламалық
мәні бар, қазіргі синтаксистің өзекті мәселе-
лерін шешуде баға жетпес мұра. Ендеше, ға-
лымның қазақ тілі синтаксисінің қалыптасуы-
на сіңірген еңбегінің мәнін ашу, ғылымдағы
ұстанымдарын айқындап, жалпы тіл білімінде,
соның ішінде қазақ тіл білімінде қалыптасқан
теориялық тұжырымдармен салыстыра зерт-
теу, сөйтіп, ғалым мұрасына лайықты баға
беру болашақтың еншісі.
_____________
1. Сайрамбаев Т. Сөйлемнiң тұрлаулы м‰шелерi. – Ал-
маты: Қазақ университеті, 1991. – 168 б.
2. Сайрамбаев Т. Есім пысықтауыш. – Алматы: Санат,
1976. – 48 б.
3. Сайрамбаев Т., Өмірбекова Р. Анықтауыш, оның
кейбір жасалу жолдары. – Алматы: Республикалық баспа
кабинеті, 1995. – 41 б.
4. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –
Алматы: Санат, 1997. – 286 б.
5. Ардентов Б.П. Номинативные предложения в совре-
менном русском языке. – Кишинев, 1959. – 211 с.
6. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтак-
сисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 186 б.
7. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің т‰сіндірме сөз-
дігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 440 б.
8. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Ал-
маты: Санат, 2003. – 240 б.