Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет52/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   446
44 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
дикативтіктің мағынасы мен қызметі сөйлем 
мазмұнын шындық болмысқа теңестіру болып 
танылады. Бұл предикативтіліктің ажырамас 
қасиеттері – модальділік, шақтылық, жақ-
тылық тәрізді синтаксистік категориялары 
арқылы іске асады; екіншісі – сөйлемді құрау-
шы бөліктер (компонент) арасындағы арнайы 
қатынас.
Модальділік объективті және субъективті 
болып екіге бөлінеді. Объективті модальділік 
– сөйлемдегі хабарламаның (сообщение) шын-
дық болмысқа қатысы. Бұл екі тұрғыда көрі-
неді: біріншісі – реалды іс-әрекет, қимыл-
қозғалыс, оның ‰ш шақта (осы, келер, өткен) 
өтуі; екіншісі – реалды емес іс-әрекет, қимыл-
қозғалыс, яғни, бұйрық, қалау, тілек, қажет-
тілік тәрізді хабарлама т.б. Реалды модальді-
лік ашық райдың ‰ш шағында көрінеді. Мы-
салы: Қарашоқыдағы қыстауға келген соң 
Абай ең әуелі әкесіне бармай, К‰нкенің ‰йіне 
кірді. Мұнда Абайдың ең жақсы көретін 
туысқаны – Құдайберді көптен бері науқас 
болатын. Алдымен соған амандасып, жайын 
білмек. Құдайберді биік төсек ‰стінде жө-
теліп жатыр екен т.б. (М.Әуезов). 
Қазақ тілінде предикаттық қатынас екі 
т‰рлі жолмен айқындалады: бірінші, компо-
нентте екі негізгі м‰шенің бастауыш пен 
баяндауыштың қатар айтылуы арқылы, екін-
ші, баяндауыштың тек жіктік формасы ар-
қылы. Мұның алғашқысын предикаттық қаты-
настың аналитикалық немесе аналитика-син-
тетикалық тәсіл арқылы көрінуі де, соңғысын 
синтетикалық тәсіл арқылы көріну дейміз. 
Мысалы: Сендер тәлтіректеп белестен асып 
кеткенше, мен көз алмай қараумен болып едім 
(Б.Майлин). Ақырында осы отырған жұрт 
Нілді мен Қарағандыны мына Боздақ пен 
Байжандікі деп тапты да, өзгеміз соған қол 
көтеріп шықтық (Ғ.М‰сірепов). 
Мысалдың бірінші сөйлеміндегі бағының-
қы компонент баяндауышы болып тұрған 
«асып кеткенше» деген к‰рделі сөз ешбір жақ-
қа тәуелді емес, жеке алғанда оның бойында 
баяндауыштық қасиет те жоқ. Оны баян-
дауыштық дәрежеде көрсетіп, белгілі бір 
жақтық мән беріп тұрған – «сендер» деген 
бастауыш. Егер ол болмаса, тіркесте сөйлем-
дік қасиет, яғни предикаттық қатынас пайда 
болмайды. Предикаттық қатынастың бұл 
көрінісі – аналитикалық тәсіл көріну деп ата-
лады. Ал мысалдың соңғы сөйлемінде де 
предикаттық қатынас әр компонент баян-
дауыштардың (Боздақ пен Байжандікі деп 
тапты, қол көтеріп шықтық) формасы ар-
қылы да, олардың әр қайсысының дербес 
айтылған бастауыштары арқылы да (жұрт, 
өзгеміз) берілген. Бұл тәсіл предикаттық қа-
тынастың екі жақты, яғни аналитикалық-
синтетикалық жолмен көрінуі делінеді. Осы 
арада предикаттық қасиеттің көрсеткіші са-
налатын жақ категориясы жөнінде де айтып 
кетсек болады. Ол ‰шін жақ категоиясының 
бірден-бір құрылымы етістік болатындығын 
ескерген Т.Сайрамбаевтың осы мәселенің 
төңірегінде айтылған пікірі негіз болуға әбден 
лайық. Ол «синтаксистік жақ категориясы – 
айтушы, тыңдаушы және ІІІ бір жақта айты-
лады да, ол көрсеткіш етістік арқылы көрінеді. 
Етістіктің жақ категоиясы отыр, тұр, ж‰р, 
жатыр етістіктеріне тікелей жалғанады да, ал 
басқа етістіктерге т‰рлі қосымшалардан соң 
жалғана келе, етістік баяндауыштың қай жақ-
та тұрғандығын көрсетіп, әрі сол көрсеткіші 
арқылы бастауыш та белгілі болады. Мұның 
өзі баяндауыштағы жақтық көрсеткіші ар-
қылы бастауыштың қай жақта тұрғандығы 
мен етістіктің де сол жақта тұруы бір-бірімен 
ұштасып, екі жақты байланысқа т‰седі де, 
бірін-бірі толықтырады. Бастауыш та, баян-
дауыш та екі жақты баяндауыштың бірінде 
баяндауыш арқылы көрінсе, бастауышта кө-
біне есімдіктер арқылы көрінеді. 
Сөйлемнің ең негізгі қаңқасы предикат-
тылық десек, одан кейінгі мәселе - сол сөйлем 
арқылы адамның қуану, шаттану, еркелету, 
шошу, ашу-ыза, к‰діктену, к‰шейту, әсерлеу, 
құптау, құптамау, жақтырмау, сену, м‰мкін-
дік, керектілік, болжалдық, т.б. қасиеттері, 
яғни, олардың семантикалық белгілерін ай-
қындау – екінші орындағы мәселе. Ал сөйлем-
нің бойындағы мұндай қасиеттердің барлығы 
да модальділік белгісі арқылы беріледі де, 
олардың негізгі көрсеткіштері рай категория-
сы, модаль сөздер мен демеулер және инто-
нация болуы тиіс. Бұл Т.Сайрамбаевтың сөй-
лемге тән тағы бір қасиет модальділікке бай-
ланысты айтылған пікірі. Яғни, модальділік 
категория сөз иесінің беріліп отырған хабарға 
өзіндік көзқарасын байқатады. Ол өзінің 
мағынасы арқылы сөйлемнің айтылу мақ-
сатын, сазын білдіреді. Модальділіктің сипа-
тына қарай сөйлемдер хабарлы (Оқу бас-
талды), бұйрықты (Ертең ерте кел), сұраулы 
(Мынау кімнің кітабы?), лепті (Қандай та-
маша! Көрінбе көзіме!) боп бөлінетіндігі бел-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет