Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет70/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   446
56 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
дай-ақ, құбылыстың қарапайым байланысын 
да білдіреді, мұнда тіл адам ойлауының да-
муындағы санмен тікелей байланыстылығы 
көрінеді. Квантор сөздердің семантикасы мен 
прагматикасы арнайы зерттеуді керек етеді 
деп ойлаймыз. Квантор сөздердің семантика-
лық, прагматикалық ерекшелігін жан - жақты 
талдауға арналған лингвистикалық жұмыстар 
көп емес. Есептік те – сапа сияқты ойлау ка-
тегориясында көрінетін тұрмыс сипаттарының 
бірі. Есептеудің ойлау категориясы – бір жа-
ғынан дискретті ‰здіксіз есептеу болып көрі-
нетін, екінші жағынан дискретті емес ‰здіксіз 
есептеу болып көрінетін тұрмыстың есептік 
анықтамасының нәтижесі. Біріншісі есептеу 
арқылы анықталады, екіншісі өлшем арқылы 
анықталады. Есептеудің осы ойлау категория-
сына сәйкес сан мен өлшем анықталады. Қа-
зіргі қазақ тілінде есептік қатынас құралдары-
ның дамыған ж‰йесі бар, ‰ш мағыналық топқа 
бөлуге болады: 1) нақты есептік мағына: а) сан 
есімдер арқылы беріледі; б) көптік мағынаны, 
жекелік мағынаны, жұп мағынаны білдіретін 
сөздер, 2) квантор сөздер (бәрі, барлығы, әр-
бірі, т.б.) арқылы берілетін нақты есептік 
мағына; 3) морфемалар (- лар – лер; -тар – тер; 
-дар – дер) арқылы жасалатын абстрактілік 
есептеу мағыналы сөздер. 
Сан категориясының тілдік көрінісі ұсы-
нылған топтауда көрініп тұрғандай өзінің 
мағынасы жағынан бірыңғай емес, көптік 
ұғымның белгілі де, белгісіз де компонент-
терін қамтиды. Қазақ тілі есептік мағынаны 
білдіретін лексикалық, грамматикалық құрал-
дарға бай, біздің байқауымызша бұл сипатты
бірқатар сөз табы әр т‰рлі деңгейде білдіре 
алады: сан есім, зат есім, есімдік, сын есім, 
‰стеу, етістік. Белгілі көптік мағынаны 
1) зат есім (жұп, егіз, дует, трио, квартет, 
онк‰ндік) сөздері білдіре алады; 
2) сын есім (бойдақ, жалғыз, жұп – жұбы-
мен, сыңар); жалғызға қатысты сөз тіркестері: 
жалғыз бала; жалғыз ағаш; 
жалғыз - ақ; жалғыз қалу; 
жалғыз аяқ жол, жалғыз ауыз сөз;
жалғыз басты адам; жалғызбастылық; 
жалғыз ғана; жалғыздан - жалғыз; жападан 
жалғыз; жапандағы жалғыз ‰й, 
жалғыздық,жалғыз - жалғыздан; жалғыз - 
жалқы; жалғыз - жарым; жалғызсырау, жал-
ғызілік; жалғызіліктілік; жар дегенде жалғы-
зым. 
3) есімдік (әрбір, кейбір); 
4) ‰стеу (бір рет, екі рет, ‰ш рет) білдіре 
алады. 
Белгісіз көптік мағына лексикалық та, грам-
матикалық та құралдармен беріледі. Мына 
лексикалардың мағынасы (отбасы, ұжым, то-
быр) белгісіз көптікті білдіріп тұр. Бұл тұр-
ғыда «жалпы», «жеке» деген философиялық 
ұғым да байланысты. 
Сан ұғымы, есептік сипаттама басқа да тіл-
дік құралдар арқылы берілетіні мысалдар 
арқылы байқалып тұр. Олар сандық ұымды 
білдіретін өріске топтастырылған. 
Сан өрісінің орталық және перифериялық 
өрісін сипаттайық. Бұл өрісте екі орталық бар: 
1) сөздердің лексика – грамматикалық 
топтары – сан есімдер; 
2) басқа сөз таптарындағы сан ұғымына 
қатысты құрылымдар. 
Құрылымдық деңгейде бәріміз сан есім 
т‰рлерін оқытып ж‰рміз, алайда есептік си-
паттаманы білдіретін басқа синтаксистік құ-
рылымдарға назар аудармай немесе бір өріске 
жинақтамай келеміз, Осы категория да се-
мантикалық жағынан бір блокқа топтастырыл-
май, шашыраңқы тұрғыда оқытылып келеді. 
Сандық ұғымды білдіретін лексикалық, грам-
матикалық амалдардың айырмашылығын ашып 
жазу керек. Сан есімдер аты айтып тұрғандай 
сан, есеп идеясын білдіреді. Ал грамматика-
лық сан жалғау, жұрнақтың негіздің өзгеруі 
арқылы беріледі. 
Лексика – грамматикалық құралдардың пе-
рифериясын 
 
сан мағыналы есімдіктер (қаншама, сон-
шама, мұнша, сонша, әлденеше), жалпылау 
есімдіктері: бәрі, барлық, бар-ша, бар ( бар 
адам); лексемалары көптік мағына білдіріп 
тұрғаны белгілі. 
 
белгісіздік есімдігі: біреу, кейбіреу, бір-
неше,
 
көп, аз ұғымына қатысты сөздер. 
 
жарым - жартылай, бірді – екілі, бол-
машы бірдеңе сияқты сөздер; 
 
сан есіміне жасалған әр т‰рлі сөз табын-
дағы сөздер (екілік, екі еселеу, екеуміз, екін-
шіден, 
 
өлшемді білдіретін сөздер - единицы из-
мерения (метр, литр, тонна, минут; 
 
зат есіммен, сын есіммен тіркесе оты-
рып, белгісіз ‰лкен затты, немесе кіші затты 
білдіретін сөздер (таудай талап, бармақтай 
бақ; теңіздегі тамшыдай, т‰ймедей ой т. б.) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет