Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет78/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   446
 
 
Н. С. Алдашова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ізденушісі 
 
ЕР МЕН ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНА ҚАТЫСТЫ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢЕУЛЕР 
 
 
Ер мен әйел бейнесін көркемдеген теңеу-
лерді іріктеп, ж‰йелеп, гендерлік мәнін ашып 
көрсетуге болады, ол ‰шін «қазақ тілінің тұ-
рақты теңеулер сөздігі» материалын пайда-
ландық. [1. 319б] 
Теңеу категориясы – б‰кіл бейнелеу көр-
кемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең 
пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да 
өз бастауын осы теңеуден алады. Сондықтан 
болса керек белгілі бір ұлттың әдебиеттің бей-
нелеу, көркемдік ж‰йесі, оның көркем ой-
лауының ұлттық ерекшелігі б‰кіл бедерімен
к‰лкі бояуымен теңеу категориясынан анық 
айқын көрініп тұрады. [2. 3 б.]
Соның ішінде ерекше елеулісі – ер мен 
әйел образына қатысты гендерлік теңеулер.
Тіліміздегі гендерлік теңеулердің басым 
көпшілігі әйел бейнесін сұлулық ұғымымен, 
ер адам бейнесін ‰лкендік, ірілік ұғымымен 
байланыстыра сипаттап дараландырған. Те-
ңеулерге образ болып қолданылып, әйел, ер 
бейнелерімен ассоциацияланатын халық ұғы-
мындағы бейнелілік негізі – табиғат құбылыс-
тары, төрт-т‰лік, аңдар мен құстар, өсімдік- 
тер, аспан шырақтары, шаруашылық тұрмыс, 
кәсіпке байланысты атаулар т.б. болса, осы-
лардың әрқайсысы жыныс өкілдерінің ген-
дерлік болмысын ажыратып суреттеуде өз 


62 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
ішінен іріктеліп келіп, сан т‰рлі стильдік реңк 
алған. Айталық, нардай атандай, өгіздей об-
раздары тек ер адамға ғана қолданылса, сиыр-
дай сөзі тек әйел адамға ғана тән. Мысалы,
сонадай жерде қара нардай қаңқайып Игілік 
кетіп барады. (Ғ. М‰сірепов); сиырдай қы-
зыңды неге жұмсамайсың? (Ө. Қанахин.) бұл 
теңеулердің мағыналары бір–біріне жақын 
болғанымен, стилдік реңктері, эмоциялық 
бояулары әр т‰рлі. Халқымыздың сан ғасыр
мал өсіру кәсібімен айналысуы ер мен әйелге 
қатысты көркем образдар тудыруға т‰рткі 
болды. Атап айтқанда, ерге қатысты гендер-
лік теңеулер: атан өгіздей, ерттеулі аттай, таң 
асырған тұлпардай т.б. образдарымен келсе, 
әйелге қатысты гендерлік теңеулер: бес бие-
нің сабасындай, ботадай, ту биедей бұлықсу, 
сиырдай, жетім лақтай, т.б. т‰рінде келген.
Мысал келтірейік: Таң асырған тұлпардай
тұр қалшиып жалғыз жігіт. (Қ. Аманжолов)
Өгіздей дөңкиген қара жөн Дондағұл мынау 
екі балуан грузчикті қатар соққысына төзе 
алмады. (М.Ә); Ботадай нәзік, с‰йкімді екені 
анадайдан байқалып тұр. (Ғ.Мұстафин)
Қазақ баласының с‰йегіне сіңісті салт-
дәст‰рінің бірі – аңшылық, саятшылық, құс-
бегілік өнер. Әуелде қыран құс атып, аң ау-
лау, тіршілік етудің к‰н көрудің қамы болса, 
кейін келе сауық сайранға ұласып көркем 
өнер ретінде дамыған. Осыған байланысты ті-
ліміздегі гендерлік теңеулердің бірқатары аң-
дар мен құстардың табиғи ерекшелігіне, қи-
мыл әрекеттеріне негізделген. Олар: қырдың
қызыл т‰лкісіндей, бұлғындай бұраң бел, 
ағашқа өрмелеген ақ тиіндей, с‰йріктей сұлу, 
тоты құстай сылану, ‰кідей желкілдеу, ай-
дындағы аққудай деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет