Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет93/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 75 
лекеттік құрылымды нығайту, өз ‰стемдік-
терін орнықтыру мақсатында қатардағы көш-
пелілерге ‰гіт-насихат ж‰ргізу ‰шін туындауы 
м‰мкін [4: 285 б.]. Көне т‰ркілер д‰ниета-
нымында терең орныққан Құт киесін олардың 
арғы ата-бабаларынан келе жатқан, мифоло-
гиялық жад арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауыс-
қан архаикалық т‰сінік деп танығанымыз дұ-
рыс. Орхон ескерткіштері мәтіндеріндерінде 
қолданылған құт лексемасының мазмұны да 
Құт ұғымының қолдан жасалған кие емес 
т‰ркілік этноболмысты танытатын халықпен 
бірге жасасып келе жатқан лингвомифология-
лық бірлік екенін көрсетеді. Мысалы: К‰л-
тегін ескерткішіндегі Bodunyγ igidejin tijin 
jyrγaru oγuz bodun tapa, ilgerь qytaj, tataby 
bodun tapa birigerь tabγač tapa eki jigirmi 
[sьledim], sьŋьsdim. Anda kisre teŋri jarylqaduq 
ьčьn quutym, ьlьgim bar ьčьn цlteči bodunyγ 
tirigru igit(t)im. Jalaŋ bodunyγ tonluγ qyldym. 
Čyγaj bodunyγ baj qyldym. «Халықты көтерейін 
деп терістікте оғыз халқына, ілгері қытан, 
татабы халықтарына қарсы, берігері табғачқа 
қарсы‰лкен әскермен он екі рет соғыстым. 
Содан кейін Тәңірі жарылқады, бағым (құ-
тым) бағым бар ‰шін, ‰лесім бар ‰шін, өл-
меші халықты тірілте көтердім. Жалаңаш 
халықты тонды, жарлы халықты бай қыл-
дым» (КТ‰,28,29) [6: 177 б.] мәнмәтіні бойын-
ша Тәңірі риза болғанда ғана құт адамдармен 
бірге болатынын, құт бірге болса барлық 
қиындықты жеңуге болатынын байқасақ, Біл-
геқаған ескерткішіндегі мына сөйлемдер ар-
қылы Al[p qaγanyŋa j]aŋyldy. Ьze teŋri yduq jer 
sub [ečim qaγan quuty taplamady erinč.Toquz 
oγuz bodun jerin, subyn ydyp tabγačγaru bardu. 
Tabγač [...]bu jerde kelti. Igidejin tijin saq 
[yndym...] bodun ...« [бәрін де] жасайды
. Алып
қаған да жаңылды /қателесті/. Жоғарыда Тә-
ңірі, киелі Жер-су Ағам-қағанның құтын қол-
дамады. Тоғыз-оғуз халқы жерін - суын тастап 
табғачқа барды. Табғач[...] бұл жерге келді. 
[Бір] игілік істейін деп ойладым... халық...» 
(БҚ) [7: 193,206 бб.] Тәңірі қолдамаса құттың 
да көмегі болмайтынын аңғарамыз. Сондай-ақ 
ескерткіштер тілі деректері бойынша т‰ркілер 
батыр, ақылды ұлды д‰ниеге әкелетін ана-
ларға да Құт қонады деген сенімнің де қа-
лыптасқанын көреміз. Мысалы, On jaљta Umaj 
teg цgim qatun qutпņa, inim Kьltegin er at boltп 
«Он жаста Ұмай тектес шешем қатынның 
бағына (құтына) інім К‰лтегін ер атанды» 
(КТ‰, 31) [6: 177 б.]
Қазақ тіліндегі Құтты қонақ келсе қой егіз
табады тәрізді
мақалдардан, құтты жеріне 
қондырды, құт қонды, құт дарыды, құты 
кетті, құты қашты, құтты мекен, құтты 
болды, құты шайқалды т.б. тұрақты тіркес-
терден қазақтар д‰ниетанымында Құт киесі-
нің терең орныққанын көреміз. «Құтты бол-
сын айту» салты да қазақ д‰ниетанымы көне-
т‰ркілердің мифологиялық д‰ниетанымының 
белгілерін молынан сақтап, оны әрі қарай же-
тілдіріп рухани-мәдени құндылыққа айнал-
дырғанының көрнісі. 
Көне т‰ркілердің Тәңірлік д‰ниетанымы 
аясына кіретін Ұмай, Құт ұғымдары халық-
тың сан ғасырлық тәжірибесі мен таным-т‰-
сінігі арқылы қалыптасып, қазіргі т‰ркілерге 
дейін жеткен лингвомифологиялық бірліктер. 
Т‰ркі халықтары д‰ниетанымының архисана-
лық кезеңінен бастау алатын Ұмай, Құт
киелері жалпыт‰ркілік сана арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келе жатқан, белгілі бір 
дәрежеде халықты адамгершілікке, тазалыққа, 
әдептілікке тәрбиелеу құралына айналған 
архаикалық құндылықтар ж‰йесіне жатады. 
Тілдік деректер көне т‰ркілердің Ұмай мен 
Құтты ешқашан да Тәңірмен теңестірмегенін 
көрсетеді. 
‡ІІ-ІХ ғасырларда жазылған ескерткіштер 
тілі көне т‰ркілердің діни-мифологиялық д‰-
ниетанымын көрсететін Тәңірлік идеясы не-
гізгі төрт бағытты қамтығанын аңғартады. Бі-
рінші – Жалғыз жаратқан Ие – Тәңірге тағзым 
ету; екінші - мәңгі өзгермейтін әлем, Тәңір 
мекені – Көкті киелі санау; ‰шінші – тіршілік-
тің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп отырған, 
адам мекені – Жер-суды киелі санау; төртінші 
ата-баба рухын қаділеу, аруаққа сыйыну. 
______________ 
1. Орынбеков М. Ежелгі қазақтардың д‰ниетанымы.-
Алматы: Ғылым, 1996. -168 б.
2. Кондыбай С. Казахская мифология. –Алматы: Нұр-
лы әлем, 2005.-272 с. 
3. Длужневская Г. В. Еще раз о «Кудыргинском ва-
луне» (к вопросу об иконографии Умай у древних тюрков) 
// Тюркологический сборник, 1974. –Москва, 1978. –С. 231. 
4. Потапов Л. П. Умай – божество древних тюрков // 
Тюркологический сборник, 1972. –Москва: Наука, 1973. –
С. 285.
5. Кляшторный С.Г. Мифологические сюжеты в древ-
нетюркских памятниках // Тюркологический сборник. –
Москва: Наука, 1981. С. 131-132. 
6. Айдаров Ғ. К‰лтегін ескерткіші. –Алматы: Ана тілі, 
1995. -232 б. 
7. Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткішінің (‡ІІІ ғасыр) тілі.-
Алматы: Қазақстан, 2000. -120 б. 
8. Ескеева М.Қ. Көне т‰ркі және қазіргі қыпшақ 
тілдерінің моносиллабтық негізі. -Алматы: Арыс, 2007. -
360 б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет